Мамандандырылған білім беру ұйымдарының жас педагогтері арасында өткізілетін «Teacher’s Hackathon» республикалық педагогикалық хакатон қорытындысы

ХАТТАМА

ҚОРЫТЫНДЫ БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Астана қаласы Білім басқармасының №9 «Зерде» мамандандырылған лицейімен бірлесіп, 2026 жылғы 28–29 қаңтар күндері мамандандырылған білім беру ұйымдарының жас педагогтері арасында «Teacher’s Hackathon» республикалық педагогикалық хакатонын (бұдан әрі – Хакатон) өткізеді.

Хакатон мақсаты: мамандандырылған білім беру ұйымдарының көкейкесті мәселелерін шешуге бағытталған заманауи педагогикалық идеялар мен тиімді білім беру технологиялары негізінде нақты ұсыныстар мен практикалық шешімдер әзірлеу.

Міндеттері:

  • қазіргі заманғы білім берудің өзекті мәселелерін анықтау және талдау;
  • педагогтердің командалық және жобалық қызмет дағдыларын дамыту;
  • педагогтердің креативті және сыни ойлауын қалыптастыру;
  • республиканың әр өңірінен келген педагогтердің кәсіби өзара қарымқатысына ықпал ету;
  • жас педагогтердің кәсіби қоғамдастығында кәсіби өсуіне, өзін-өзі көрсетуіне және қолдау алуына мүмкіндік жасау.

Хакатонға әр мамандандырылған білім беру ұйымынан еңбек өтілі 5 жылдан аспайтын 76 педагог қатысты. Барлығы 15 құрама команда төрт сағат ішінде өздерінің заманауи және өзекті педагогикалық жобаларын әзірледі.

Әр командаға білім беру ұйымдарының тәжірибелі директорлары мен директордың орынбасарлары құрамынан жасақталған менторлар тағайындалды. Олар:

  • Курмашева Анаргүл Назымбековна – Ақмола облысы Білім басқармасы Көкшетау қаласындағы «Абай атындағы №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының» директоры;
  • Бакиров Ержанат Рымғалиевич – Павлодар облысы Білім басқармасы «Ы. Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия-интернатының» директоры;
  • Шаукерова Светлана Набиевна – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі Білім басқармасы «ЛОРД» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының директоры;
  • Фаткулина Шолпан Мұратовна – Қарағанды облысы, Теміртау қаласындағы «Озат» ақпараттық технологиялар мектеп-лицейінің директоры;
  • Арапов Жандос Маратұлы – Астана қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы BINOM School мектебінің профильдік оқыту жөніндегі директорының орынбасары;
  • Кауланов Мажан Айтбаевич – Астана қаласы әкімдігі №9 «Зерде» мамандандырылған лицейінің директорының орынбасары;
  • Ержанова Ырсалды Сиелхановна – Қостанай облысы Білім басқармасы Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының директоры.

Қатысушылардың әзірлеген жобалары мен идеяларын білікті мамандардан құралған сарапшылар бағалады:

  • Дәне Мұрат Сейтжанұлы – Түркістан облысы Сарыағаш ауданы №4 мамандандырылған мектеп-интернатының директоры;
  • Бейсенбина Айгүл Базарбаевна – Астана қаласы әкімдігі №107 жалпы білім беретін мектептің директоры;
  • Гаппаров Жахонгир Абдразакович – «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша кәсіби даму институты филиалының директорының орынбасары;
  • Хасен Темирлан – «Edlight Academy» ЖШС жобалық менеджері;
  • Сламбеков Ерлан Талғатбекович – Астана қаласы әкімдігі №9 «Зерде» мамандандырылған лицейінің директоры.

Хакатон сарапшыларының шешімі бойынша үздік командалар Бас жүлде, I, II, III дәрежелі дипломдармен және РНПЦ «Дарын» грамоталарымен марапатталды. Іс-шара аяқталған соң барлық қатысушыларға қатысқаны туралы сертификат берілді.

Команда атауы Диплом/Грамота
1. Pro Max Teacher Бас жүлде
2. AI, But Why І
3. Ai – даһарлар ІІ
4. Olimp Hub ІІ
5. Creative Minds ІІ
6. Ұшқын ІІІ
7. Daryn ІІІ
8. Сәлем Ұстаз! ІІІ
9. Жұмсақ ұстаздар Грамота
10. Ai – Sana Грамота
11. Next ұрпақ Грамота
12. Жеңіс формуласы Грамота
13. Road to IO Грамота
14. T-Prime Грамота
15. 1 M 4 Z Грамота

Хакатонның соңында жас педагогтер мұндай іс-шаралардың кәсіби тәжірибе алмасуға, заманауи педагогикалық тәсілдерді дамытуға және тиімді алаңдар құруға маңызды екенін атап өтті.

Республикалық Хакатон – білім беру процесін жақсартуға бағытталған көптеген заманауи идеялар, инновациялық жобалар және практикалық шешімдер ұсынылған тиімді алаңға айналды. Қатысушылар өз тәжірибелерін бөлісуге ғана емес, сонымен қатар әріптестерінің құнды тәжірибелерінен шабыт алуға, кәсіби байланыстар орнатуға және білім беруді дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік алды.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Астана қаласы Білім басқармасының №9 «Зерде» мамандандырылған лицейімен бірлесе отырып, жас педагогтерге кәсіби қарым-қатынас алаңын құру, заманауи педагогикалық идеялар мен технологияларды әзірлеп, апробациядан өткізу мақсатында     2026 жылғы 28–29 қаңтар күндері мамандандырылған білім беру ұйымдары арасында «Teacher’s Hackathon» республикалық педагогикалық хакатонын (бұдан әрі – Хакатон) өткізеді.

Хакатонның негізгі идеясы – педагогтердің командалық жұмыс форматында заманауи педагогикалық тәсілдер мен цифрлық технологияларға сүйене отырып, білім беру мен тәрбиенің сапасын арттыруға бағытталған инновациялық білім беру шешімдерін әзірлеп, ұсынатын қарқынды практикалық бағыттағы алаң құру.

Міндеттері:

  • қазіргі заманғы білім берудің өзекті мәселелерін анықтау және талдау;
  • педагогтердің командалық және жобалық қызмет дағдыларын дамыту;
  • педагогтердің креативті және сыни ойлауын қалыптастыру;
  • республиканың әр өңірінен келген педагогтердің кәсіби өзара қарымқатысына ықпал ету;
  • жас педагогтердің кәсіби қоғамдастығында кәсіби өсуіне, өзін-өзі көрсетуіне және қолдау алуына мүмкіндік жасау.

Хакатонға әр мамандандырылған білім беру ұйымынан еңбек өтілі 5 жылдан аспайтын бір педагог қатыса алады.

Мамандандырылған білім беру ұйымының директоры  бекіткен Хакатонға қатысу өтінімді, а.ж. 20 қаңтар айына дейін төменде көрсетілген үлгі бойынша t.bakieva@daryn.kz электрондық поштасына жіберу қажет. Сонымен қатар, қатысушылар http://tiny.cc/TeachersHackathon2026 сілтемесі арқылы тіркеуден өтуі тиіс.

Қатысушының аты-жөні (толық) Жұмыс орны Лауазымы Еңбек өтілі Телефон,

e-mail

           

Іс-сапар шығындары (жолы, тамақтануы, жататын орны) жіберуші тараптың есебінен төленеді.

Қатысушылардың келу күні 27 қаңтар, басталуы 28 қаңтар, аяқталуы  29 қазан сағат 13.00-ден кейін.