Қазақстан құрамасы Сочиде өткен олимпиадада 6 медаль иеленді

🇷🇺 Ресей Федерациясының Сочи қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы IJSO-2025 халықаралық жаратылыстану олимпиадасы өз мәресіне жетті. Білім додасына әлемнің 21 елінен 120-дан астам оқушы қатысып, физика, химия және биология пәндері бойынша өз білімдерін сынға салды.

👏🏻 Қазақстан құрамасы 6 оқушыдан және 3 жетекшіден тұрды. Олар жарыс қорытындысы бойынша 100% нәтиже көрсетіп, алты медаль жеңіп алды.

🥈 Күміс медаль иегерлері:

Ратмир Кутырев – Алматы қаласындағы РФММ 10-сынып оқушысы;

Даниил Перепелица – Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 9-сынып оқушысы;

Мухаммад Сыздықов – Жамбыл облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған Білім-инновация лицей-интернатының 10-сынып оқушысы.

🥉 Қола медаль иегерлері:

Тимур Алпысбаев – Астана қаласындағы «NURORDA» мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы;

Ерасыл Дүйсенбеков – Абай облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған Білім-инновация лицейінің 10-сынып оқушысы;

Нұрсейіт Сейтқазиев – Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған Білім-инновация лицей-интернатының 9-сынып оқушысы.

🏵️ Жас дарындарымызды жеңістерімен құттықтаймыз!

2025 жылдың 30 қыркүйегінде сағат 10.00-де ағымдағы жылдың 23 қараша - 2 желтоқсан аралығында Сочи қаласында (Ресей) өтетін физика, химия және биология бойынша халықаралық жасөспірімдер олимпиадасына (IJSO) қатысу үшін оқу-жаттығу жиындарына іріктеу кезеңі өтті.

Ағымдағы жылғы республикалық олимпиаданың (бұдан әрі - РО) қорытынды кезеңінің нәтижесі бойынша «Физика», «Химия» және «Биология» пәндері бойынша I, II, III дәрежелі диплом иегерлері қатарынан, оқушылардың туған күндері бойынша кандидаттарды іріктеу жүргізілді.

Егер РО нәтижелері бойынша қажетті кандидаттар саны толық жиналмаса, ағымдағы жылғы жаратылыстану-математикалық бағыттағы РЖО-ның 8-сынып қатысушылары арасынан ең көп ұпай жинаған I–III дәрежелі диплом иегерлері қосымша іріктеледі.

Халықаралық олимпиадаларға қатысу ағылшын және орыс тілдерін білуді көздейтіндігіне байланысты іріктеу тапсырмалары тек орыс тілінде ұсынылды.