Елімізде мамандандырылған білім беру ұйымдарына қабылдау басталды

🔉«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2026-2027 оқу жылына мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау бойынша конкурстық іріктеу өткізеді.

📋Қабылдау Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің №564 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына» сәйкес жүзеге асырылады.

🛜Конкурстық іріктеу 5, 6, 7, 8 және 10-сыныптарға жүргізіледі.

Онлайн тіркеу және құжаттарды қабылдау 1 ақпаннан 15 сәуірге дейін https://qabyldau.daryn.kz сайтында жүзеге асырылуда.

💡Мамандандырылған білім беру ұйымдарына қабылдау барысында төмендегі квоталар қарастырылған:

⏩ауыл мектептерінен шыққан «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасының жеңімпаздары үшін 7-сыныптарға қабылданатын оқушылардың жалпы санының 10 пайызы;

⏩әлеуметтік осал санаттағы балалар үшін 5, 6, 7, 8 және 10-сыныптарға қабылданатын оқушылардың жалпы санының 15 пайызы;

⏩Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласындағы оқушылар үшін 5, 6, 7, 8 және 10-сыныптарға қабылданатын жалпы оқушылар санының 5 пайызы мөлшерінде.

📚Конкурс 15 мамыр мен 15 маусым аралығында, апта сайын сенбі және жексенбі күндері өткізіледі. Конкурсты өткізу үшін тест материалдарын «Дарын» РҒПО қызметкерлері конкурс басталғанға дейін бір күн бұрын мамандандырылған білім беру ұйымдарына қағаз түрінде (пломбаланған) жеткізеді.

📝Конкурстық іріктеудің барлық тест тапсырмалары логикалық сипаттағы тапсырмаларды қоса отырып, өткен жылдардағы оқу бағдарламалары негізінде жасалды. Тестілеуге бөлінген уақыт 5-сыныпта – 60 минут, 6-сыныпта – 90 минут, 7 сыныпта – 120 минут.

✒️Конкурс Қазақстан Республикасының білім саласындағы уәкілетті органы тарапынан бекітілген кестеге сәйкес өткізіледі.

📌 Қосымша ақпаратты https://qabyldau.daryn.kz сайтынан алуға болады.