«Өткеннен болашаққа: Тарихты жасанды интеллект арқылы зерттеу»тақырыбында  республикалық  семинарды  өткізу туралы ақпараттық хат

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығы «Жетісу дарыны» облыстық дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп  2025 жылдың 29-30 қазан аралығында Талдықорған қаласы  №27 орта мектеп гимназиясы (Алимжанова 20) базасында білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Өткеннен болашаққа: Тарихты жасанды интеллект арқылы зерттеу»тақырыбында республикалық семинар өткізеді.

Семинардың мақсаты –  Қазақстан тарихы мен дүниежүзілік тарихты оқыту үдерісінде жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін тиімді пайдалану арқылы мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру; тарихи деректерді талдау мен интерпретациялаудың заманауи әдістерін меңгерту; білім беру сапасын жетілдіруде инновациялық технологиялардың рөлін айқындау; жас ұрпақтың сыни ойлауын, зерттеушілік дағдыларын дамытуға ықпал ететін жаңа тәсілдерді педагогикалық тәжірибеге енгізу.

Міндеттері:

1.Мұғалімдерге жасанды интеллектті тарих пәнін оқытуда қолданудың тиімді әдіс-тәсілдерін үйрету.

2.Қазақстан және дүниежүзі тарихы бойынша цифрлық деректерді талдау мен визуализациялау жолдарын көрсету.

3.Жасанды интеллект көмегімен тарихи деректерді іздеу, жүйелеу және интерпретациялау тәжірибесін қалыптастыру.

4.Тарихи білімді оқушылардың сыни ойлауын, зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағыттау.

5.Мұғалімдердің заманауи цифрлық құзыреттерін арттыру және педагогикалық тәжірибеге инновациялық технологияларды енгізу.

6.Қазақстан тарихы мен әлемдік өркениет сабақтарын оқытуда академиялық адалдық пен ғылыми дәлдік қағидаттарын нығайту.

Семинарға қатысу үшін білім беру ұйымдарының педагогтері шақырылады.

Ұсынылған квотаны сақтай отырып, (әр аймақтан 5 адамнан артық емес) білім басқармасының басшыларымен, аймақтық “Дарын” орталықтарының директорларымен бекітілген қатысушылар туралы сұранысты о. ж. 17 қазан айына дейін төмендегі үлгі бойынша b.seidimkhan@daryn.kz электрондық поштаға жіберу қажет, сондай-ақ барлық қатысушылар http://tiny.cc/historysem2025 сілтеме арқылы тіркеуден өтуі тиіс.

Қатысушының ата-жөні (толық)Жұмыс орныЛауазымыЕңбек өтіліТелефон, e-mail
      

Қатысушылардың келу күні – 29 қазан, семинардың басталуы – 30 қазан, аяқталуы – 31 қазан сағат 18.00-ден кейін.

Іс-шара соңында қатысушыларға семинар мен олимпиадаға қатысқаны үшін сертификат алады, олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері I, II, III дәрежелі дипломдармен және грамоталарымен марапатталады.

Іссапар шығындары жіберуші жақтың есебінен (ұйымдастыру жарнасы, жолы, тамақтануы, тұруы). Семинарға қатысу үшін ұйымдастыру жарна 25 350 теңге, «Олимп шыңы» пәндік олимпиадасына қатысуға тілек білдірушілер үшін жарна 4 500 теңгені құрайды. Барлық сұрақтар бойынша байланыс тел.: 8 (7172) 57-65-40.