Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2024 жылдың 19-20 ақпан күндері қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінен  бастауыш және жоғары сынып мұғалімдеріне арналған «ПедСтарт» республикалық қашықтық олимпиадасын (бұдан әрі - Олимпиада) өткізеді.

Олимпиаданың мақсаты: кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникативтік технологияларды дамыту, қолдау және пайдалану.

Олимпиада 19-20 ақпан аралығында сағат 09.00-20.00 дейін (Астана уақыты бойынша) өтеді. Олимпиаданы өту уақыты 60 минут.

Олимпиадаға қатысу үшін:

1. Windows 8.1, 10, 11 немесе macOS 14, 13, 12, 11, 10.15, 10.14, 10.13 ЖК керек.

2. https://uchitelya.kz/kz/daryn сайтына кіру. Нұсқаулықты орындай отырып, Safe Exam Browser орнату және конфигурация файлын жүктеңіз.

3. Олимпиада Порталын ашыңыз. Ол үшін конфигурация файлын екі рет басу керек.

4. Олимпиада порталында тіркеуден өту қажет. Қатысушы жеке өзінің электрондық почтасы арқылы тіркелу маңызды.

Тіркелу бойынша туындаған мәселелер болса +77064021149 WhatsApp номеріне хабарласуға болады.

Тіркелу барысында қатесіз аты-жөніңізді (құжат бойынша), облыс, жұмыс орныңыз, қызметіңіз, жұмыс өтіліңіз, ЖСН, байланыс телефоныңызды көрсетесіз).

5. Тіркеу аяқталған соң порталдағы аккаунтқа кіріңіз.

6. Өзіңіздің жеке деректеріңізді дұрыс енгізгендігіңізге көз жеткізіңіз. Тіркеу кезінде қателік болған жағдайда, олимпиадаға қатысу және төлем жасар алдында аккаунттағы жеке деректерді «Профильді өңдеу» батырмасына басу арқылы түзетіңіз.

7. Олимпиада порталындағы аккаунтыңызда іс-шаралар тізімі көрсетіледі. Қажетті пәнді таңдап, «төлеу» түймешігін басыңыз.

8. Төлем жасау үшін экран ашылады. Олимпиадаға қатысу жарнасын Каспи немесе банк картасы арқылы төлеуге болады. Ол үшін Kaspi.kz. батырмасына бассаңыз Kaspi QR ашылады. QR Kaspi қосымшасы арқылы сканерлеп, қатысу жарнасын төлеуіңізге болады.

9. Kaspi қосымшасымен телефон арқылы да төлем жүргізуге болады. Ол үшін Kaspi.kz қосымшасындағы «Төлем жасау» бөліміне Uchitelya.kz деп жазасыз.

10. Олимпиада бетіне өтіп қажетті пәнді таңдаңыз.

11. Өз аккаунтыңызға кіріп, бастау түймешігін басыңыз.

Тестілеу «Тестілеуді бастау» түймешігін басқанда басталады. «Тексеруді аяқтау» түймешігін басқанға дейін қатысушы тапсырмалардың жауаптарды өзгерте алады. Барлық сұрақтарға жауап бергеннен кейін «Тестті аяқтау» түймешігі пайда болады. Тестті аяқтап, нәтижелерді сақтау үшін оны басу керек. Ең бастысы! Тест бетін «Тестті аяқтау» түймешігін баспай жауып қойсаңыз, барлық жауаптарыңыз сақталмауы мүмкін.

Олимпиада қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі, сондай-ақ олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Дарын» РҒПО-ның I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Олимпиаданың Ережесімен daryn.kz сайтынан танысуға болады

Ұйымдастыру комитетінің тел. 8 (7172) 57-01-42

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2024 жылдың 8-10 қаңтар күндері математикадан бастауыш және жоғары сынып мұғалімдеріне арналған «ПедСтарт» республикалық қашықтық олимпиадасын (бұдан әрі - Олимпиада) өткізді.

Олимпиаданың мақсаты: кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникативтік технологияларды дамыту, қолдау және пайдалану.

«ПедСтарт» қашықтық олимпиадасының Ережесіне сәйкес жеңімпаз және жүлдегерлер болып анықталғандар:

Максималды 25 балл, бірақ 23 баллдан кем емес ұпай жинаған қатысушылар Олимпиада жеңімпаздары болып саналады (25-23 балл, І дәрежелі дипломдар);

22 балл, бірақ 20 балдан кем емес ұпай жинаған қатысушылар (22-20 балл, ІІ дәрежелі дипломдар);

19 балл, бірақ 16 балдан кем емес ұпай жинаған қатысушылар (19-16 балл, ІІІ дәрежелі дипломдар).

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады.

Барлық Олимпиада қатысушыларына сертификаттар тапсырылады.

Қазіргі жағдайда педагогтер педагогикалық ғылымды дамыту саласындағы жаңа тенденциялар туралы ақпаратқа ие болып, әртүрлі конкурстарға, шебер сыныптарына қатысып, өзін - өзі тәрбиелеумен айналысуы керек. Қашықтық Олимпиада педагогикалық қызметкерлердің ақпараттық мәдениетін, олардың кәсіби деңгейін және педагогикалық дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2024 жылдың 8-10 қаңтар күндері математикадан бастауыш және жоғары сынып мұғалімдеріне арналған «ПедСтарт» республикалық қашықтық олимпиадасын (бұдан әрі - Олимпиада) өткізеді.

Олимпиаданың мақсаты: кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникативтік технологияларды дамыту, қолдау және пайдалану.

Олимпиада 8-10 қаңтар аралығында сағат 09.00-23.00 дейін (Астана уақыты бойынша) өтеді. Олимпиаданы өту уақыты 60 минут.

Мұғалімдердің жинаған ұпайлары олимпиада аяқталғаннан кейін Жеке кабинетке шығады.

Олимпиадаға қатысу үшін:

1. Windows 8.1, 10, 11 немесе macOS 14, 13, 12, 11, 10.15, 10.14, 10.13 ЖК керек.

2. https://pedstart.daryn.kz сайтына кіру. Нұсқаулықты орындай отырып, Safe Exam Browser орнату және конфигурация файлын жүктеңіз.

3. Олимпиада Порталын ашыңыз. Ол үшін конфигурация файлын екі рет басу керек.

4. Олимпиада порталында тіркеуден өту қажет. Қатысушы жеке өзінің электрондық почтасы мен ЖСН арқылы тіркелу маңызды.

Тіркелу бойынша туындаған мәселелер болса +77172570132 WhatsApp номеріне хабарласуға болады.

5. Тіркеу аяқталған соң порталдағы аккаунтқа кіріңіз.

6. Өзіңіздің жеке деректеріңізді дұрыс енгізгендігіңізге көз жеткізіңіз. Тіркеу кезінде қателік болған жағдайда, олимпиадаға қатысу және төлем жасар алдында аккаунттағы жеке деректерді «Деректерді өзгерту» (Derekterdi ozgertu) батырмасына басу арқылы түзетіңіз.

7. Олимпиада порталындағы аккаунтыңызда іс-шаралар тізімі көрсетіледі. Қажетті пәнді таңдап, «төлеу» түймешігін басыңыз.

8. Төлем жасау үшін экран ашылады. Олимпиадаға қатысу жарнасын тек қана Kaspi қосымшасы арқылы төлеуге болады. Ол үшін Kaspi.kz. батырмасына бассаңыз Kaspi QR ашылады. QR Kaspi қосымшасы арқылы сканерлеп, қатысу жарнасын төлеуіңізге болады.

9. Kaspi қосымшасымен телефон арқылы да төлем жүргізуге болады. Ол үшін Kaspi.kz қосымшасындағы «Төлем жасау» бөліміне pedstart.daryn.kz. деп жазып, тапсырыс номеріне Олимпиада порталының төлем жасау бетінде қызғылт-сары түспен боялып көрсетілген номерді жазу керек.

10. Аккаунтты қалпына келтіріңіз. Сіздің Іс-шаралар тізімінде сіз төлеген олимпиадаларды көресіз.

11. Өз аккаунтыңызға кіріп, бастау түймешігін басыңыз.

Тестілеу «Тестілеуді бастау» түймешігін басқанда басталады. «Тексеруді аяқтау» түймешігін басқанға дейін қатысушы тапсырмалардың жауаптарды өзгерте алады. Барлық сұрақтарға жауап бергеннен кейін «Тестті аяқтау» түймешігі пайда болады. Тестті аяқтап, нәтижелерді сақтау үшін оны басу керек. Ең бастысы! Тест бетін «Тестті аяқтау» түймешігін баспай жауып қойсаңыз, барлық жауаптарыңыз сақталмауы мүмкін.

Олимпиада қорытындысы бойынша https://pedstart.daryn.kz платфоромасында барлық қатысушылардың жеке кабинеттерінде сертификаттар, сондай-ақ олимпиада жеңімпаздары үшін «Дарын» РҒПО-ның I, II, III дәрежелі дипломдары қолжетімді болады.

Олимпиаданың Ережесімен pedstart.daryn.kz сайтынан танысуға болады

Ұйымдастыру комитетінің тел. 8 (7172) 57-01-42

Сертификат немесе дипломды жүктеп алу үшін батырманы басыңыз

Құрметті "ПЕДСТАРТ" республикалық қашықтық олимпиадасының қатысушылары!

Қазақ, орыс, ағылшын тілдері, математика және мектепке дейінгі оқыту пәндері бойынша "ПедСтарт" республикалық қашықтық олимпиадасы аяқталды.

Олимпиада жеңімпаздары:
Олимпиада жеңімпаздары максималды 25 балл, бірақ 23 баллдан кем емес ұпай жинаған қатысушылар болып саналады (25-23 балл, І дәрежелі дипломдар);
Олимпиада жүлдегерлері:
1) 22 балл, бірақ 20 балдан кем емес ұпай жинаған қатысушылар (22-20 балл, ІІ дәрежелі дипломдар);
2) 19 балл, бірақ 16 балдан кем емес ұпай жинаған қатысушылар (19-16 балл, ІІІ дәрежелі дипломдар).
Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады.
Олимпиада қатысушыларына сертификаттар тапсырылады.

Сертификаттар мен дипломдар ақы төлеген педагогтарға ғана беріледі.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! ТӨЛЕМ ҚАБЫЛДАУ УАҚЫТЫ АЯҚТАЛДЫ. ТӨЛЕМ ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ. 

Сіздің төлеміңіз жеке кабинетіңізде көрсетілмейді, өйткені ол Олимпиадаға қатысу үшін бір реттік төлем болып табылады.

Жиналған баллдар бойынша нәтижелер сіздің жеке кабинеттеріңізде жарияланды. Ол үшін тіркелгіңізге кіру керек. Төлем өтті ме, жоқ па деп сұрау үшін қоңырау шалудың немесе жазудың қажеті жоқ. Егер сіз нұсқаулыққа сәйкес төлеген болсаңыз, қатысу үшін төлеміңіз түсті.

Нәтижелер бойынша сұрақтар туындаған жағдайда 8 7172 29-52-13, 87172 29-52-66 телефондарына хабарласуды сұраймыз. Сондай-ақ жеделхатта арна https://t.me/daryn_teachers (ПедСтарт бойынша барлық өзгерістер туралы телеграмм арнада қосымша хабарлаймыз)