Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Қазақ тілі мен әдебиетінен олимпиадаға дайындаудың тиімді әдістері: тәжірибе, талдау және заманауи технологиялар» тақырыбында республикалық семинары

Қазіргі білім беру жүйесінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын, шығармашылық әрі сыни ойлауын дамытуға, сондай-ақ олардың зерттеушілік және зияткерлік әлеуетін ашуға басымдық беріледі. Осы бағытта педагогтердің заманауи оқыту тәсілдері мен тиімді әдістемелік құралдарды меңгеріп, оны іс-тәжірибеде қолдануы – басты талап.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытуда оқушылардың мәтінді талдау, өз ойын жүйелі жеткізу, шығармашылық пайымдау және олимпиадалық тапсырмаларды орындау дағдыларын қалыптастырудың маңызы зор. Бұл бағытта педагогтердің кәсіби тәжірибесін жетілдіру, өзара тәжірибе алмасу және білім алушыларды олимпиадаға дайындаудың тиімді әдістемелік тәсілдерін дамытуға ерекше мән беріледі.

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2026 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес, 28-29 қазан күндері Алматы қаласында еліміздің білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Қазақ тілі мен әдебиетінен олимпиадаға дайындаудың тиімді әдістері: тәжірибе, талдау және заманауи технологиялар» тақырыбында республикалық семинар өткізеді.

Семинардың мақсаты – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби және әдістемелік құзыреттіліктерін арттыру, озық педагогикалық тәжірибелерді зерделеу, олимпиада тапсырмаларын талдау және шешу тәсілдерін жетілдіру, сондай-ақ заманауи технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын оқу үдерісінде тиімді қолдану жолдарын меңгерту.

Семинар бағдарламасында олимпиада тапсырмаларының құрылымы мен мазмұндық ерекшеліктері, олимпиадаға дайындықта қолданылатын авторлық әдістемелер мен практикалық тәсілдер, сондай-ақ заманауи цифрлық құралдар мен жасанды интеллектті қолданудың нақты тәжірибелері қарастырылады.

Семинарға қатысу туралы сұранысты а.ж. 15 қазанына дейін көрсетілген үлгі бойынша g.berdenova@daryn.kz электрондық поштасына жіберуіңізді сұраймыз.

Семинарға қатысушы әр педагог 15 қазанға дейін міндетті түрде http://tiny.cc/seminarkaz2026 сілтемесі бойынша жеке онлайн тіркелуден өту керек.

Іс-шараның өтетін орны: Алматы қаласы білім басқармасының «И.В. Панфилов атындағы №54 мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ, Алмалы ауданы, Панфилов көшесі, 68/73.

Іс-шараға келу күні – 27 қазан, басталуы – 28 қазан, аяқталуы – 29 қазан  сағат 17.00-ден кейін.

Семинар қатысушыларына сертификаттар табысталады.

Іс-сапар шығындары жіберуші жақтың есебінен (жолы, тамақтануы, тұруыжәне ұйымдастыру жарнасы). Семинарға қатысу үшін ұйымдастыру жарна                   25 900 теңгені құрайды.

Барлық сұрақтар бойыншабайланыс тел.: 8 (7172) 57-65-40.

№Қатысушының аты-жөніОблысыЖұмыс орныЖұмыс өтіліҚатысушының ЖСНЕmail, Байланыс телефоны