ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына тұспа-тұс келген жалпы білім беру ұйымдарының 8-11(12) сынып оқушылары арасында ХХІ республикалық Абай оқуларын 2020 жылғы 23-25 тамыз күндері аралығында өткізді.
Еліміздегі індетке байланысты биыл Абай оқулары ерекше форматта өтті, себебі алғаш рет қашықтықтан Zoom платформасы арқылы онлайн режимде ұйымдастырылды, сонымен қатар, номинациялар бойынша You Yube каналында тікелей трансляция жүргізілді.
Абай оқуларына Қазақстанның барлық облыстарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан, республикалық білім ұйымдарынан, ДББҰ «Назарбаев Зияткерлік мектептерінен» командалар қатысты. Абай оқуларының аудандық кезеңіне 13625 оқушы, облыстық кезеңіне 1759 оқушы қатысса, республикалық қорытынды кезеңде 120 оқушы 6 номинация бойынша бәйгеге түсіп бақтарын сынады.
Абай оқуларының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі 25 тамыз күні сағат 17.00-де Zoom платформасында онлайн режимде өтті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау үшін құрметті қонақ ретінде Жидебайдағы «Абай және Шәкәрім» кесенесі орналасқан Абай ауданының әкімі Байсабыров Жарқынбек Борашұлы, «Дарын» РҒПО директоры Боранбай Ақжол Аманжолұлы және ЖОО-ның филология ғылымдарының доктор, профессорларынан құралған қазылар алқасы қатысып құттықтауларын жеткізді.
Абай оқуларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған 48 оқушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен, медальдарымен марапатталды. Оның ішінде І дәрежелі дипломға – 6 оқушы, ІІ дәрежелі дипломға – 18 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломға – 24 оқушы ие болды. Сонымен қатар, орын алған оқушыларға: бірінші орынға – ұялы телефон, екінші орынға – смарт-сағат, үшінші орынға – фитнес-браслет, номинациялық дипломдарға – Абай жолының 4 томдық кітабы табысталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі және өңірлердің білім сапасының көрсеткіш РЕЙТИНГІ 1,2 қосымшада көрсетілген:
ХХІ Республикалық Абай оқуларының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне талдау | ||||||||
РЕЙТИНГ | Өңірлердің атауы | 23-25 тамыз 2020 жыл | Сапасы % | |||||
қатысушылар саны | жеңімпаздар мен жүлдегерлер саны | I | II | III | ||||
1 | Қарағанды облысы | 6 | 5 | 2 | 0 | 3 | 83 | |
2 | Шығыс Қазақстан облысы | 12 | 9 | 1 | 3 | 5 | 75 | |
3 | Алматы қаласы | 6 | 4 | 0 | 2 | 2 | 67 | |
4 | Жамбыл облысы | 6 | 4 | 0 | 2 | 2 | 67 | |
5 | Маңғыстау облысы | 6 | 4 | 0 | 1 | 3 | 67 | |
6 | Ақтөбе облысы | 6 | 4 | 1 | 3 | 0 | 67 | |
7 | Абай атындағы РММИ | 6 | 4 | 0 | 1 | 3 | 67 | |
8 | Павлодар облысы | 6 | 3 | 0 | 1 | 2 | 50 | |
9 | Қызылорда облысы | 6 | 3 | 1 | 2 | 0 | 50 | |
10 | Алматы облысы | 6 | 2 | 0 | 1 | 1 | 33 | |
11 | Ақмола облысы | 6 | 2 | 0 | 0 | 2 | 33 | |
12 | ДББҰ «НЗМ» | 6 | 1 | 1 | 0 | 0 | 17 | |
13 | Нұр-Сұлтан қаласы | 6 | 1 | 0 | 1 | 0 | 17 | |
14 | Атырау облысы | 6 | 1 | 0 | 1 | 0 | 17 | |
15 | Солтүстік Қазақстан облысы | 6 | 1 | 0 | 0 | 1 | 17 | |
16 | КеАҚ«РФММ» | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | |
17 | Қостанай облысы | 6 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | |
18 | КеАҚ «РФММ» филиалы | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | |
19 | Батыс Қазақстан облысы | 6 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | |
20 | Шымкент қаласы | 6 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | |
21 | Түркістан облысы | 6 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | |
22 | «Бөбек» ҰҒПББСО | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | |
23 | Қорытынды | 120 | 48 | 6 | 18 | 24 |
Білім беру ұйымдардың 8-11(12) сынып оқушылары арасында XХІ республикалық Абай оқуларының жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі