ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ «ТАЛАНТТАРДЫ ДАЯРЛАУ ЗЕРТХАНАСЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНДА 3-ШІ КОМАНДАЛЫҚ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ


🧭Бүгін, Баку қаласында (Әзірбайжан) физика, химия және математика пәндері бойынша оқушылардың «Таланттарды даярлау зертханасы» халықаралық олимпиадасы өз мәресіне жетті.
🗺️Зияткерлік сайысқа Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Грузия құрама командалары қатысты.
👨🏻‍🎓Қазақстан құрама командасы 3 қатысушыдан тұрды.
💡Олимпиаданың негізгі идеясы – оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы ғылымдарға деген қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттерін анықтау және дамыту, жастар арасында ғылыми білімді тарату және дәріптеу.
🏆Халықаралық олимпиада қорытындысы бойынша еліміздің жасөспірімдер құрамасы 1 күміс медаль ұтып алып, 3-ші командалық орынға ие болды:
🥈Күміс медаль – Дария Бектұрсын – дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы, Павлодар қаласы;
📜Сертификат – Абылай Аппас, Алматы қаласындағы «Республикалық физика математикалық мектебі» коммерциялық емес акционерлік коғамының 9 сынып оқушысы;
📜Сертификат – Ерасыл Алтынбек, Астана қаласының дарынды ер балаларға арналған “Білім-инновация” лицей- интернатының 9 сынып оқушысы.
👨🏻‍🏫Құрама команданың жетекшісі: Нұрдәулет Қаласов, PhD доктор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы.
🖇️Айта кетсек, “Таланттарды даярлау зертханасы” олимпиадасы жыл сайын Әзербайжан мемлекетінде өтеді. Жарстың басты айырмашылығы, қатысушылар физика, математика және химия пәндері бойынша жоғары білім деңгейін көрсетуі керек.
✨Құрама команданы жетістіктерімен құттықтаймыз!