Қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздік бойынша Республикалық олимпиада
9–11 (12) сынып оқушылары үшін

Серіктестер:

  • Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
  • Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі

Іс-шараның мақсаты

  • Қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздік саласында терең білімдері, біліктілігі мен дағдылары бар дарынды жастарды анықтау.
  • Оқушылар арасында қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздік бойынша білімді насихаттау және танымал ету.

Олимпиаданың міндеттері

  • Оқушылардың қаржылық шешім қабылдау кезінде қауіпсіз қаржылық мінез-құлық пен сыни ойлау дағдыларын дамыту.
  • Түрлі қаржылық ақпарат көздерімен жұмыс істеу біліктілігін қалыптастыру.
  • Қаржылық құралдарды қолдану және қаржылық тәуекелдерден қорғану бойынша тәжірибелік дағдыларды жетілдіру.

Олимпиаданың кезеңдері

Мектепішілік кезең
Формат: офлайн
Күні: 17 қазан
Өтетін жері: орта білім беру ұйымдарында
Қатысушылар: барлық қалаушылар
Тапсырма түрі: тест (30 сұрақ) / 60 минут
РҒПО «Дарын» қамтамасыз етеді: тапсырмалар, бланкілер және дұрыс жауаптар
Іріктеу: әр ауданнан пәндік нәтиже бойынша үздік көрсеткен ең көп дегенде 30 оқушы келесі (аудандық/қалалық) кезеңге жолдама алады (оқыту тіліне қарамастан).


Аудандық / қалалық кезең
Формат: онлайн (Safe Exam Browser платформасы)
Күні: 14 қараша
Өтетін жері: аудан мектептерінің бірінде
Қатысушылар: мектептік кезеңнен үздік шыққан 30 оқушы
Тапсырма түрі: тест (30 сұрақ) / 60 минут
Маңызды: тапсырмаларды тарату немесе олимпиада тапсырмаларына қатысты кез келген ақпараттың сыртқа шығуы жағдайында сол ауданның барлық қатысушыларының жұмыстары ешқандай ерекшеліксіз жойылады.
РҒПО «Дарын» қамтамасыз етеді: тапсырмаларды платформаға жүктеу, баллдары көрсетілген қорытынды хаттамаларды жіберу
Іріктеу: облыс бойынша ең жоғары балл жинаған ең көп дегенде 30 оқушы (оқыту тіліне қарамастан) облыстық кезеңге жолдама алады.


Облыстық кезең
Формат: онлайн (Safe Exam Browser платформасы)
Күні: 15 желтоқсан
Өтетін жері: облыстың мектептері немесе ЖОО-ларының бірінде
Қатысушылар: облыс бойынша үздік 30 оқушы
Тапсырма түрі: тест (30 сұрақ) / 60 минут
Маңызды: тапсырмаларды тарату немесе олимпиада тапсырмаларына қатысты кез келген ақпараттың сыртқа шығуы жағдайында сол ауданның барлық қатысушыларының жұмыстары ешқандай ерекшеліксіз жойылады.
РҒПО «Дарын» қамтамасыз етеді: тапсырмаларды платформаға жүктеу, баллдары көрсетілген қорытынды хаттамаларды жіберу
Іріктеу: әр облыстан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан, РОО және «НЗМ» ДББҰ-дан ең жоғары балл жинаған 6 үздік оқушы республикалық кезеңге қатысу құқығын алады.


Республикалық кезең
Формат: офлайн
Күні: 2026 жылғы 20 мамырға дейін
Ұзақтығы: 3 күн
Өтетін жері: Астана қ.
Қатысушылар: әр облыстан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан, РОО және «НЗМ» ДББҰ-дан ең жоғары балл жинаған 6 үздік оқушы
Тапсырма түрі: 2 тур — ауызша және жазбаша
РҒПО «Дарын» қамтамасыз етеді: тапсырмалар, жұмыстарды бағалау, баллдары көрсетілген қорытынды хаттамалар