«Білім беру ұйымдарында білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді дамыту үрдістері мен перспективалары» тақырыбында республикалық семинарды өткізу туралы ақпараттық хат

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығы 2025 жылдың 17-20 қазан аралығында Астана қаласы, №107 орта мектеп базасында «Білім беру ұйымдарында білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді дамыту үрдістері мен перспективалары» тақырыбында республикалық семинар өткізеді.

Семинардың мақсаты – білім алушыларды білім беру ортасында психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді дамытудың қазіргі тенденциялары мен перспективаларын талқылау, тәжірибе алмасу және білім алушыларды қолдау мен дамытудың тиімді тәжірибелерін айқындау.

Семинардың міндеттері:

– мектеп психологтерінің жұмысындағы өзекті бағыты мен инновациялық тәсілдерді қарастыру;

– өңірлік жұмыс тәжірибесін тарату, үздік тәжірибелерді, заманауи технологияларды және психологиялық-педагогикалық қолдаудың тиімді әдістерін енгізу;

– психологиялық қызметтің тиімділігін арттыру мен дамытудың басым бағыттарын айқындау;

– психологтер арасында кәсіби өзара қарым-қатынас пен тәжірибе алмасуды дамыту.

Семинарда «Үздік жыл психологі» республикалық конкурсы жеңімпаздарының үздік авторлық бағдарламалары, отандық психологиялық әдістемелер мен қазақстандық популяцияға бейімделген шетелдік әдістемелермен танысу; өңірлік психологиялық қызметтің жұмыс тәжірибесімен танысу қарастырылады.

Семинар аясында «Олимп шыңы» психология пәнінен республикалық олимпиада өткізіледі.

Семинар бағдарламасында авторлық жұмыстардың тұсаукесері, практикалық сабақтар, шебер сыныптар қарастырылған.

Семинарға қатысу үшін білім беру ұйымдарының педагог – психологтері, «Дарын» аймақтық орталықтары мен психологиялық қолдау орталықтарының әдіскер-психологтері шақырылады.

Ұсынылған квотаны сақтай отырып, (әр аймақтан 5 адамнан артық емес) білім басқармасы бекіткен семинарға қатысу үшін өтінімді а.ж. 5 қазан айына дейін төмендегі үлгі бойынша t.bakieva@daryn.kz электрондық поштаға жіберу қажет, сондай-ақ барлық қатысушылар сілтеме http://tiny.cc/Respseminar2025 арқылы тіркеуден өтуі тиіс.

Іс-сапар шығындары (семинардың ұйымдастыру жарнасы 25350 теңге, олипимаданың ұйымдастыру жарнасы– 4500 теңге, жолы, тамақтануы, жататын орны) жіберуші тараптың есебінен төленеді.

Қатысушылардың келу күні 17 қазан, семинардың басталуы 18 қазан, аяқталуы 20 қазан сағат 13.00-ден кейін.

Семинардың өтетін орны: Астана қ., Қасым Қайсенов көшесі 4/1.

Қатысушының аты-жөні (толық)Жұмыс орныЛауазымыЕңбек өтіліТелефон, e-mail
      

Семинарды өткізу туралы ақпараттық хат www.daryn.kz сайтында орналыстырылған. Қосымша сұрақтар бойынша 8 (7172) 57 65 40 телефон номеріне хабарласуға болады.