Ағ.ж. 4-5 қаңтар аралығында Астана қаласында еліміздің білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш мектепте олимпиадалық және логикалық есептерді шешу тәсілдері» тақырыбында республикалық семинар өтеді.
Семинардың мақсаты – бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту, математика пәнінен олимпиада тапсырмаларын шешуде педагогтердің біліктілігі мен дағдыларын жетілдіру.
Семинар бағдарламасында аудандық, республикалық олимпиада тапсырмаларының шешу тәсілдері және мектеп бағдарламасының күрделі логикалық есептерін талқылау жоспарланған.