АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢІНЕ 1 000-НАН АСТАМ ОҚУШЫ ҚАТЫСАДЫ

📢14 қаңтар күні Астана қаласында ауыл мектептерінің 9-11(12) сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үшінші кезеңі басталады.

👨🏻‍🎓Республикалық кезеңге олимпиаданың іріктеу кезеңінен өткен 1 088 оқушы қатысады.

🔰Республикалық кезең жаратылыстану-математикалық бағыттың 6 пәні бойынша (14-18 қаңтар аралықтарында) және қоғамдық-гуманитарлық бағыттың 7 пәні бойынша (21-25 қаңтар аралықтарында) бекітілген бағдарламаға сәйкес өткізіледі.

▶️Рреспубликалық кезең дәстүрлі форматта екі турдан тұрады.

💬« Ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарындылығы мен қабілеттерін анықтау және қолдау үшін оңтайлы жағдайлар жасау, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу, олардың зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануы мақсатында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлының тікелей тапсырмасы бойынша тұңғыш рет ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада 2023 жылғы қарашада бастау алды.

Ережеге сай олимпиада 13 пән бойынша өткізілуде және 3 кезеңнен тұрады: бірінші (бастапқы) кезеңге еліміздің әр өңірінен 78 404 оқушы қатысты. Екінші (іріктеу) кезеңінде 25 844 оқушы бақ сынасты. 1088 жеңімпаз үшінші (республикалық) кезеңге жолдама алды» – дейді «Дарын» РҒПО Зияткерлік іс-шараларды ұйымдастыру және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Айгерім Ерниязова.

🏆Олимпиада қорытындысы бойынша қатысушылардың жалпы санының 45%-нан құралатын жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. Олар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Сондай-ақ, барлық қатысушыларға сертификаттар және естелік сыйлықтар беріледі.

📜 Сонымен қатар, жеңімпаздарға еліміздің бірқатар ЖОО ректорлық гранттары табысталмақ.

🖇️Айта кетсек, III кезеңнің барлық қатысушылары «Дарын» республикалық сырттай мектебіне қабылданатын болады. Ал, I дәрежелі диплом иегерлері 2024 жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысады.