«ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДА ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ ПЕН ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ҚЫЗМЕТІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРЫНА 100 АСТАМ ҰСТАЗ ҚАТЫСУДА
Бүгін, Астана қаласы Өзбекәлі Жәнібек атындағы №11 мектеп-лицейінің базасында «Қазіргі жағдайда педагог-психолог пен әлеуметтік педагогтің кәсіби қызметі» атты республикалық семинар өз жұмысын бастады.
Семинарда республикалық білім беру ұйымдарының 100-ден астам психологтары мен әлеуметтік педагогтары қатысуда.
Екі күндік семинардың мақсаты - заманауи мектептегі педагог-психологтің, әлеуметтік педагогтің кәсіби іс-әрекетіндегі инновациялық технологияларды талқылау.
Семинар бағдарламасында шебер-сыныптар, тренингтер, практикалық сабақтар қарастырылған.
Семинардың соңында барлық қатысушыларға сертификат табысталады.