Қазақстандық оқушылар Еуропалық физика олимпиадасында 4 медаль жеңіп алды

🇸🇪 Швеция Корольдігінің Гётеборг қаласында 10-шы Еуропалық физика олимпиадасы (European Physics Olympiad, EuPhO 2026) өз мәресіне жетті. Беделді халықаралық білім додасына әлемнің 41 елінен 200-ден астам оқушы қатысты.

Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, 3 күміс және 1 қола медаль иеленді.

🥈 Күміс медаль иегерлері:

• Сейтқамит Арғын – Астана қаласы Нұра ауданындағы жаратылыстану-математика бағыттағы NIS-тің 11-сынып оқушысы;

• Әбдіқадыр Таир – Қостанай облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;

• Сабыров Мерген – Астана қаласындағы NURORDA мектебінің 10-сынып оқушысы.

🥉 Қола медаль иегері:

• Жоламан Абылайхан – Алматы қаласындағы NURORDA мектебінің 10-сынып оқушысы.

👨🏻‍🏫 Ұлттық құраманың халықаралық олимпиадаға қатысуын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы Бекмырза Бейсенов пен халықаралық олимпиадалардың жүлдегері Темірлан Исмағұлов үйлестірді.

🏆 Еуропалық физика олимпиадасы – физика пәні бойынша дарынды оқушылардың теориялық білімі мен эксперименттік дағдыларын бағалайтын беделді халықаралық жарыстардың бірі. Қазақстандық оқушылардың кезекті жетістігі еліміздің халықаралық білім кеңістігіндегі беделін арттырып, жас физиктердің жоғары дайындық деңгейін көрсетті.

Халықаралық физика олимпиадасы (IPhO) — мектеп оқушыларына арналған ең беделді халықаралық физика жарысы.

IPhO-ның негізгі мақсаты — теориялық және эксперименттік физика саласындағы білімді, аналитикалық қабілетті, сыни ойлауды, есеп шығару және практикалық дағдыларды барынша жоғары деңгейде тексеру.

55-ші Халықаралық физика олимпиадасы (IPhO 2025) 2025 жылғы 18–24 шілде аралығында Париж қаласының маңындағы Палезо қалашығында өтеді.

Иранның Исфахан қаласында өткен IPhO-2024 54-халықаралық физика олимпиадасы өз мәресіне жетті. Қазақстанның ұлттық құрамасы 100% нәтиже көрсетіп, төрт күміс және бір қола медаль жеңіп алды.
🥈Марғұлан Нұрсагатов – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 11-сынып оқушысы;
🥈Досжан Бисимби – Алматы қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы;
🥈Артур Ким – Ақтөбе облыстық дарынды ұлдарға арналған «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
🥈Амир Пшенбаев – Астана қаласындағы дарынды ұлдарға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
🥉Илияс Қазымбек – Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 9-сынып оқушысы.

Ұлттық құраманың жетекшілері:
Самат Мақсутов – PhD докторы, SDU University доценті;
Назарали Айтжанов – SDU University физика пәні мұғалімі.