Географиядан өткен Халықаралық олимпиадада қазақстандық оқушылар тарихи жетістікке қол жеткізді

Оқушыларға арналған ең беделді халықаралық пәндік олимпиадалар — IChO, IMO, IPhO, IBO, IGeO, IOL, IOI — өз жалғасын табуда. Бүгін Таиландта өткен география пәні бойынша IGeO–2025 халықаралық олимпиадасы өз мәресіне жетті.

Үш кезең бойынша есептелген қорытынды нәтижеге сәйкес, Қазақстан құрамасы ел тарихындағы ең үздік көрсеткішке қол жеткізді. Біздің оқушылар екі алтын және екі күміс медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте 2-орынға тұрақтады.

🥇 Алтын – Талғат Байбусынов, Қарағанды облысындағы НЗМ, 12-сынып

🥇Алтын – Андрей Енбахтов, Қостанай облысындағы НЗМ, 10-сынып

🥈 Күміс – Болат Ақжол, Жетісу облысындағы НЗМ, 12-сынып

🥈 Күміс – Әлихан Қалмағамбетов, Ақтөбе облысындағы НЗМ, 12-сынып

🔔 Олимпиаданың барлық кезеңіне құраманы дайындауды Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы ұйымдастырды. Команда жетекшілері: Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың 2-курс студенті Рустам Валеев және халықаралық, республикалық олимпиадалардың жеңімпазы Абай Дүйсен.