«ОЛИМПИАДАҒА ДАЙЫНДЫҚТЫҢ ЖАҢА ПАРАДИГМАСЫ: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ, КОГНИТИВТІК ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИННОВАЦИЯ» ТАҚЫРЫБЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ СИМПОЗИУМНЫҢ АҚПАРАТ ХАТЫ

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2026 жылғы 19-22 маусым аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультеті және Стамбул университетінің Фараби Еуразия Қолданбалы зерттеулер орталығымен (Түркия Республикасы) бірлесіп, «Олимпиадаға дайындықтың жаңа парадигмасы: жасанды интеллект, когнитивтік психология және педагогикалық инновация» тақырыбындаХалықаралық ғылыми-тәжірибелік симпозиум (бұдан әрі-Халықаралық симпозиум) өткізуді жоспарлап отыр.

Симпозиумның негізгі мақсаты – дарынды оқушыларды даярлаудың заманауи ғылыми-әдіснамалық, психологиялық негіздерін талқылау, жасанды интеллект мүмкіндіктерін, когнитивтік психология жетістіктерін және педагогикалық инновацияларды олимпиадалық дайындық жүйесіне енгізудің тиімді жолдарын айқындау.

Халықаралық симпозиум жұмысына білім беру ұйымдарының басшылары мен орынбасарлары, педагогтері, әдіскерлері, «Дарын» аймақтық орталықтарының қызметкерлері қатыса алады.

Өтетін орны: Түркия, Ыстамбул университеті, Фатих ауданы, Лалели ықшам ауданы, Орду даңғылы № 6.

Симпозиумның бағдарламалық бағыттары:

  1. Технологиялық бағыт (AI): Педагогтер дарынды балаларды іріктеу және олардың білім сапасын мониторингілеу үшін жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді. Бұл олимпиадалық дайындықты жеке траектория бойынша автоматтандыруға мүмкіндік береді.
  2. Психологиялық-педагогикалық бағыт: Когнитивтік психологияның заманауи әдістері арқылы оқушылардың интеллектуалдық қабілетін дамыту және халықаралық жарыстар кезіндегі психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру жолдары қарастырылады.
  3. Институционалдық даму: Мектеп директорлары үшін Ыстамбул университеті мен Түркияның жетекші білім ошақтарының дарынды балалармен жұмыс істеу моделі (Enderun моделінің заманауи реинкарнациясы) таныстырылады.

Ұйымдастырушылық шарттар: Қатысушыларға халықаралық деңгейдегі тәжірибе алмасу сертификаттары табысталады. Бағдарлама аясында Ыстамбул университетінің, Гази университетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен, кездесулер, академиялық секциялар және мәдени-танымдық шаралар қарастырылған.

Симпозиумның жұмыс тілдері: қазақ, түрік, ағылшын және орыс.

Ісшараға келу күні – 19 маусым, өту күндері 19-22 маусым. Қатысушылар                                     10 маусымға дейін міндетті түрде http://tiny.cc/symposium2026 сілтемесі бойынша онлайн тіркелуден өтуі қажет.

ОблысАты-жөні (құжат бойынша)Жұмыс орныҚызметіБайланыс телефоныЭлектрондық поштасы

Іссапар шығындары жіберуші жақтың есебінен төленеді.

Толық ақпаратты +7 701 672 2737 телефоны арқылы алуға болады (Қуаныш Алматайұлы)

Симпозиумға қатысу жарнасы төмендегі қызметтер пакетін толық қамтиды:

1. Академиялық қызметтер пакеті:

-Симпозиум материалдарының жинағына мақала жариялау;

-Халықаралық үлгідегі сертификат пен тәжірибе алмасу хаттамасын дайындау;

-Ыстамбул университетінің аудиториялары мен ғылыми базасын пайдалану.

2. Логистика және орналастыру:

Трансфер: Әуежай – Қонақүй – Әуежай бағыттары бойынша күтіп алу және шығарып салу;

Тұру: Ыстамбул қаласының орталығындағы жайлы қонақүйде жату (5 түн/6 күн);

Транспорт: Бағдарлама бойынша барлық ішкі тасымал қызметтері.

3. Тамақтану және сервис:

-Қонақүйдегі таңғы астар;

-Симпозиум күніндегі ресми түскі ас;

-Салтанатты Гала-кешкі ас;

-Қонақүйдің қосымша қызметтері (бассейн, хамам).

4. Мәдени-экскурсия бағдарлама:

-Ыстамбулдың мәдени-тарихи орындарына экскурсия (Айя-София, Сұлтан Ахмет, Топкапы сарайы), (Ыстамбул университеті, Профессорлар үйі, Абай Құнанбайұлы атындағы мектебі);

-Шахзада аралына кемемен саяхат.

ҚЫЗМЕТТЕР ҚҰНЫ / PRICING

Ескерту:

Бір қатысушыға арналған толық пакет құны: 350000 тенге.

Құнға кірмейді: Халықаралық әуе билеттері (қатысушының өз есебінен немесе жіберуші мекеме есебінен).