Қазақстандық оқушылар Халықаралық физика олимпиадасында абсолютті чемпион атанды

🗺️ Ресейдің Ханты-Мансийск қаласында Халықаралық ғылыми физика олимпиадасы (ISPhO-2025) өз мәресіне жетті. Оның нәтижесінде Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 1-орынды жеңіп алып, әлемдік көшбасшылар қатарына енді.

🇰🇿 Әлемнің 21 елінен келген қатысушылар арасында 5 жас қазақстандық елге он марапатпен оралды. Олимпиада екі негізгі кезеңнен тұрды: теориялық және эксперименттік кезеңдер. Әр қатысушы жеке есепте екі бағыт бойынша бағаланды.

Күміс медаль иегерлері:

🥈 Роман Черемнов – Алматы қаласы «Мирас» мектебінің 11-сынып оқушысы;

🥈 Таир Әбдіқадыр –Қостанай облыстық «Білім-инновация» лицейінің 10-сынып оқушысы;

🥈 Альтаир Аканов – Астана қаласындағы РФММ-нің 11-сынып оқушысы;

🥈 Илияс Қазымбек – Алматы қаласындағы РФММ-нің 10-сынып оқушысы.

🥉 Сондай-ақ қола медаль иегері – Астана қаласы «NURORDA» мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Даниэль Тюлюбаев.

Теориялық айналым нәтижелері бойынша

🥇 1-дәрежелі диплом – Роман Черемнов, Илияс Қазымбек;

🥈 2-дәрежелі диплом – Даниэль Тюлюбаев, Таир Әбдіқадыр, Альтаир Аканов.

🧑🏻‍🏫 Жетекшілері: Самат Максутов — PhD докторы, CDU доценті, Назарали Айтжанов — CDU магистрі.

💫 Жас физиктер мен олардың ұстаздардың жарқын жеңістерімен құттықтаймыз!

ISPhО-бұл теориялық және тәжірибелік (эксперименттік) айналымдарды қамтитын халықаралық ғылыми физика олимпиадасы. Теориялық айналымда барлық қатысушылар 3–5 есеп шығарады. Кей есептер компьютерлік модельдеуді қамтиды. Ал тәжірибелік (эксперименттік) айналымда зертханалық жұмыстар, деректерді талдау және өңдеу көзделген. Олимпиада тапсырмалары Физикадан Азия олимпиадасы (APHO) форматындағы деңгейде әзірленеді.

Олимпиаданың ресми жұмыс тілі-ағылшын тілі. ISPhO олимпиадасының ұйымдастырушылары  Ресей Білім министрлігі, Ханты-Манси автономды округі – Югра және Мәскеу физика-техникалық институты болып табылады.

2024 жылы Қазақстан командасы ISPhO олимпиадасында 5 медаль (2 алтын, 2 күміс, 1 қола) жеңіп алып, қатысушы 17 елдің ішінде жалпы командалық есепте 2-орынды иеленді.

2025 жылғы Халықаралық ғылыми физика олимпиадасы (ISPhO) 29 маусым мен 8 шілде аралығында Ресей Федерациясы Ханты-Мансийск қаласында өтеді

3-11 шілде аралығында Ханты-Мансийск қаласында ISPhO халықаралық ғылыми физикалық олимпиадасы өтеді.

Жарыс теориялық және эксперименттік кезеңдерден тұрады. Біріншісінде үш тапсырма бар, олардың бірі компьютерлік модельдеу және талдау элементтерін қамтиды.

Екінші кезеңде деректерді алу және өңдеу үшін компьютерді пайдалануға болатын эксперимент жүргізу керек.

Өткізу тілі — ағылшын.

ISPhO 2024 сайты