Қазақстан құрама командасының 38-ші математикадан Балқан олимпиадасына (ВМО) қатысатындығы туралы БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Қазақстан құрама командасы 2021 жылғы 6-10 қыркүйек аралығында қашықтықтан өтетін 38-ші математикадан Балқан олимпиадасына қатысады. Олимпиаданың ұйымдастырушысы – Кипр математикалық қоғамы (CYMS).
Олимпиада 1984 жылдан бері өткізіліп келеді, ал Қазақстан құрама командасы оған 2004 жылдан бері қатысып келеді.
2019 жылы Қазақстан құрама командасы 3 күміс және 3 қола медальға ие болса, 2020 жылы Қазақстан құрама командасы 2 күміс және 4 қола медальға ие болды.

Биылғы жылы құрама команданың құрамына 6 оқушы кірді:

1. Сатубалдин Таир – Алматы қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы;
2. Баймурзин Рахим – Қарағанды қ. химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы;
3. Сам Фетуллах – Нұр-Сұлтан қ. «Spectrum» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы;
4. Әбдіразақ Нұрасыл – Алматы қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы;
5. Тен Юрий – Алматы қ. халықаралық «Haileybury» мектебінің 12-сынып оқушысы;
6. Сакенов Батырхан – Алматы қаласы халықаралық «Haileybury» 12 сынып оқушысы.

Құрама команданың тренерлері:

1. Исахов Асылбек – PhD, ҚБТУ МКМ факультетінің деканы, команда жетекшісі:
2. Абдрахманов Ален – ҚБТУ 4-курс студенті, команда жетекшісі.

Қазақстан құрама командасының мүшелеріне сәттілік тілейміз!

=========
Байланыс:
мекенжай: Нұр-Сұлтан қ., Республика даңғ., 34а
телефон: 8 (7172) 29-52-66
e-mail: media@daryn.kz