Бүгін, Атырау қаласында «Ұлттық құндылықтарға заманауи көзқарас және үздік тәжірибе» тақырыбында кеңейтілген оқу-әдістемелік кеңес отырысы өз жұмысын бастады.
Отырысқа мамандандырылған білім беру ұйымдарының директорлары және дарынды балалармен жұмыс жөніндегі өңірлік орталықтардың басшылары қатысуда.
Екі күндік Кеңес отырысы аясында Атырау облысының мамандандырылған мектептерінің жұмыс тәжірибесін тарату, білім беру үрдісінің рөлін адамды ұлттық құндылықтар негізінде білім алуға мақсатты даярлаудың негізгі құралы ретінде анықтау көзделеді.
Кеңес бағдарламасында пленарлық отырыс, пән мұғалімдерінің шығармашылық шеберлік жұмыстары, инновациялық идеялар панорамасы (IT- жобаларын презентациялау, авторлық бағдарламалар, ғылыми-зерттеу әзірлемелері), дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің жұмыс тәжірибесін көрсету, оқушылардың шығармашылық жұмыстарын презентациялау қарастырылған.
Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және Атырау облысының білім басқармасы.