«Мектеп оқушыларының психологиялық әл-ауқаты:  тәуекелдер, ресурстар және психологиялық қолдаудың тиімді тәжірибелері» тақырыбында республикалық семинарды өткізу туралы ақпараттық хат

Бүгінгі білім беру ортасындағы қарқынды өзгерістер жағдайында білім алушылардың психологиялық қауіпсіздігін, тұрақтылығы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету ерекше өзектілікке ие болып отыр. Қазіргі заманғы сын-қатерлер білім беру жүйесінен психологиялық тәуекелдерді уақтылы анықтауды, мектеп оқушыларының тұлғалық ресурстарын дамытуды және оларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу тетіктерін жетілдіруді талап етеді. Бұл бағытта педагог-психологтерге ерекше рөл жүктеледі. Олардың қызметі психологиялық қолайсыздықтың алдын алуға, білім алушылардың эмоционалдық жағдайын қолдауға, олардың бейімделу ресурстарын дамытуға және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған.

Қазіргі білім беру ортасында оқушылардың психологиялық қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз етуде педагог-психологтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығы 2026 жылдың 27-29 қазанаралығында Алматы қаласы Шоқан Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия базасында «Мектеп оқушыларының психологиялық әл-ауқаты: тәуекелдер, ресурстар және психологиялық қолдаудың тиімді тәжірибелері»  тақырыбында республикалық семинар өткізеді.

Семинардың міндеттері:

-оқушылардың заманауи психологиялық тәуекелдерін: буллинг, мазасыздық, суицидтік тәуекелді зерделеу;

-білім алушылардың психологиялық қолайсыздығын және қауіп факторларын ерте анықтау дағдыларын қалыптастыру;

-мектеп оқушылары арасындағы психологиялық тәуекелдердің алдын алудың негізгі бағыттары мен әдістерін айқындау;

-оқушылармен, ата-аналармен және педагогтермен психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу және кәсіби өзара іс-қимыл жасау дағдыларын жетілдіру.

Семинар спикерлері:

1. Кудиярова Анна МергенбаевнаPhD, психоаналитик, Орталық Азия психоанализ институтының директоры, Қазақстан Психоаналитикалық қауымдастығының мүшесі, Америкалық Психоаналитикалық қауымдастығының және Халықаралық Нейропсихоанализ қауымдастығының (АҚШ) мүшесі;

2. Коканова Венера Сембековна – Алматы қаласы Білім басқармасының Психологиялық қолдау орталығының директоры;

3. Байздрахманова Алия Камидулловна – психология ғылымдарының кандидаты, Каспий қоғамдық университетінің «Клиникалық психология» мамандығы бойынша қауымдастырылған профессоры, «Жанұя» отбасын қолдау орталығы» қоғамдық қорының суицид және зорлық-зомбылық мәселелері бойынша сарапшысы, «Қазақстандық психологиялық қоғам» РҚБ халықаралық тренері;

4.  Качалкина Наталья Викторовна – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі Білім басқармасының психологиялық қолдау орталығының директоры және алдыңғы қатарлы отандық психолог-ғалымдар жүргізеді.

Семинарға қатысу үшін білім беру ұйымдарының педагог – психологтері, «Дарын» аймақтық орталықтары мен психологиялық қолдау орталықтарының әдіскер-психологтері шақырылады.

Іс-шара соңында, қатысушыларға семинарға қатысқаны үшін сертификат табысталады.

Ұсынылған квотаны сақтай отырып, (әр аймақтан 5 адамнан артық емес) білім басқармасы бекіткен семинарға қатысу үшін өтінімді а.ж. 11 қазан айына дейін төмендегі үлгі бойынша t.bakieva@daryn.kz электрондық поштаға жіберу қажет, сондай-ақ барлық қатысушылар сілтеме http://tiny.cc/SEMINARPSI-2026 арқылы тіркеуден өтуі тиіс.

Іс-сапар шығындары (семинардың ұйымдастыру жарнасы 25900 теңге, жолы, тамақтануы, жататын орны) жіберуші тараптың есебінен төленеді.

Қатысушылардың келу күні 27 қазан, семинардың басталуы 28 қазан, аяқталуы  29 қазан сағат 17.00-ден кейін.

Қатысушының аты-жөні (толық)Жұмыс орныЛауазымыЕңбек өтіліТелефон, e-mail