Грекияда өткен халықаралық STEM байқауында ауыл оқушылары жүлдегер болды

📍 Грекияның Софикон қаласында өткен FIRST LEGO League Challenge халықаралық чемпионатында Түркістан облысының Қазығұрт ауданынан барған ауыл оқушыларының құрама командасы екі бірдей номинация бойынша қола жүлдеге ие болды.

⚡️ STEM бағыты бойынша өткен турнирге АҚШ, Бразилия, Жапония, Австралия, Германия сынды 50-ден астам елден оқушылар қатысқан.

🚀 Нәтижесінде Қазығұрт ауданының командасы Robot Design Award және Alliance Cup санаттары бойынша да қос бірдей 3-орынға ие болды. Команда құрамында: Сайлау Нұрасыл, Нұралы Даянхан, Ділдәбек Аружан, Камал Асылжан, Ақжол Нұрасыл, Асқарова Несібелі, Давронбек Гүлмира, Тайбек Балым, Елтай Өміржан бар.

🧑🏻‍🏫 Команданың жетекшілері — информатика пәнінің мұғалімдері Оразхан Бексұлтан, Устенов Нұрсұлтан, Тастан Ербол, Шералы Әлібек.

👏🏻 Қазығұрт командасын жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!