Атырауда ұлт рухын ұлықтаған «Махамбет оқулары» дарынды жастарды біріктірді

Атырау төрінде республикалық «Махамбет оқулары» өз жалауын көтерді. 9-10 қазан күндері өткен шығармашылық додаға еліміздің барлық өңірінен келген жүзге жуық дарынды оқушы қатысуда.

🎯Байқаудың басты мақсаты – ұлт руханиятындағы ұлы тұлға, ерлік пен өрліктің символына айналған Махамбет Өтемісұлының шығармашылығын дәріптеу, жас ұрпақты отансүйгіштік пен ізгілікке баулу, тарихи таным көкжиегін кеңейту.

🖇️Асқақ рухты ақын мұрасын жаңғыртуға бағытталған өнер бәйгесі бес номинация бойынша өткізілді:

– «Ұлы арман» – Махамбет шығармаларына иллюстрациялық сурет салу;

– «Ел құтқарар ер едім…» – Махамбет өлеңдерін жатқа оқу;

– «Шашақты найза, шалқар күй» – ақын күйлерін орындаушылар байқауы;

– «Тартынбай сөйлер асылмын…» – жас ақындардың өз туындыларын мәнерлеп оқу сайысы;

– «Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер» – «Хандар мен ел билеушілер», «Батырлар» тақырыптарының бірін қорғау.

🥇🥈🥉«Махамбет оқулары» бойынша үздік шыққан қатысушылар ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» РҒПО І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және ұйымдастырушылардың бағалы сыйлықтарымен марапатталады.

🍀Шара бағдарламасы аясында қатысушылар Махамбет пен Исатай алаңындағы ескерткішке гүл шоқтарын қойып, облыстық тарихи-өлкетану музейіне, Қараой елді мекеніндегі Махамбет мазарына және өңірдің көрнекті орындарына экскурсия жасады.

Рухы өр, сөзі от ақынның мұрасын дәріптеген бұл байқау – елдің ерлік шежіресін жаңғыртып, жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен отаншылдық сезім дарытудың жарқын үлгісі болмақ.

Жалпы білім беретін мектептің 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Махамбет оқулары» байқауы   

Өтетін уақыты: 2026 жылдың  22-23 қазаны
Өткізілетін орны:  Атырау қаласы, Абай атындағы Атырау облысының оқушылар орталығы базасы  

     Республика көлемінде өткізілген еліміздің танымал тұлғаларының шығармашылығын насихаттауға бағытталған байқауларда дарынды оқушылар жақсы нәтижелерге қол жеткізуде.
Таланттарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастырумен облыс көлемінде мектеп оқушыларының бойында шығармашылық қабілеттерді дамыту, олардың арасында тарихи тұлғалардың туындыларын насихаттау мақсатында қазақтың дауылпаз ақыны, күйші композиторы, жалынды жыршысы Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Махамбет оқулары» байқауының аудандық, облыстық кезеңі жыл сайын өткізілді.
2023 жылдан бастап Махамбет оқуларының республикалық кезеңі тұрақты өткізіліп келеді.
Ереже 5 бағытта қамтылған.

1-бағыт: «Нарында» - бағыты Махамбет шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу
2-бағыт: «Ел құтқарар ер едім...» бағыты  - Махамбет шығармаларын жатқа оқу  конкурсы
3-бағыт: «Шашақты найза, шалқар күй» бағыты-  Махамбет күйлерін орындаушылар конкурсы
4-бағыт: «Тартынбай сөйлер асылмын...» бағыты - жас ақындардың өз туындыларын мәнерлеп оқу конкурсы
5-бағыт: «Біз неткен ер, неткен ер?

Сергелдеңмен өткен ер»  бағыты- шығармашылық жұмысын қорғау
Бағалау критерийлері академиялық адалдыққа негізделген.

          Махамбет оқуларының мақсаты:

- мектеп  оқушылары арасында Махамбеттің ұлтына ұран болған рухы биік туындыларын насихаттау, республика бойынша  дарынды балаларды анықтау және қолдау.
Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған жүйріктер батыр бабаның жырларын жатқа оқып, төкпе күйлерін төгілдіріп, жыр арнап, ғылыми жоба қорғап, сезімдерін ақ қағазға сурет қылып бейнелейтін болады.
Батырлар мен ақындардың табаны тиген, қасиетті Атырау жерінің тарихымен танысу үшін жас өрендер Атыраудың көрнекі жерлерін мемлекетік рәміздер алаңы , эко парк,  Жайық жағалауы араласа, тарихи тағылымға толы кездесу кеші Абай атындағы Атырау облысының оқушылар орталығыда ұйымдастырылады. Байқаудың 2-ші күні шараға қатысушылар «Хан Ордалы Сарайшық» мұражай-қорығы  көне қала орнымен танысатын болады.
Исатай - Махамбет ескерткішіне гүл шоқтарын қою шарасы Исатай – Махамбет  алаңында өткізіліп, Республикалық «Махамбет оқулары» байқауы жүлдегерлерін марапаттау шарасымен қорытындыланатын болады.
Республикалық «Махамбет оқулары» байқауына 17 облыстан келген
100-ден астам оқушының еңбектері 5 бағыт бойынша бағаланып, қазылар алқасының шешімімен қорытындысында байқау жеңімпаздары  бағыттары бойынша І, ІІ, ІІІ орын жеңімпаздары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы дипломдарымен және ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтармен марапатталып, ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтармен табысталады.

І орынға ие болған оқушылар 100 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды.

ІІ орынға ие болған оқушылар 70 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды.

ІІІ орынға ие болған оқушылар 50 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Барлық қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар беріледі.

Республикалық «Махамбет оқулары» байқауына қатысатын оқушылар облыстық №1 «Білім-Инновация» лицейі жатақханасына орналасатын болады.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық-ғылыми практикалық орталығы жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында «Махамбет оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсын (бұдан әрі – Махамбет оқулары) 2025 жылғы 8-10 қазан аралығында Атырау қаласында Абай атындағы оқушылар орталығының базасында өтетіндігін хабарлайды.

Бекітілген ережеге сәйкес Махамбет оқуларына білім беру ұйымдарының барлық типтері мен түрлерінің 8-11 сынып оқушылары – қатыса алады.

Махамбет оқуларының мақсаты мен міндеттері:

- мектеп  оқушылары арасында Махамбеттің ұлтына ұран болған рухы биік туындыларын насихаттау;

- олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын дамыту, тарихи санасы мен танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана - сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру;

-тарихи деректер бойынша тұжырым жасай білу дағдысына үйрету, түсініктерді деректермен, дәйексөзбен дәлелдеуге жаттықтыру;

- дарынды балаларды анықтау, қолдау;

- әдеби мұралардың жүйелі оқылуын жолға қою;

- бабалардың ерлік рухын сезіндіру арқылы азаматтық тәрбие беру.

Махамбет оқуларының Ережесі www.daryn.kz сайтында орналасқан.

Махамбет оқулары 5 бағыт бойынша өткізіледі (әр номинацияға –                             1 оқушы):

  1. «Ұлы арман» Махамбет шығармаларынан иллюстрациялық сурет салу бағыты;
  2. «Ел құтқарар ер едім…» - Махамбет шығармаларын жатқа оқу бағыты;
  3. «Шашақты найза, шалқар күй» - Махамбет күйлерiн орындаушылар бағыты;
  4. «Тартынбай сөйлер асылмын…» - жас ақындар өз туындыларын мәнерлеп оқу бағыты;
  5. «Бiз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер»- «Хандар мен ел билеушiлер», «Батырлар» тақырыбының бipiн қорғау шығармашылық бағыты.

Махамбет оқуларына облыстық кезеңнен жүлделі орын алған Қазақстанның барлық облыстарынан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан, республикалық білім ұйымдарынан 90-ға жуық оқушылар қатысады деп күтілуде.

Махамбет оқуларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрлігі «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және грамоталарымен марапатталады.

Ұйымдастыру комитеті: Атырау облысы Білім беру басқармасы, «Таланттарды анықтау және қолдау» орталығы, байланыс телефондары: 8 778 907 93 37, эл. пошта atyrau_daryn@mail.ru