Алматыда «Жасанды интеллект дәуірі» атты II жас зерттеушілер форумы өтті

🟤Халықаралық балаларды қорғау күні Алматыда «Жасанды интеллект дәуірі» атты II жас зерттеушілер форумы өтті. Іс-шара еліміздің барлық өңірінен келген 400-ден астам дарынды оқушыны біріктірді. Олардың қатарында республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми конкурстардың жеңімпаздары және жүлдегерлері бар.

✏️Іс-шараны Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіп ұйымдастырды. Биылғы кездесу Ұлттық ғылым академиясының 80 жылдығы аясында өтті.

📌Негізгі тақырып жасанды интеллект дәуіріндегі жас зерттеушілердің рөліне арналды. Оқушылар өздерінің ғылыми жобаларын таныстырып, интеллектуалдық жарыстарға қатысты, академиктермен, жас ғалымдармен және ғылыми қауымдастық өкілдерімен кездесті.

⚛️Ашылу рәсімінде ҚР оқу-ағарту вице-министрі Сергей Компаниец сөз сөйледі. Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымды дамытуға, талантты жастарды қолдауға және жасанды интеллектіні білім беру саласына енгізуге ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.

⚡️ Оқушылардың ғылымға қызығушылығы артып келеді. Биыл республикалық ғылыми жобалар конкурсының мектепішілік кезеңіне 28 мыңнан астам оқушы қатысып, 24 мыңнан астам ғылыми жоба ұсынды.

🛰️Қазақстандық оқушылар халықаралық алаңдарда да жиі танылып жүр. АҚШ-та өткен Regeneron ISEF-2026 ғылыми-инженерлік жобалардың дүниежүзілік көрмесінде Қазақстан оқушылары, оның ішінде жасанды интеллект саласындағы жобалары үшін арнайы марапаттарға ие болды.

📘Бағдарламаға үздік ғылыми жобалар көрмесі, ғылыми-фантастикалық комикстер конкурсы, интеллектуалдық жарыстар, «Жас Қаныш» республикалық конкурсы, академиктер мен жас зерттеушілердің баяндамалары енді.

🚀Іс-шара оқушылардың ғылыми ойлауын дамытуға, заманауи технологиялармен жұмыс істеуіне және өз идеяларының нақты өмірде қалай қолданылатынын көруіне мүмкіндік береді.