Жаһандық өзгерістер заманында қазіргі мектептің басты міндеті – білімді, дені сау, жан-жақты дамыған, толыққанды адамды тәрбиелеу. Бұл миссия оқу – тәрбие процесінің субъектілерінің: мұғалімдердің, әлеуметтік педагогтердің, психологтардың, ата-аналар мен оқушылардың бірлескен қызметімен іске асады. Білім беру ортасында бұл миссиядағы басым рөл психологтар мен әлеуметтік педагогтарға жүктеледі.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығы 2023 жылдың іс-шаралар жоспарына сәйкес 30 қазан – 1 қараша аралығында Астана қаласы Өзбекәлі Жәнібек атындағы №11мектеп-лицейінің базасында білім беру ұйымдарының психологтары мен әлеуметтік педагогтарына арналған «Қазіргі жағдайда педагог-психолог пен әлеуметтік педагогтің кәсіби қызметі» тақырыбында республикалық семинар өткізеді.
Семинардың мақсаты – заманауи мектептегі педагог-психологтің, әлеуметтік педагогтің кәсіби іс-әрекетіндегі инновациялық технологияларды талқылау.
Семинардың спикерлері:
- Исаханова Асель Алимахановна – педагогика ғылымдарының магистрі Астана IT университетінің профессоры, педагогика және психология PhD, арт-терапевт, Мемлекеттік басқару академиясының тренері.
- Капанова Гульмира Кадырбаевна – педагогика ғылымдарының магистрі, Астана қаласының Әдістемелік орталығының Психологиялық сүйемелдеу бөлімінің меңгерушісі.
- Исабекова Айжамал Керімбекқызы – педагогика ғылымдарының магистрі, Астана қаласы Әдістемелік орталығының Психологиялық сүйемелдеу бөлімінің аға әдіскері.
- Ашабекова Жазира Ашабекқызы – Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласы, Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің әлеуметтік педагогі.
Семинар бағдарламасында шебер-сыныптар, тренингтер, практикалық сабақтар қарастырылған.
Іс-шараға қатысу үшін білім беру ұйымдарының педагог – психологтары, әлеуметтік педагогтары шақырылады.
Семинардың соңында барлық қатысушыларға сертификат табысталады.
Ұсынылған квотаны сақтай отырып (әр аймақтан 6 адамнан артық емес (3 педагог-психолог, 3 әлеуметтік педагог) білім басқармасы бекіткен өтінімді а.ж. 13 қазанға дейін төмендегі үлгі бойынша t.bakieva@daryn.kz электрондық поштаға жіберу қажет, сондай-ақ барлық қатысушылар http://tiny.cc/SeminarPS2023 сілтеме арқылы тіркеуден өтуі тиіс.
№ | Қатысушының ата-жөні (толық) | Жұмыс орны | Лауазымы | Еңбек өтілі | Телефон, e-mail | Қонақ үй қажеттілігі |
Іс-сапар шығындары (ұйымдастыру жарнасы 25 350 тенге, жолы, тамақтануы, жатын орны) жіберуші тараптың есебінен төленеді.
Іс-шараға қатысушылар үшін «Park Inn by Radisson Astana» қонақүйінде орындар қарастырылған. Тәулігіне бір адамға жатын орны таңғы асымен 12500 теңге құрайды.
Қатысушылардың келу күні 30 қазан сағат 14.00-ден, семинардың аяқталу күні 1 қараша 18.00-ден кейін.
Қонақ үйдің мекен-жайы: Астана қ., Сарыарқа 8а, байланыс телефоны
8 (7172) 67-00-00.
Ө.Жәнібек атындағы №11мектеп-лицейінің мекен-жайы: Абай даңғылы 6.
Барлық сұрақтар бойынша:
Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Алтын орда» бизнес орталығы,
3 қабат, 301 кабинет.
Байланыс тел.: 8 (7172) 57-01-42