Қазақстан құрамасы EJOI 2026 олимпиадасында үш медаль және бір мақтау грамотасын иеленді

🇰🇿🇱🇹2026 жылғы 24-30 шілде аралығында Литва Республикасының Каунас қаласында Информатикадан Еуропалық жасөспірімдер олимпиадасы (European Junior Olympiad in Informatics, EJOI 2026) өтті. Білім додасына 25 елден 100-ден астам оқушы қатысты.

⌨️EJOI – 16 жасқа дейінгі мектеп оқушыларына арналған информатика саласындағы ең беделді халықаралық олимпиадалардың бірі. Ол дарынды оқушылардың бағдарламалау, алгоритмдеу және компьютерлік ғылымдар бағытындағы қабілеттерін дамытуға арналған.

🧩Олимпиада екі жарыс күнінен тұрды. Қатысушылар әртүрлі күрделілік деңгейіндегі алгоритмдік есептерді шешіп, білімдері мен практикалық дағдыларын сынға салды.

🇰🇿Қазақстан намысын жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың информатика пәнінен жеңімпаздары мен жүлдегерлерінен жасақталған ұлттық құрама қорғады.

🏆Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль және 1 мақтау грамотасын иеленді.

🥇Еламан Алишер, Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 8-сынып оқушысы – алтын медаль;

🥈Бельгимбаев Амир, Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 9-сынып оқушысы – күміс медаль;

🥉Ермұханов Ислам, Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы – қола медаль;

📃 Жангелді Санжар, Қарағанды облыстық Н. Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 9-сынып оқушысы – мақтау грамотасы.

👨‍🏫Ұлттық құраманы Қазақстан құрамасының жетекшісі, Astana IT University Бағдарламалық инженерия мектебінің ACM жаттықтырушысы, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы Темірлан Сатылханов және «EdLight Academy» білім беру орталығының информатика пәні бойынша жаттықтырушы-оқытушысы Арман Исаев дайындады.

📈Айта кетейік, 2025 жылы Қазақстан құрамасы EJOI олимпиадасында 1 күміс және 3 қола медаль иеленген болатын. Биыл ұлттық құраманың қоржыны алтын медальмен толықты.

👏Жүлдегерлер мен олардың жаттықтырушыларын құттықтаймыз!