2025 жылғы 10-17 мамыр аралығында қазақстандық оқушылар Ресейдің Сочи қаласындағы «Сириус» білім беру орталығы базасында өтетін Ашық халықаралық биология олимпиадасына (Open International Biology Olympiad, OIBO) қатысуда. 14 мемлекеттің жас биологтары үш турдан тұратын (теориялық, практикалық (жеке) және жобалық (топтық)) тапсырмаларды орындайды.
Қазақстан құрамасына алты оқушы енді:
• Ержанұлы Батыр – Шығыс Қазақстан облысындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы;
• Қайркен Ерсұлтан – Павлодар облысындағы Білім-инновация лицейінің 10-сынып оқушысы;
• Аширханов Алихан – Алматы қаласындағы Білім-инновация лицейінің 8-сынып оқушысы;
• Титков Дмитрий – Павлодар облысындағы дарынды балаларға арналған №3 гимназияның 10-сынып оқушысы;
• Саматұлы Алимұхаммед – Павлодар облысындағы Білім-инновация лицейінің 9-сынып оқушысы;
• Менгулов Егор – Ақмола облысы, Көкшетау қаласындағы №8 орта мектептің 10-сынып оқушысы.
Құрама команда жетекшісі: Айгүл Әкімгерейқызы Каркулова – «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары.
OIBO – оқушыларды заманауи биологиялық және биотехнологиялық мәселелерді шешуге және зерттеуге тартуға, өнеркәсіптік серіктестермен өзара жұмыс жасауға, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және тәжірибе алмасуға бағытталған халықаралық олимпиада.
Айта кетейік, олимпиадаға қатысудың алдында Қазақстан командасы «Сириус» білім беру орталығының шақыруымен биология пәні бойынша он күндік халықаралық оқу-жаттығу жиындарынан өткен болатын.