Қолданбалы лингвистика бойынша республикалық іріктеу олимпиадасы қорытындыланды

ҚР ОАМ «Дарын» РҒПО 8-11 (12) сынып оқушыларына арналған қолданбалы лингвистика бойынша республикалық іріктеу олимпиадасын өткізді.

🎯Олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушылардың қолданбалы лингвистикаға қызығушылығын арттыру, олардың ой-өрісін дамыту, ғылыми білімді насихаттау, сондай-ақ лингвистика бойынша халықаралық олимпиадаларға қатысуға арналған олимпиадалық резерв қалыптастыру.

Ережеге сәйкес олимпиада үш кезеңнен тұрды:

1️⃣Бірінші (аудандық/қалалық) кезең 2025 жылғы 5 қарашада өтіп, оған 9 582 оқушы қатысты;

2️⃣Екінші (облыстық) кезең 2025 жылғы 24 қарашада ұйымдастырылып, оған 900-ге жуық оқушы қатысты.

3️⃣Алғашқы екі кезеңнің қорытындысы бойынша 2025 жылғы 23 желтоқсанда 71 оқушы республикалық үшінші кезеңге жолдама алды.

🎖️Республикалық кезеңнің нәтижесінде 32 жеңімпаз анықталды:

I орын – 6 оқушы, II орын – 10 оқушы, III орын – 16 оқушы.

🏆Сонымен қатар ең жоғары ұпай жинаған алғашқы 12 оқушы халықаралық олимпиадаларға қатысуға арналған олимпиадалық резерв құрамына қабылданды.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі – «Дарын» РҒПО) 8-11(12) сынып оқушыларына арналған лингвистика бойынша республикалық іріктеу олимпиадасын өткізуді жоспарлап отыр.

Олимпиаданың мақсаты: Қазақстан Республикасының дарынды оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау, қолданбалы лингвистика бойынша оқушылардың білімдерін жетілдіру және тереңдету.

Олимпиада 3 кезеңде өтеді:

1 (аудандық/қалалық) кезең 2025 жылғы 5 қарашада сағат 10:00-де өтеді.

2 (облыстық) кезең 2025 жылғы 24 қарашада сағат 10:00-де өтеді.

3 (республикалық) кезең 2025 жылғы 23 желтоқсанда сағат 10:00-де өтеді.