NXplorers: Жасыл ұрпақ бәйгесі — финалдық кезең!

Достар, біз экологиялық жобалар байқауының ең жарқын да мазмұнды бөліміне — 26–27 қарашада өтетін Акселерацияға және 28 қарашадағы NXplorers Фестиваліне қадам басқалы отырмыз! Барлығы Астана қаласында өтеді.
Бұл — финалистер ешқашан ұмытпайтын үш күн:
🚀 Жобаларды жетілдіру — Nxplorers мастер-тренерлерімен жұмыс, әдістемені терең меңгеру және идеяларды мінсіз деңгейге жеткізу.
🌱 Эксперттік сессиялар — экология, жоба басқару, қаржы және көпшілік алдында сөйлеу өнері. Мұнда алынған білім мектепте де, өмірде де қажет болады.
🎤 Алдын ала қорғалу және кеңес беру — әр команда финалда өз жобасын жарқын әрі сенімді ұсынуы үшін.
Бірақ бұл бәрі емес!
Біз шабыт тек оқудан ғана емес, әсерлі ортадан да туатынына сенеміз. Сондықтан қатысушыларды күтеді:
✨ мәдени бағдарлама,
🤝 жаңа таныстықтар мен идея алмасу,
💡 шығармашылық, ғылым және экологиялық ойлау атмосферасы.
Және, әрине, үлкен мереке — NXplorers Фестивалі!
Бұл — ғылым экологиямен тоғысатын, STEM шығармашылықпен үйлесетін, ал жас зерттеушілер өз идеялары арқылы әлемді қалай өзгерте алатынын көрсететін ерекше алаң.
Дәл осы жерде финалистер өз жобаларын Қазылар алқасына жарқын, батыл және кәсіби түрде таныстыратын болады!
📣 Болашақтың экологиялық инновацияларын көргің келе ме? Дарынды командалардың энергиясын сезінгің келе ме?
Онда NXplorers Фестиваліне кел! Бұл — өткізіп алуға болмайтын оқиға!
💚 28 қараша, Астана — кездескенше!

📍 Астана, Мәңгілік Ел даңғылы 55/23, С4.4 блогы
📅 2025 жылғы 28 қараша
Кiру: тегін

🔗 Тiркелу сілтемесі профильдің жоғарғы бөлігіндегі https://zhasylurpak.com/shell_reg

Достар, біз экологиялық жобалар байқауының ең жарқын да мазмұнды бөліміне — 26–27 қарашада өтетін Акселерацияға және 28 қарашадағы NXplorers Фестиваліне қадам басқалы отырмыз! Барлығы Астана қаласында өтеді.
Бұл — финалистер ешқашан ұмытпайтын үш күн:
Жобаларды жетілдіру — Nxplorers мастер-тренерлерімен жұмыс, әдістемені терең меңгеру және идеяларды мінсіз деңгейге жеткізу.
Эксперттік сессиялар — экология, жоба басқару, қаржы және көпшілік алдында сөйлеу өнері. Мұнда алынған білім мектепте де, өмірде де қажет болады.
Алдын ала қорғалу және кеңес беру — әр команда финалда өз жобасын жарқын әрі сенімді ұсынуы үшін.
Бірақ бұл бәрі емес!
Біз шабыт тек оқудан ғана емес, әсерлі ортадан да туатынына сенеміз. Сондықтан қатысушыларды күтеді:
мәдени бағдарлама,
жаңа таныстықтар мен идея алмасу,
шығармашылық, ғылым және экологиялық ойлау атмосферасы.
Және, әрине, үлкен мереке — NXplorers Фестивалі!
Бұл — ғылым экологиямен тоғысатын, STEM шығармашылықпен үйлесетін, ал жас зерттеушілер өз идеялары арқылы әлемді қалай өзгерте алатынын көрсететін ерекше алаң.
Дәл осы жерде финалистер өз жобаларын Қазылар алқасына жарқын, батыл және кәсіби түрде таныстыратын болады!
Болашақтың экологиялық инновацияларын көргің келе ме? Дарынды командалардың энергиясын сезінгің келе ме?
Онда NXplorers Фестиваліне кел! Бұл — өткізіп алуға болмайтын оқиға!
28 қараша, Астана — кездескенше!

Астана, Мәңгілік Ел даңғылы 55/23, С4.4 блогы
2025 жылғы 28 қараша
Кiру: тегін

Тiркелу сілтемесі профильдің жоғарғы бөлігіндегі https://zhasylurpak.com/shell_reg

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМА

2024 жылғы 30 қарашада Астана қаласы әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында жоғарғы сынып оқушылары, педагогтар мен білім саласының қызметкерлеріне арналған ғылым және экология саласындағы ауқымды «Экология. Жүйелі шешімдер. Біз» тақырыбында іс-шара – «NXplorers дүниежүзілік саяхат» республикалық ғылыми фестивалі өтеді.
Фестивальдің бірінші ағымында спикерлер жаһандық экологиялық сын-қатерлерге тоқтала отырып, оның ішінде Азия аймағы мен еліміздегі экологиялық жағдайды талқылайды. Барлық баяндамалар қолданбалы сипатқа ие болады, осылайша қатысушылар алған білімдерін өз жобаларында бірден қолдана алады. Сондай-ақ, қатысушылар NXplorers халықаралық әдістемесімен және оның Қазақстанда қолдану барысымен танысып, бұл тәсілді педагогикалық тәжірибеге қалай енгізуге болатынын біле алады.
Екінші ағымда экологиялық мәселелерді шешу дағдыларын дамытуға арналған интерактивті іс-шаралар мен қызықты квесттер ұйымдастырылады. Қатысушылар NXplorers әдістемесі сәтті қолданылып жатқан елдердің мәдениетімен танысып, естелік сыйлықтар ойнатылатын викториналарға қатыса алады. Барлық іс-шаралар қазақ және орыс тілдерінде өтеді.
Фестивальдің басты оқиғасы «NXplorers: Жасыл Ұрпақ Бәйгесі» республикалық экологиялық жобалар конкурсының финалы болады, мұнда 2024 жылғы NXplorers конкурсының 20 финалист командасы бақ сынасады. Жеңімпаз атанған 5 командаға өз жобаларын әрі қарай жүзеге асыру үшін 1 000 000 теңге көлемінде грант беріледі.
Фестивальдің ашылу салтанатында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының және «Шелл Қазақстан» энергетикалық компаниясының өкілдері сөз сөйлейді.
Қатысу тегін және қатысушылар онлайн тіркеліп, еркін кіре алады.
Барлығына сертификаттар беріледі. Тіркелу https://zhasylurpak.com/krugosvetka сайтында жүргізіледі.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен «Шелл Қазақстан» энергетикалық компаниясының қолдауымен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен «Caravan of Knowledge» корпоративтік қоры.
Өтетін уақыты: 2024 жылғы 30 қараша, сағат 10:00-19:00.
Өтетін орны: Бауыржан Момышұлы көшесі, 5.
Байланыс: Альфия Мустафина, жоба үйлестірушісі, 8 702 353 87 68
Қатысу және БАҚ аккредитациясы бойынша байланыс нөмірі: Әйгерім
Маженова, жоба үйлестірушісі, +7 701 529 99 98
Анықтама үшін:
NXplorers – күрделі мәселелерді өз бетінше шешуге арналған сыни және шығармашылық ойлау құралдары арқылы оқытатын білім беру бағдарламасы. «Азық-түлік – су – энергия» байланысына бағытталған бұл бағдарлама БҰҰ тұрақты даму мақсаттары арасындағы байланысты тереңірек түсінуге көмектесіп, білімді кеңейтуге, ойлау әдістері мен күрделі мәселелерді шешу дағдыларын дамытуға бағытталған.