Жаңалықтар
61-ші Халықаралық математикалық олимпиадасы Санкт-Петербург қаласында өтуі тиіс еді. Алайда 2020 жылы пандемия жағдайында олимпиаданың тарихында бірінші рет бұл жарыс 20-28 қыркүйек аралығында онлайн форматында өтеді.
Халықаралық математикалық олимпиадасы (International Mathematical Olympiad) – бұл жыл сайын мемлекеттердің бірінде өткізілетін жоғары сынып оқушыларына арналған математикадан чемпионат.Соңғы жылдары Олимпиадада 5 құрлықтан 100-ден астам мемлекет қатысуда. Алғашғы Олимпиада 1959 жылы 7 елдің қатысуымен Румыния мемлекетінде өткен болатын.Ресей осымен 5-ші рет Халықаралық математикалық олимпиаданы өткізу мәртебесіне ие болып отыр.
Қазақстандық оқушылар 1993 жылы алғаш рет Халықаралық математикалық олимпиадаға қатысқан еді. Ал 2010 жылы Қазақстан 51-ші IMO-ның ұйымдастырушысы болып тағайындалды. Мұндай ірі іс шараны өткізу үшін қажетті барлық талаптарды өтіп, еліміз Олимпиаданы абыроймен атқарды. Сол Олимпиадада 100-ден астам елден 500 оқушы қатысқан еді.
1993 жылдан бері Халықаралық математикалық олимпиадасында Қазақстаннан 156 оқушы қатысты. Олар 15 алтын, 33 күміс, 64 қола медалді және 27 мақтау грамотасын иеленді.
Ұлттық команда Информатика бойынша республикалық олимпиада және іріктеу кезеңдерінің нәтижесінде құрылады.
Ұлттық команданың мүшелері: Сатубалдин Таир – Алматы қ. физика- математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы;
Бектемисов Тамирлан - Алматы қ. физика- математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы;Тен Юрий – Алматы қ. «Heileybury»,мектебінің оқушысы; Сам Фетуллах- Нур-Султан қ. «Білім-инновация» мамандандырылған лицейінің оқушысы; Дуйсенбеков Данат - «Spectrum» халықаралық мектебінің оқушысы; Шынтас Нуртас - Алматы қ. «Heileybury» мектебінің түлегі.
Ұлттық команданың жаттықтырушысы – Сатылханов Канат, математикадан халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы.
61-ші Халықаралық математикалық олимпиадасында ұлттық командамызға жеңіс тілейміз!