Қоржында 4 медаль

Информатикадан Қазақстанның ұлттық құрама командасы беделді халықаралық олимпиадалар маусымын сәтті аяқтады. Қоржынымызда – 2 күміс және 2 қола медаль.

Биыл IOI 7-15 тамыз аралығында Джокьякарта қаласында (Индонезия) өтті және оған әлемнің 88 елінен 357 білімпаз қатысты.

Жүлдегерлермен таныс болыңыздар:
КҮМІС:

  • Жамбыл Мақсотов, БИЛ , Орал қ.;
  • Мухаммадариф Сахмолдин, ФМБ НЗМ, Семей қ.

ҚОЛА:

  • Ван Ли, РФММ, Алматы қ.;
  • Қорғанбаев Таймас, РФММ, Алматы қ.

Жетекшілер:

  • Темірлан Сатылханов – Astana IT University АСМ-тренері, халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жүлдегері;
  • Темірлан Байболов – Harbour Space University (Барселона, Испания) студенті, информатикадан республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы.

Еске сала кетейік, 2021 жылы қазақстандық оқушылар 4 қола медаль жеңіп алған болатын.

Осылайша, 7 халықаралық олимпиаданың қорытындысы бойынша біздің білімпаздар рекорды 27 медаль (3 алтын, 15 күміс, 9 қола) мен 1 Құрмет грамотасын жеңіп алды.

IOI-2022 жүлдегерлерін, олардың жаттықтырушыларын, педагогтары мен ата-аналарын керемет нәтижелерімен құттықтаймыз!