Бала үні – болашақтың үні – Нұргүл Егенбергенова

«Қазақстан балалары» онкүндігі аясындағы «Бала үні» күніне орай, біз республикалық және халықаралық олимпиадаларда үздік нәтиже көрсеткен оқушылардың жетістікке жету жолымен бөлісуді жалғастырамыз.

👩🏻‍🔬🧠Кезекті кейіпкеріміз – Астана қаласындағы халықаралық «NurOrda» мектебінің 10-сынып оқушысы Нұргүл Егенбергенова. Ол – республикалық және халықаралық зияткерлік білім сайыстарының бірнеше дүркін жеңімпазы. Биыл Сауд Арабиясында өткен физикадан Азия олимпиадасында Нұргүл еліміздің намысын қорғап, 30 елдің қатысушылары арасынан ең үздік қыз-қатысушы атанып, «Best Female» атағын жеңіп алды.

🤝🏻Нұргүлге тәжірибесімен бөліскені үшін алғыс білдіреміз. Жарқын болашағына, ел үмітін ақтар парасатты тұлға боларына кәміл сенеміз!

📌 Анықтама ретінде: физикадан Азия олимпиадасы – теориялық және эксперименттік күрделі тапсырмаларды қамтитын жоғары деңгейдегі халықаралық жарыс. 2024 жылы қазақстандық оқушылар бір күміс, бес қола медаль және бір мадақтама алған болатын. Ал 2025 жылы команда толық құрамда – төрт күміс және төрт қола жүлде алып, айтарлықтай көрсеткішке қол жеткізді.