Олимпиада педагогтердің ақпараттық мәдениетін, кәсіби деңгейін және цифрлық ортада олимпиадалық есептерді шешу дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл шара дәстүрлі математикалық талдау мен онлайн платформалардың мүмкіндіктерін біріктіру арқылы мұғалімдердің шеберлігін шыңдауға жол ашады.

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2026 жылдың 19 қазанында математикадан бастауыш және жоғары сынып мұғалімдеріне арналған «ПедСтарт» республикалық қашықтық олимпиадасын (бұдан әрі – Олимпиада) өткізеді.

Олимпиаданың мақсаты - педагогтердің кәсіби шеберлігін дамыту мен қолдау, білім беру процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды белсенді пайдалануға ынталандыру, сондай-ақ мұғалімдерді оқыту қызметінде жоғары нәтижелерге жетуге жігерлендіру.

Олимпиада 2026 жылдың 19 қазанында өтеді. Конкурстың тапсырмаларын алуға қолжетімді сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін көрсетілген күні.  Кезеңнің өту мерзімі - 60 минут.

Олимпиадаға тіркелу бойынша нұсқаулықпен smart.daryn.kz сайтында танысуға болады.

Олимпиадаға қатысу үшін алынатын баллдардың максималды саны 25 ұпайды құрайды (яғни әр дұрыс шешкен  тапсырмаға 1 ұпай).
Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері жинаған ұпайларына сәйкес  дипломдармен марапатталады: 23–25 балл жинаған қатысушыларға І дәрежелі (жеңімпаздар), 20–22 балл жинағандарға ІІ дәрежелі, ал 16–19 балл жинағандарға ІІІ дәрежелі дипломдар (жүлдегерлер) табысталады.

Марапаттау материалдары (сертификат, диплом) ағымдағы жылғы 25 қазаннан бастап қатысушылардың жеке кабинеттерінде жүктеу үшін қолжетімді болады.

Олимпиадаға қатысу жарнасы 1900 (бір мың тоғыз жүз) теңгені құрайды.

Олимпиаданың қорытындысы smart.daryn.kz сайтында 22–25 қазан аралығында жарияланады.

Олимпиада ережесімен www.daryn.kz сайтында танысуға болады.

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: Астана қаласы, «Дарын» РҒПО, Мәңгілік Ел даңғылы, 8/2. Тел.: +7 (7172) 57-65-40