Қазақстан құрамасы Ташкентте өтетін халықаралық Аль-Хорезми олимпиадасына қатысады

🇺🇿2025 жылғы 7-13 мамыр аралығында Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласында математика және информатика пәндері бойынша III халықаралық Аль-Хорезми олимпиадасы өтеді. Олимпиадаға 9 мемлекеттен 205 оқушы қатысуда.

Олимпиада 2023 жылдан бері Өзбекстан Республикасының Мектепке дейінгі және мектептегі білім министрлігінің бастамасымен өткізіліп келеді. Байқаудың басты мақсаты – дарынды оқушыларды қолдау және олардың математика мен информатика салаларындағы білімдерін халықаралық деңгейде көрсетуіне мүмкіндік беру.

2025 жылғы олимпиаданың басты ерекшелігі – жарыс бағдарламасына алғаш рет информатика пәнінің енгізілуі. Бұл жаңашылдық оқушылардың ақпараттық технологиялар саласындағы қабілетін де бағалауға жол ашады.

Қазақстан командасының құрамы:

Математика пәні бойынша:

💎 Мұрат Мейірбек – Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы;

💎Джубатыров Медеу – Маңғыстау облыстық БИЛ 8-сынып оқушысы;

💎 Айдайбек Абдурахман – Жамбыл облыстық БИЛ 9-сынып оқушысы;

💎 Дүйсенғали Нұрислам – Алматы қаласындағы РФММ 9-сынып оқушысы.

Информатика пәні бойынша:

💎 Амангелді Алдияр – Шығыс Қазақстан облыстық БИЛ 9-сынып оқушысы;

💎 Мендеке Әли – Абай облыстық БИЛ 9-сынып оқушысы.

Құрама жетекшілері:

💎 Ибрагим Жоржевич Ибатулин – PhysTech School Almaty мектебінің математика пәні мұғалімі;

💎 Жамбыл Максотов – республикалық және халықаралық информатика олимпиадаларының жүлдегері.

✨Қазақстандық оқушыларға сәттілік тілейміз!