Республикалық «Мағжан оқулары» ғылыми-шығармашылық байқауында 19 жеңімпаз анықталды

✍🏻Петропавл қаласында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасындағы дәстүрлі республикалық «Мағжан оқулары» ғылыми-шығармашылық байқауы өз мәресіне жетті.

👩🏻‍🎓👨🏻‍🎓24-25 маусым күндері Солтүстік Қазақстан облысында жыр дүлдүліне тағзым ретінде ұйымдастырылған бұл тағылымды шараға еліміздің әр өңірінен 55 оқушы қатысты.

🏛️Қатысушылар үшін ерекше әсер сыйлаған сәт – ақынның кіндік қаны тамған Сарытомар ауылына ұйымдастырылған экспедициялық саяхат болды. Олар Мағжан Жұмабаевтың музей-үйіне барып, ақын өмірімен, шығармашылығымен тереңірек танысты.

📗Шара аясында қатысушылардың жетекшілері мен пән мұғалімдеріне арналған шеберлік сабақтары да ұйымдастырылды.

⚖️Байқаудың әділқазылар алқасының құрамына белгілі әдебиеттанушылар, мәдениет және білім саласының кәсіби өкілдері, мағжантанушылар енді. Олар ұсынылған жұмыстарды нақты талаптар бойынша бағалап, жас өрендердің өнері мен білімін әділ саралады.

🔖Байқау үш бағыт бойынша бағаалнды:

1. «Өлең менің Шолпаным, Айым, Күнім!» (Мағжан шығармаларын жатқа оқу);

2. «Жасынан оқу оқып, өнер қуған…» (Мағжан шығармашылығын зерттеу);

3. «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» (Жас ақындар байқауы).

🥇🥈🥉🎁Қорытындысы бойынша үш номинацияда барлығы 19 жүлделі орын берілді. Сонымен қатар, облыстық ұйымдастырушылар атынан жүлделі орын иегерлеріне бағалы сыйлықтар табысталды.

🔗Байқау ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және Солтүстік Қазақстан облыстық «Қызылжар дарыны» орталығы.

Ақпараттық хат

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық-ғылыми практикалық орталығы жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында «Мағжан оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсын (бұдан әрі – Мағжан оқулары) 2024 жылдғы 23-25 маусым аралығында Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында өтетіндігін хабарлайды.

Бекітілген ережеге сәйкес Мағжан оқуларының қатысушылары білім беру ұйымдарының барлық типтері мен түрлерінің 7-11 (12) сынып оқушылары болып табылады.

Осыған орай, конкурсқа қатысу үшін басшылықпен бекітілген сұранысты а.ж. 23 мамырына дейін көрсетілген үлгі бойынша (1-қосымша) «Солтүстiк Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Қызылжар дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы» КММ-нің (бұдан әрі – «Қызылжар дарыны») darynsko@mail.ru электронды поштасына жіберу қажет.

Әр қатысушыда өзімен бірге жеке бас құжатының көшірмесі, эпидемиологиялық орта туралы анықтамасы (берілген уақыты 3 күнге жарамды болу), қызылшаға қарсы екпе құжаты болуы тиіс.

Қатысушылардың келу-кету кестесін Google кестеге толтыруды сұраймыз (сілтеме жіберіледі).

Мағжан оқуларына келу күні – 23 маусым, сағат 12:00-ден кейін, қайту күні – 25 маусым, сағат 15:00-ден кейін.

Мағжан оқуларының ресми күндері қатысушылардың жатын орны мен тамақтануы «Қызылжар дарыны» есебінен төленеді. Келу-қайту жол шығындары жіберуші тараптың есебінен қарастырылады.

Жетекшілердің іссапар шығындары (жатын орындары мен тамақтануы, келу-қайту жол билеттері) жіберуші тараптың есебінен төленеді.

Әр топта 3 оқушы (әр номинацияға – 1 оқушы) және 1 жетекші болуы тиіс.

Ескертпе: жетекшілер аймақтық «Дарын» орталықтарының әдіскер мамандары есебінен тағайындалуы тиіс.

Команда  жетекшілері қатысушылардың  Мағжан  оқулары өткізілетін жерге барар жолда, оның өту барысында және тұрғылықты жеріне қайтар жолда балалардың  өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне жауапты.

Қосымша сұрақтар бойынша  +7 705 860 58 15  / +7 700 696 35 61 / +7 705 865 86 87 байланыс телефондарына хабарласуға болады.