Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру: тиімді тәжірибе, инновация, нәтиже» тақырыбында семинар-практикум ақпарат хаты

«Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады»деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай мұғалімнің ізденісі жан-жақтылығы, құзіреттілігі арқылы айқындалса, сол құзіреттілік оқушы шығармашылығы арқылы көрінеді.

Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту – сапалы білім берудің негізгі тетіктерінің бірі. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда тиімді әдістемелік тәжірибелерді пайдалану, олимпиадалық тапсырмалармен жүйелі жұмыс жүргізу және заманауи цифрлық мүмкіндіктерді сабақта ұтымды қолдану мұғалімнен жоғары кәсіби дайындықты талап етеді.

Осыған орай, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби және әдістемелік құзыреттіліктерін арттыру, оқушыларды олимпиадаға дайындауда инновациялық әдістерді қолдану және жасанды интеллект құралдарының мүмкіндіктерін ұтымды пайдалану жолдарын үйрету мақсатында, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2026 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес, 26-27 ақпан аралығы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Оқу-әдістемелік орталығы» КММ бірлесіп, еліміздің білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру: тиімді тәжірибе, инновация, нәтиже» тақырыбында семинар-практикум өткізеді.

Семинар бағдарламасында жоспарланған практикалық тренингтер мен шеберлік сабақтар, тәжірибе алмасу сессияларында оқушылардың олимпиадалық тапсырмаларын шешу тәсілдері мен оларды талдау әдістерін меңгеру, тиімді әдістемелік тәжірибелермен бөлісу, сондай-ақ жасанды интеллект құралдарын педагогикалық және әдістемелік тұрғыда қолданудың мүмкіндіктерін қарастыру мәселелері қамтылады.

Іс-шара барысында қатысушылардың кәсіби тәжірибе алмасуына, өзекті мәселелерді талқылауына және практикалық дағдыларын жетілдіруіне ерекше назар аударылады.

Семинарға қатысу туралы сұранысты а.ж. 20 ақпанына дейін көрсетілген үлгі бойынша g.berdenova@daryn.kz электрондық поштасына жіберуіңізді сұраймыз.

Семинарға қатысушы әр педагог 20 ақпанға дейін міндетті түрде http://tiny.cc/seminarkazakpan сілтемесі бойынша жеке онлайн тіркелуден өту керек.

Іс-шараның өтетін орны: Тараз қаласының білім бөлімінің «№66 орта мектебі» КММ, Бәйтерек көшесі, 22.

Іс-шараға келу күні – 25 ақпан, басталуы – 26 ақпан, аяқталуы – 27 ақпан  сағат 18.00-ден кейін. Іссапар шығындары жіберуші жақтың есебінен төленеді (жолы, тамақтануы, ұйымдастару жарнасы, жатын орны).

Семинар және олимпиадаға қатысушыларына сертификаттар табысталады. Семинар аясында 26 ақпан күні «Олимп шыңы» республикалық олимпиадасы өтеді. Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегердері дипломдар және грамоталармен марапатталады.

Семинарға қатысу үшін ұйымдастыру жарна 25 350 теңге, «Олимп шыңы» пәндік олимпиадасына қатысуға тілек білдірушілер үшін жарна 4 500 теңгені құрайды.

Барлық сұрақтар бойынша байланыс тел.: 8 (7172) 57-65-40.

Қатысушының аты-жөніОблысыЖұмыс орныЖұмыс өтіліҚатысушының ЖСНЕmail, Байланыс телефоны