Қазақстан құрама командасының Географиядан 17-ші Халықаралық олимпиадаға (IGeO) қатысатындығы туралы БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Қазақстанның ұлттық құрама командасы а.ж. 10-16 тамыз аралығында Түркияның Ыстанбұл қаласында қашықтықтан онлайн форматта өтетін Географиядан 17-ші халықаралық олимпиадаға (бұдан әрі – IGeO) қатысып бақ сынайтын болады.

IGeO 1996 жылдан бері Халықаралық географиялық одақтың (IGU) қамқорлығымен өткізіліп келеді. Алғаш рет өз бастауын Гаага қаласынан алған IGeO, жыл сайын әлемнің әр елінде өткізіліп келеді. Осы ғылымға қызығушылық танытатын ұл-қыздардың өз білімдерін көрсетуге және өздерінің білім көкжиегін кеңейтуге, осы салада жетістікке жетуге деген ұмтылыстары жыл сайын артуда.

IGeO-ға қатысқалы бері Қазақстан құрамасының қоржынындағы тұңғыш жүлде – қола медальді 2017 жылы Сербияның астанасы Белград қаласында Нұрмағамбет Данат еншілеген болатын.

Биылғы жылы Қазақстан құрама командасының құрамында:

Валеев Рустам – Ақтөбе қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы;

Мұқанов Бейхан – Ақтөбе қ. дарынды балаларға арналған «Білім- инновация» лицей – интернатының 10 сынып оқушысы;

Тазабек Еркебұлан – Шымкент қ. химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы;

Сапарбеков Ерасыл – Қызылорда қ. облыстық дарынды балаларға арналған №9 «Білім-инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы.

Құрама команда жаттықтырушылары:

Нюсупова Гульнара Нурмухамедовна    – геогр.ғ.д., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессоры;

Калимурзина Айсулу Мусаевна – PhD, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің доценті м.а.

Пікірнама:

Географиядан еуропалық (EGeO-2021) олимпиадасының қола жүлдегері Тазабек Еркебұлан команданың интеллектуалдық жекпе-жекке қызу дайындалып жатқанын айтты.

«Біз биылғы жылы еліміздің қазынасын медальдармен толықтырып, Қазақстанның жалғыз жүлдегері Данат Нұрмағамбетпен бір қатарға тұра аламыз деп үміттенеміз», – деп түйіндеді Еркебұлан.

Жаттықтырушылар биыл ұлттық құрамада халықаралық аренада, атап айтқанда еуропалық олимпиадада жүлде алған балалар жиналды, сондықтан IGeO -да жүлделі орындарға ие болу мүмкіндігіміз бар екенін атап өтті.

Жаттықтырушылар Ұлттық командамыздың құрамында жуықта халықаралық деңгейде өткен география пәні бойынша Еуропалық олимпиаданың жүлдегерлерінің жиналғандығын айта отырып, осы жылғы IGeO-да жүлделі орындарға ие болу мүмкіндігіміздің бар екендігін атап өтті.

Тарихи анықтама:

Нұрмағамбет Данат Мұратұлы – IGeO-2017 халықаралық география олимпиадасында қола жүлдегер атанған тұнғыш Қазақстандық олимпиадашы. Қостанай облысының Лисаков қаласы жалпы орта мектебінің түлегі.

2016-2017 жылдардағы География пәні бойынша республикалық олимпиадалардың алтын медаль иегері. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінің түлегі.

Өзінің жас болғанына қарамастан, Данат бос уақытында мектеп оқушыларын география пәнінен халықаралық олимпиадаларға жаттықтырып, өз тәжірибесімен бөлісіп жүр. Сонымен қатар Назарбаев Зияткерлік Мектептерінің 2020-2021 жж. желілік олимпиадалары мен «Дарын» РҒПО ұйымдастырған 2021 жылғы географиядан республикалық олимпиадада әділқазылар алқасында мүшелік еткенін де естеріңізге саламыз.

=========

Байланыс:
мекенжай: Нұр-Сұлтан қ., Республика даңғ., 34а
телефон: 8 (7172) 29-52-66
e-mail: media@daryn.kz