«Тілді оқыту үдерісіндегі кең ауқымды дағдыларды қалыптастырудың тиімді жолдары» тақырыбында республикалық оқу-әдістемелік семинарды өткізу туралы ақпараттық хаты

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2026 жылдың 26-27 наурызаралығында Алматы қаласы Ш.Уәлиханов атындағы жекеменшік мектеппен бірлесіп, «Тілді оқыту үдерісіндегі кең ауқымды дағдыларды қалыптастырудың тиімді жолдары» тақырыбында республикалық оқу-әдістемелік семинар(бұдан әрі – Семинар) өткізеді.

Семинардың мақсаты: оқушылардың әмбебап дағдыларын қалыптастыруға бағытталған тиімді әдістемелерді енгізу арқылы тілдерді оқыту саласындағы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Семинардың міндеттері:

  • қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқыту үдерісінде әмбебап дағдыларды қалыптастырудың заманауи ғылыми-практикалық тәсілдерін қарастыру;
  • білім алушылардың коммуникативтік қабілеттерін, сыни ойлауын, креативтілігін және ынтымақтастық дағдыларын дамытудағы тілдік білім берудің рөлін талқылау;
  • тіл сабақтарында әмбебап дағдыларды қалыптастыруға бағытталған үздік педагогикалық тәжірибелер мен инновациялық әдістемелерді ұсыну және талдау;
  • мұғалімдер арасында кәсіби өзара қарым-қатынасты нығайтуға және әдістемелік материалдармен тәжірибе алмасуға ықпал ету.

Семинарға білім беру ұйымдарының қазақ, орыс және ағылшын тілі мұғалімдері шақырылады.

Семинар аясында «Олимп шыңы» республикалық пәндік олимпиадасы өткізіледі. Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері  ҚР ОАМ «Дарын» РҒПО-ның  І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен, грамоталарымен марапатталады. Семинардың барлық қатысушыларына сертификат беріледі.

Белгіленген квотаны сақтай отырып (әр аймақтан 6 адамнан аспайды: қазақ, орыс және ағылшын тілдері бойынша 2 қатысушыдан) семинарға қатысу туралы сұранысты (басшылықпен бекітілген) а.ж. 2 наурызға дейін берілген үлгі бойынша t.bakieva@daryn.kz электрондық поштаға жіберу қажет, сондай-ақ барлық қатысушылар 4 наурызға дейін міндетті түрде http://tiny.cc/Semlanguages2026 сілтеме арқылы тіркеуден өтуі тиіс.

 Қатысушының аты-жөні (толық)Жұмыс орныЛауазымыЕңбек өтіліТелефон, e-mail
      

Қатысушылардың келу күні 25 наурыз, семинардың басталуы 26 наурыз, аяқталуы 27 наурыз сағат 18.00-ден кейін.

Іссапар шығындары жіберуші жақтың есебінен (ұйымдастыру жарнасы – 25 350 теңге, жолы, тамақтануы, тұруы).

Қосымша ақпарат алу үшін 8 (7172) 57-65-40 телефонына хабарласуға болады.