Ө. Жолдасбеков атындағы ХІV Халықаралық математика және механика бойынша зерттеу жобалары конкурсының өту орытындылары бойынша

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ө.Жолдасбеков атындағы ХІV Халықаралық математика және механика бойынша зерттеу жобалары конкурсын сәтті аяқтады. Академик Ш. Смағұлов атындағы Алматы облыстық дарынды балаларға арналған интернат мектебі базасында 2024 жылдың 5-6 наурызында өткен шара жас зерттеушілердің ғылыми жоба жұмыстарымен айналысудағы дарындылығы мен әлеуетінің айқын көрсеткіші болды.

Конкурста «Математика», «Қолданбалы математика», «Механика» және «Экономикадағы математикалық әдістер» атты төрт секция бойынша                           85 жобаны ұсынған 110 талантты оқушы қатысты.

Қазылар алқасының шешімімен 10 бірінші орын, 17 екінші орын және 28 үшінші орын анықталды, сондай-ақ ерекше жетістіктері үшін 19 грамота берілді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен, сондай-ақ алтын, күміс және қола медальдарымен марапатталды.

Конкурс қатысушылар мен ұйымдастырушылар және сарапшылар арасында білім мен тәжірибе алмасуға арналған алаңға айналды, сондай-ақ жастар арасындағы ғылыми зерттеулерді қолдау мен дамытудың маңыздылығын растай түсті.

Академик Ш. Смағұлов атындағы Алматы облыстық дарынды балаларға арналған интернат мектебі базасында өткізілген конкурс дарынды жас зерттеушілердің ғылым саласындағы әлеуетін ашуға мүмкіндік берді және дарынды жастарды қолдаудағы білім беру мекемелерінің ынтымақтастығының маңыздылығын көрсете алды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі

Секция Сілтеме || Ссылка
«Математика» секциясы https://youtube.com/live/enS3X1cpC4w?feature=share
«Қолданбалы математика» секциясы https://youtube.com/live/TM20I-pHWKw?feature=share
«Механика» секциясы https://youtube.com/live/8qZ8q3RfXds?feature=share
«Экономикадағы математикалық әдістер» секциясы https://youtube.com/live/oUtxtRRuA6s?feature=share

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы және Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетімен бірлесіп, жыл сайын дәстүрге айналып отырған Ө. Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобаларының ХІІІ Халықаралық конкурсын (бұдан әрі - Конкурс) 2023 жылғы 1-3 наурыз күндері аралығында өткізді.

Конкурстың мақсаты – оқушылардың ғылыми қызметке деген қызығушылығын арттыру және дамыту, ғылыми-техникалық саладағы ең дарынды оқушыларды анықтау және оларды одан әрі қолдау болып табылады. Конкурсқа Республикамыздың әр өңірінен және алыс-жақын шет мемлекеттердің 150 талантты оқушылары келіп қатысты.

Конкурсқа Тәжікстан, Қырғызстан Республикаларынан және Қазақстанның барлық өңірлерінен 112 жобамен 150 оқушы қатысты. Конкурсқа ағымдағы жылғы республикалық ғылыми жобалар конкурсының (бұдан әрі – РҒЖК) облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері және РҒЖК-ның қорытынды кезеңіне жолдама алған қатысушылар, сонымен қатар, шет мемлекеттердің ұлттық ғылыми жобалар жарыстарында жеңімпаз бен жүлдегер атанған 11(12) сынып оқушылары оқушылары бәсекеге түсті.

Конкурс қатысушылары 4 секция бойынша:  «Математика», «Қолданбалы математика», «Механика», «Экономикадағы математикалық әдістер» жобаларын қорғады.

Конкурстың ережесі бойынша қорытынды кезеңнің қатысушылар санының 60%-ы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және алтын, күміс, қола медальдарымен марапатталды.

Қазылар алқасының шешімімен қорытынды кезеңнің 86 жеңімпазы бен жүлдегері анықталды. Оның ішінде І дәрежелі дипломға 11 жобамен 15 қатысушы, ІІ дәрежелі дипломға 21 жобамен 28 қатысушы, ІІІ дәрежелі дипломға 31 жобамен 43 қатысушы ие болды. Сонымен қатар, «Дарын» РҒПО-ның грамоталарымен                        22 қатысушы марапатталды және барлық қатысушыларға сертификаттар мен логотип салынған футболкалар табысталды.

Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында Конкурстың өту барысы «Дарын» РҒПО-ның YouTube арнасында тікелей эфир жүргізілді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 3 наурыз күні сағат 10.00-де (Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен) механика-математика факультетінің Ө.Жолдасбеков атындағы үлкен залында өтті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі 1 қосымшамен қоса беріледі.

 

 

1 қосымша

 

Ө. Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобаларының ХІІІ Халықаралық конкурсының жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі

 

Алматы қаласы, 2023 жылғы 1-3 наурыз

 

І дәрежелі диплом иегерлері
Қатысушының Тегі, Аты Өңірлердің атауы Секция атауы Топтық / жеке Жобаның тақырыбы Ауданы, Мектептің атауы (құжат бойынша) Жүлделі орны
1 Мұқаш Ермұхан Алматы қаласы Математика топтық Шешім қабылдау теориясын қолдану ерекшеліктері №178 мамандандырылған лицей 1
2 Әубәкір Іңкәр Алматы қаласы Математика топтық Шешім қабылдау теориясын қолдану ерекшеліктері №178 мамандандырылған лицей 1
3 Жөкен Диар Алматы қаласы Механика топтық Қоймалық сақтауды автоматтандыруға арналған робот манипуляторлар жүйесі. Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия 1
4 Абай Бағжан Алматы қаласы Механика топтық Қоймалық сақтауды автоматтандыруға арналған робот манипуляторлар жүйесі. Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия 1
5 Мақұлбек Думан Жамбыл облысы Қолданбалы математика Жеке Машиналар мен механизмдер қозғалысын дифференциалдық және интегралдық есептеулер негізінде зерттеу Төле би атындағы №8 гимназия 1
6 Оразбай Нұрхан Костанай облысы Механика жеке Многофункциональный дрон с применением нейронной сети для агропромышленного дела Специализированная школа-лицей-интернат информацион-ных технологий "Озат" 1
7 Федорук Евгений Костанай облысы Механика топтық Многоцелевой трактор Общеобразовательная школа № 5 им.Б.Момышулы города Костаная 1
8 Осетров Вадим Костанай облысы Механика топтық Многоцелевой трактор Общеобразовательная школа № 5 им.Б.Момышулы города Костаная 1
9 Безносенко Михаил Костанай облысы Математика жеке Использование золотого сечения при производстве художественных кованных изделий Новостройская общеобразовательная школа Карабалыкского района 1
10 Чингинина Асема Павлодар облысы Экономикадағы
математикалық әдістер
жеке Использование математических методов при производстве бетона из стекольного порошка Павлодар қаласындағы "Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей интернат"КММ 1
11 Оспанов Даян Түркістан облысы Математика жеке Стандартты емес есептерді шешуде анықтауыштардың жаңа қолданылуы Қазығұрт ауданы, "Жамбыл Қаппаров атындағы №5 мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернаты" КММ 1
12 Кантаева Эльнура Шымкент қаласы Механика жеке Зағип жандарға арналған "Ақылды таяқ" жобасы №137 жалпы орта білім беретін мектеп КММ 1
13 Мамырбек Жәнел "НЗМ" ДББҰ Қолданбалы математика жеке Применение искусственного интеллекта в выявлении сердечно-сосудистых заболеваниях НИШ г. Астана 1
14 Алишерова Аделина Қырғызстан Республикасы, Бішкек қ. Математика топтық Применение производной в разных науках Учебно-воспитательный комплекс школа-гимназия №9 1
15 Кармышева Кундуз Қырғызстан Республикасы, Бішкек қ. Математика топтық Применение производной в разных науках Учебно-воспитательный комплекс школа-гимназия №9 1
ІІ дәрежелі диплом иегерлері
1 Токенов Нурадиль Абай облысы Қолданбалы математика топтық Коноидальды саңылау қолдану
арқылы қымыз дайындау
процесін оптимизациялау.
«№3 жалпы орта білім беретін
мектеп» КММ
2
2 Нұрғалеев Арыстан Абай облысы Қолданбалы математика топтық Коноидальды саңылау қолдану
арқылы қымыз дайындау
процесін оптимизациялау.
ФМБ НЗМ 2
3 Курбанова Ильнара Абай облысы Математика жеке Геометрияны химия
есептерінде қолдану
"35 ЖОББМ"
КММ
2
4 Сулейманова Адия Ақтөбе облысы Математика топтық Параболаның ерекше қасиеттері Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия 2
5 Құлекен Диас Ақтөбе облысы Математика топтық Параболаның ерекше қасиеттері Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия 2
6 Жақсығали Айсұлу Ақтөбе облысы Экономикадағы
математикалық әдістер
топтық Дамытушы құрал-кәсіпкерліктің бастауы Хромтау ауданы "№4 Хромтау орта мектебі 2
7 Серикбаева Перизат Ақтөбе облысы Экономикадағы
математикалық әдістер
топтық Дамытушы құрал-кәсіпкерліктің бастауы Хромтау ауданы "№4 Хромтау орта мектебі 2
8 Жалғасбек Адал Алматы қаласы Экономикадағы
математикалық әдістер
топтық Қазақстан Республикасының элеуметтік экономикалық дамуының өзекті мәселелері №178 мамандандырылған лицей 2
9 Маратова Аяжан Алматы қаласы Экономикадағы
математикалық әдістер
топтық Қазақстан Республикасының элеуметтік экономикалық дамуының өзекті мәселелері №178 мамандандырылған лицей 2
10 Абдуразақ Мұқағали Астана қаласы Экономикадағы
математикалық әдістер
топтық Қазақстандағы - қант шаруашылығы №9 "Зерде" мамандандырылған мектебі 2
11 Мұрал Арда Астана қаласы Экономикадағы
математикалық әдістер
топтық Қазақстандағы - қант шаруашылығы №9 "Зерде" мамандандырылған мектебі 2
12 Аман Алдияр Астана қаласы Математика жеке Графтар теориясының кейбір элементтерінің қолданылуы Алматы ауданы,№50 «Қазғарыш» мектеп-лицейі 2
13 Алмасқызы Зере Астана қаласы Қолданбалы математика жеке Фрактал как система биологического анализа с помощью двоичной последовательности №82 "Дарын" мамандандырылған лицейі 2
14 Абесбек Айя Жамбыл облысы Математика Жеке Педаль төртбұрыштардың кейбір қасиеттері Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясы 2
15 Титова Ангелина Костанай облысы Қолданбалы математика жеке Математическая модель провода воздушной линии электропередачи Гимназия им.А.М. Горького города Костаная 2
16 Хинаят Ләйлә Қарағанды облысы Экономикадағы
математикалық әдістер
жеке «Эко –сөмкелер, шоппер!» Қарағанды облысы білім басқармасының Бұқар Жырау ауданы білім бөлімі, "Көкпекті жалпы білім беретін мектебі" КММ 2
17 Сәйділдаева Замира Қызылорда облысы Механика жеке Smart Parking (жасанды интелект арқылы автокөлік тұрағындағы бос орындарды реттеу Қызылорда қаласы, №144 орта мектеп 2
18 Сансызбай Ырысжан Маңғыстау облысы Механика топтық Upqradinq a person Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-лицейі 2
19 Гумарова Гульнур Маңғыстау облысы Механика топтық Upqradinq a person Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-лицейі 2
20 Бочкарева Екатерина Павлодар облысы Механика жеке Создание умного светильника Ақсу қаласының лицей-мектебі 2
21 Клименко Георгий Павлодар облысы Механика жеке Электромагнитный ускоритель масс и его применение КГУ "Школа -гимназия№35" отдела образования города Экибастуза, управления Павлодарской области 2
22 Омар Айбала Павлодар облысы Экономикадағы
математикалық әдістер
жеке Шыныны қайта өңдеп әртүрлі кәдесыйлар дайындау бойынша бизнез жоспарлау Павлодар қаласындағы "Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей интернат" КММ 2
23 Султанбекова Эляра Түркістан облысы Механика жеке Атвуд машинасының жаңа модификациясын әзірлеу Нұртас Оңдасынов атындағы Түрістан мамандандырылған мектеп-интернаты 2
24 Аманғазин Еркебұлан Шығыс Қазақстан облысы Қолданбалы математика жеке Кейбір кездейсоқ шамалар мен
векторларды модельдеу
Шығыс Қазақстан облысы білім
басқармасының "Дарынды
балаларға арналған облыстық
мамандандырылған
мектеп-лицей-интернаты"
2
25 Абиш Ади Шымкент қаласы Математика жеке Үшбұрыштың биіктіктерінің қиылысу нүктесінде қандай қатынаста бөлінетіндігін формуламен беру А.Сейдімбек атындағы №80 ІТ мектеп лицейі 2
26 Балтабаев Нажмеддин Шымкент қаласы Механика жеке Суды тазартудың және тұщыландырудың жаңа тәсілі Дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған ІТ лицей-интернат 2
27 Акылбекова Адеми Қырғызстан Республикасы, Бішкек қ. Математика топтық Равновеликие фигуры и их площади Учебно-воспитательный комплекс школа-гимназия №9 2
28 Арстанбекова Акылай Қырғызстан Республикасы, Бішкек қ. Математика топтық Равновеликие фигуры и их площади Учебно-воспитательный комплекс школа-гимназия №9 2
ІІІ дәрежелі диплом иегерлері
1 Жайдахметова Әсем Абай облысы Механика жеке Ақылды жылыжай "Қалалық көпбейінді қазақ
мектеп-гимназиясы" КММ
3
2 Дауленхан Жанбота Алматы қаласы Қолданбалы математика топтық Эпидемиология есептерін шешудің сандық әдістері Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия 3
3 Оралбеков Нұрәлі Алматы қаласы Қолданбалы математика топтық Эпидемиология есептерін шешудің сандық әдістері Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия 3
4 Есенгелдин Ерасыл Алматы қаласы Механика жеке Нейтрондық радиография мен томографияны қолданудың техникалық аспектілері Шоқан Уалиханов атындағы мектеп 3
5 Майсыұлы Олжас Алматы қаласы Механика жеке Raspberry Pi базасында жасалған құтқарушы робот №39 мамандандырылған лицей 3
6 Согиндиков Нурсултан Алматы облысы Математика жеке Алгебралық теңсіздіктерді векторлық әдіспен дәлелдеу Іле ауданы, № 36 орта мектебі 3
7 Қанат Аянат Алматы облысы Қолданбалы математика жеке «Нейробика математикалық тренажёрдың интелектуалдық дамуға әсері»  Ұйғыр ауданы  «Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен» КММ 3
8 Кенесов Аскар Астана қаласы Механика жеке «PGP-power generation plates» Астана қаласы әкімдігінің «№3 мектеп-гимназиясы» ШЖҚ МКК 3
9 Алпамыс Айсұлу Астана қаласы Математика жеке Төртбұрыштардың ауданы үшін Герон формуласы Астана қаласы әкімдігінің «Қ.Мұхамедханов атындағы №90 гимназия» ШЖҚ МКК 3
10 Әділханұлы Мұхаммед Атырау облысы Механика жеке Альтернативті энергия түрлерін алу және қолдану Ж. Молдағалиев атындағы мамандандырылған мектеп лицей-интернаты 3
11 Биғали Гүлназ Батыс Қазақстан облысы Математика топтық Тригонометриялық есептерді геометриялық әдіспен шешу Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласы білім беру бөлімінің «№41мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 3
12 Сағынтаева Аида Батыс Қазақстан облысы Математика топтық Тригонометриялық есептерді геометриялық әдіспен шешу Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласы білім беру бөлімінің «№41мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 3
13 Момынқұл Нұрай Жамбыл облысы Математика Жеке Үшбұрыштың  теңбүйірлі болу шарттары  №53 мектеп-гимназиясы 3
14 Бекбосын Бірғаным Жамбыл облысы Математика Жеке Күн тәжі құрамына кіретін заттардың лақтырыстары жылдамдығын  анықтау  №49 мектеп-гимназиясы 3
15 Орынбасар Темірлан Жамбыл облысы Қолданбалы математика топтық Алгебра есептерін компьютерде модельдеу және шешу үшін автоматты жобалау жүйесін құру Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназия 3
16 Абсат Нурлыбек Жамбыл облысы Қолданбалы математика топтық Алгебра есептерін компьютерде модельдеу және шешу үшін автоматты жобалау жүйесін құру Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназия 3
17 Әсілжанова Альбина Жамбыл облысы Механика топтық Айнымалы магнит өрісінің металдан жасалған сақинаға әсер ететін күштерін зерттеу Дарынды балаларға арналған мамандандырылған "Дарын" лицей-интернаты 3
18 Тұрысбек Нуриддин Жамбыл облысы Механика топтық Айнымалы магнит өрісінің металдан жасалған сақинаға әсер ететін күштерін зерттеу Дарынды балаларға арналған мамандандырылған "Дарын" лицей-интернаты
3
19 Оразбаева Нурай Жамбыл облысы Экономикадағы
математикалық әдістер
Жеке Кәсіпкерлікті несиелеу тетіктерін жетілдіру  №45 қазақ классикалық гимназиясы 3
20 Оримбаева Дильназ Костанай облысы Математика жеке Системы линейных уравнений и методы их решения Физико-математический лицей города Костаная 3
21 Хасенова Алина Костанай облысы Экономикадағы
математикалық әдістер
жеке Бизнес "Sharing toys" в посткороновирусный период Специализированная школа-интернат имени И. Алтынсарина 3
22 Асқарова Аяжан Қарағанды облысы Қолданбалы математика топтық "IT фармацевт және есеп" Қарағанды облысы білім басқармасының Шет ауданы білім бөлімінің «Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясы» КММ 3
23 Темірлан Аружан Қарағанды облысы Қолданбалы математика топтық "IT фармацевт және есеп" Қарағанды облысы білім басқармасының Шет ауданы білім бөлімінің «Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясы» КММ 3
24 Муратхан Арай Қарағанды облысы Экономикадағы
математикалық әдістер
топтық Агроөнеркәсібіндегі табиғи таза өнімдерді нарыққа шығару "EcoGo" Қарағанды облысы білім басқармасының "Ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицей интернаты" 3
25 Қожан Инабат Қарағанды облысы Экономикадағы
математикалық әдістер
топтық Агроөнеркәсібіндегі табиғи таза өнімдерді нарыққа шығару "EcoGo" Қарағанды облысы білім басқармасының "Ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицей интернаты" 3
26 Жеңіс Әсел Қызылорда облысы Қолданбалы математика жеке Оңтайлы таңдау Арал ауданы, №14 мектеп-лицей 3
27 Елубай Нұрдаулет Қызылорда облысы Экономикадағы
математикалық әдістер
жеке Бизнес математика негіздері Қызылорда қаласы, Абай мектебі 3
28 Кульджан Малика Маңғыстау облысы Математика топтық Популяризация решения задач на проценты среди школьников через приложение TikTok Ақтау қаласы, мамандандырылған IT лицей 3
29 Ахмедова Алина Маңғыстау облысы Математика топтық Популяризация решения задач на проценты среди школьников через приложение TikTok Ақтау қаласы, мамандандырылған IT лицей 3
30 Аверкиева Кристина Маңғыстау облысы Экономикадағы
математикалық әдістер
топтық Перспективы развития яхтинга для детей в Актау Ақтау қаласы, мамандандырылған IT лицей 3
31 Толмакова Камилла Маңғыстау облысы Экономикадағы
математикалық әдістер
топтық Перспективы развития яхтинга для детей в Актау Ақтау қаласы, мамандандырылған IT лицей 3
32 Канжанова Меруерт Маңғыстау облысы Қолданбалы математика жеке Ламе қисықтары Ақтау қаласы, Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернат 3
33 Крайнова Карина Павлодар облысы Математика жеке Соотношения для сочетаний с повторениями "Екібастұз қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған №1 лицей-мектебі" ММ 3
34 Кабиев Алтынбек Павлодар облысы Механика топтық Комплексное мобильное устройство для полива Павлодар қ. «Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы» ММ 3
35 Аубакиров Арман Павлодар облысы Механика топтық Комплексное мобильное устройство для полива Павлодар қ. «Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы» ММ 3
36 Сапарбекұлы Олжас Түркістан облысы Механика жеке Ауадан су алу Арыс қаласы, М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі 3
37 Нұрболат Кәмшат Түркістан облысы Экономикадағы
математикалық әдістер
топтық Күлтөбе виртуальды мұражайы және оның Қазақстан экономикасына әкелетін пайдасы Түркістан облысының адами әулетті дамыту басқармасының "Дарын" мамандандырылған мектеп-интернаты КММ 3
38 Ануарбек Актолкын Түркістан облысы Экономикадағы
математикалық әдістер
топтық Күлтөбе виртуальды мұражайы және оның Қазақстан экономикасына әкелетін пайдасы Түркістан облысының адами әулетті дамыту басқармасының "Дарын" мамандандырылған мектеп-интернаты КММ 3
39 Сәлімжанқызы Жанайым "НЗМ" ДББҰ Математика жеке Шағын аймақта кіші құдықтарды тиімді орналастыру моделі НИШ ХБН г. Кызылорда 3
40 Акишев Ақжан Абай атындағы РММИ Математика топтық Пифгорлық және герондық үштіктердің қасиеттері Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты 3
41 Болатқан Нұрсат Абай атындағы РММИ Математика топтық Пифгорлық және герондық үштіктердің қасиеттері Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты 3
42 Самиев Санар Қырғызстан Республикасы, Бішкек қ. Механика топтық Лабораторный осциллограф Учебно-воспитательный комплекс школа-гимназия №9 3
43 Султанбеков Адилбай Қырғызстан Республикасы, Бішкек қ. Механика топтық Лабораторный осциллограф Учебно-воспитательный комплекс школа-гимназия №9 3
Грамота иегерлері
1 Байбосынова Мөлдір Абай облысы Математика жеке Айналамыздағы
арифметикалық прогрессия
"№5 жалпы білім беретін орта
мектеп"КММ
гр
2 Шаяхмет Аяулым Алматы қаласы Математика жеке Ең кіші квадраттар әдісін практикада қолдану №83 гимназия гр
3 Бобряшов Эрик Алматы облысы Математика жеке Нестандартное решение квадратных уравнении Талғар ауданы, "Талғар аудандық жеке-лицей интернаты №1" гр
4 Қанатнұр Аякөз Алматы облысы Механика жеке Су деңгейі сенсоры көмегімен "NEW PIPE" құбыр жүйесін автоматтандыру Алматы облысы, «Ш.Смағұлов атындағы мамандандырылған физика-математика лицей-интернаты» КММ гр
5 Мустафаев Тимур Алматы облысы Экономикадағы
математикалық әдістер
жеке Бизнес-проект развития туристического сектора в Иссыкском озере Талғар ауданы, "Талғар аудандық жеке-лицей интернаты №1" гр
6 Чичина Валерия Батыс Қазақстан облысы Қолданбалы математика жеке Математика в психологии Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Тасқала ауданы білім беру бөлімінің «C.Жақсығұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі гр
7 Пернебай Аружан Жамбыл облысы Экономикадағы
математикалық әдістер
Жеке «Кәсіпорындағы баға саясатын қалыптастыру» («Казпроектинжиниринг» ЖШС мәліметтері негізінде) Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясы гр
8 Тынысбай Ақжол Жетісу облысы Математика жеке Иррационал теңдеулер мен теңсіздіктерді шығарудың
«тамаша» әдістері
«Жетісу облысы білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
«Дарынды балаларға арналған Жыланды мамандандырылған
лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
гр
9 Малыбаева Әнел Қарағанды облысы Механика топтық Үстел теннисі ойынында доптың ұшуына ракета бетінің құрылымы мен доптың айналу қозғалысының әсері Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қалалық білім бөлімінің «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ гр
10 Тлеубай Аслан Қарағанды облысы Механика топтық Үстел теннисі ойынында доптың ұшуына ракета бетінің құрылымы мен доптың айналу қозғалысының әсері Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қалалық білім бөлімінің «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ гр
11 Абуталип Жанбота Қызылорда облысы Механика жеке Қоқыс сұрыптаушы робот "Пластик бөтелке қабылдайтын Валлибек" Сырдария ауданы, №36 мектеп-лицей гр
12 Есеналды Нұржан Солтүстік Қазақстан облысы Қолданбалы математика жеке ТОР КӨЗ ҚАҒАЗДАҒЫ ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІҢ ШЕШУ КЕЗІНДЕГІ ПИК ФОРМУЛАСЫНЫҢ  ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Петропавл қаласының білім бөлімі» КММ «Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп» КММ гр
13 Мұқаш Арайлым Солтүстік Қазақстан облысы Экономикадағы
математикалық әдістер
жеке Солтүстік Қазақстан аумақтарын дамытудағы өндірістік және экономикалық үрдістерді жобалау «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Петропавл қаласының білім бөлімі» КММ "Әлихан Бөкейхан атындағы №25 жалпы білім беретін орта мектеп" КММ гр
14 Есенәлі Ерсұлтан Түркістан облысы Қолданбалы математика жеке Торкөз дәптердегі көпбұрыш ауданын табудың тәсілдері. Пик формуласы Нұртас Оңдасынов атындағы Түрістан мамандандырылған мектеп-интернаты гр
15 Дыренков Артем Ұлытау облысы Қолданбалы математика жеке Мектеп жанындағы алаңда ағаштардың түрлік құрамы мен мөлшерін математикалық әдістермен зерттеу Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің "№26 гимназия" КММ гр
16 Айбекқызы Жадыра Шығыс Қазақстан облысы Механика жеке Металдарды доғалық дәнекерлеу
арқылы фазалық түрлендіруді
зерттеу
Шығыс Қазақстан облысы білім
басқармасының "Дарынды
балаларға арналған Жамбыл
атындағы облыстық
мамандандырылған
мектеп-гимназия-интернаты"
гр
17 Хегай Дайана "НЗМ" ДББҰ Математика жеке Система качественно-количественного голосования на технологии блокчейн НИШ ХБН г. Кызылорда гр
18 Қизат Бегімай Абай атындағы РММИ Қолданбалы математика топтық Қолайлылық коэффициенті Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты гр
19 Абай Адема Абай атындағы РММИ Қолданбалы математика топтық Қолайлылық коэффициенті Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты гр
20 Нурбеков Нуртилек Қырғызстан Республикасы, Бішкек қ. Механика топтық Устройство автоматического раскрытия парашюта Учебно-воспитательный комплекс школа-гимназия №9 гр
21 Гордымов Владислав Қырғызстан Республикасы, Бішкек қ. Механика топтық Устройство автоматического раскрытия парашюта Учебно-воспитательный комплекс школа-гимназия №9 гр
22 Жазыбек Алтынай Жамбыл облысы Механика жеке "Механикалық жүйелердің еріксіз тербелістерін заманауи есептеу әдістерімен зерттеу"  №3 мектеп-лицейі» гр

 

Секция Ссылка || сілтеме
Математика https://www.youtube.com/watch?v=cCS3h5F2mv4
Математика https://www.youtube.com/watch?v=OCQgrTmjJKk
Механика https://www.youtube.com/watch?v=6EA-O0BSC1Q
Механика https://www.youtube.com/live/bsHK2khRVrA?feature=share
Математикческие методы в экономике || Экономикадағы математикалық әдістер https://youtube.com/live/O7mqrh22iwc?feature=share
Прикладная математика || Қолданбалы математика https://www.youtube.com/live/Q40Ras6U4M8?feature=share 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі – «Дарын» РҒПО) мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (бұдан әрі – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) бірлесіп, жыл сайынғы дәстүрлі Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобаларының Халықаралық конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) 2023 жылдың 1-3 наурыз күндері өткізеді.

Конкурстың мақсаты – математика және механика саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтау. Конкурсқа жыл сайын Республикамыздың әр өңірінен және алыс-жақын шет мемлекеттердің 150-ден астам талантты оқушылары келіп қатысуда. Конкурс Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің механика-математика факультетінің базасында офлайн форматта өткізіледі.

Конкурсқа ағымдағы жылғы республикалық ғылыми жобалар конкурсының (бұдан әрі – РҒЖК) облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері және РҒЖК-ның қорытынды кезеңіне жолдама алған қатысушылар, сонымен қатар, шет мемлекеттердің ұлттық ғылыми жобалар жарыстарында жеңімпаз бен жүлдегер атанған оқушылары қатысады.

Конкурс қатысушылары білім беру ұйымдарының барлық типтері мен түрлерінің 11(12) сынып оқушылары болып табылады.

Конкурс қатысушылары «Математика», «Қолданбалы математика», «Механика» және «Экономикадағы математикалық әдістер» секциялары бойынша зерттеу жобаларын қорғайтын болады.

Конкурсты өткізу Ережесіне сәйкес жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Оқу-ағарту министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен және алтын, күміс, қола медальдарымен марапатталады.

Конкурстың ашылу салтанаты 1 наурыз күні сағат 10.00-де (Астана қаласының уақытымен) өтеді. Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі 3 наурыз күні сағат 11.00-де (Астана қаласының уақытымен) Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Ө. Жолдасбеков атындағы үлкен залында өтеді.

Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында Конкурстың өту барысы «Дарын» РҒПО-ның YouTube арнасында тікелей эфир жүргізіледі. Бейнетрансляцияға сілтеме «Дарын» РҒПО-ның әлеуметтік желілерінде ұсынылатын болады.

Қосымша ақпаратты төмендегі мекенжай бойынша алуға болады:

«Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы

Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8/2, тел: 8 (7172) 57-01-60

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2023 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 1-3 наурыз күндері «Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобаларының Халықаралық конкурсын» (бұдан әрі – Конкурс) өткізетінін хабарлайды. Конкурс Алматы қаласында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің механика-математика факультетінің базасында өтеді.

Конкурстың мақсаты – математика және механика саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтау.

Конкурсқа ағымдағы жылғы республикалық ғылыми жобалар конкурсының (бұдан әрі – РҒЖК) облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері және РҒЖК-ның қорытынды кезеңіне жолдама алған қатысушылар, сонымен қатар, шет мемлекеттердің ұлттық ғылыми жобалар жарыстарында жеңімпаз бен жүлдегер атанған оқушылары қатысады.

Конкурс қатысушылары білім беру ұйымдарының барлық типтері мен түрлерінің 11(12) сынып оқушылары болып табылады.

Конкурс 4 секция бойынша ұйымдастырылады және әр аймақтан – 6 ғылыми жоба жұмыстары қабылданады, келесі квота бойынша:

  1. «Математика» – 2 ғылыми жоба;
  2. «Қолданбалы математика» – 1 ғылыми жоба;
  3. «Механика» – 2 ғылыми жоба;
  4. «Экономикадағы математикалық әдістер» – 1 ғылыми жоба.

Конкурс туралы толық ақпарат пен Конкурстың Ережесі www.daryn.kz сайтында орналасқан.

Конкурсқа қатысу үшін дарынды балалармен жұмыс жөніндегі аймақтық ғылыми-практикалық орталықтары, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ, Республикалық білім беру ұйымдары сұраныс хатты 2023 жылғы 17 ақпанға дейін  e-mail: info@daryn.kz  жіберу қажет.

Қатысушылар мен жетекшілердің іссапар шығындары (тамақтануы мен жатын орны және екі жаққа келу/кету жол билеттері) жіберуші тараптың есебінен төленеді.

«Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесе отырып, 2022 жылғы 10-12 наурыз аралығында дәстүрлі Ө. Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша Халықаралық конкурсын офлайн форматта өткізеді.

 

Конкурстың мақсаты: оқушылардың логикалық ой-өрісін арттыруда, оларды математикаға қызықтыру және алған матемаикалық білімін сынап, өз-өзін дамытуларына жағдай жасау.

Конкурсты өткізу Ережесіне сәйкес жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Білім және ғылым министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен қатар алтын, күміс және қола медальдарымен марапатталады.

 

Қосымша ақпаратты төмендегі мекенжай бойынша алуға болады:

 

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Алтын Орда» БО

Тел: +7 (7172) 570-160

 

Интеллектуалды конкурстың өту барысы мен жеңімпаздары жөнінде алдағы уақытта арнайы материалымызда жазатын боламыз.

«Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесіп, 2021 жылғы 1-3 наурыз аралығында жыл сайын дәстүрге айналған Ө. Жолдасбеков атындағы математика әне механика бойынша зерттеу жобаларының ХІ Халықаралық конкурсын еліміздегі тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты қашықтықтан онлайн режимде өткізгенін хабарлайды.

Конкурстың мақсаты: оқушылардың математикадан білімін дамытуға барынша ықпал жасап, олардың зерттеушілік қызметін ұйымдастыру жүйесі мен құрылымын жетілдіру болып табылады.

Биыл Конкурс Қазақстандағы роботтық механика, механизмдер және машиналар теориясы мектебінің негізін қалаушы академик Өмірбек Арысланұлы Жолдасбековтың 90 жылдық мерейтойына тұспа-тұс келді. Конкурсымыздың ашылу салтанатында  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы бастаған бірнеше академик, профессорлар делегациясы Ө.А.Жолдасбековтың өмірі, еңбек жолы жайлы еске алып, ескерткішінің алдына гүл шоқтарын қойды.

Сонымен қатар, Халықаралық конкурстың қатысушыларына  құттықтау сөзі мен  «Дарын» РҒПО директоры Ақжол Аманжолұлы Боранбай  жалғастырыды.

Конкурсқа Түркия, Индонезия, Француз, Тәжікстан, Қырғызстан, Әзірбайжан Республикаларынан және Қазақстанның барлық өңірлерінен 166 жобамен 218 оқушы қатысты. Конкурстың қатысушылары Ережеге сәйкес математика, қолданбалы математика, механика және экономикадағы математикалық әдістер секциялары бойынша www.webinar.daryn.kz платформасында жобаларын қорғап, презентация жасады. Оқушылардың жобаларын қорғау барысындағы секция жұмыстары ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында YouTube каналдарында тікелей трансляциямен жүргізіліп отырды.

Қазылар алқасының құрамы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетінің деканы Д. Б. Жакебаев бастаған оқытушы жас ғалымдардан құралды.

Конкурстың өткізу Ережесіне сәйкес жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Білім және ғылым министрінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен, алтын, күміс және қола медальдарымен жалпы оқушы санының 45 пайызы марапатталды. Оның ішінде І дәрежелі дипломға – 15 жұмыспен 18 оқушы, ІІ дәрежелі дипломға – 25 жұмыспен 31 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломға – 34 жұмыспен 49 оқушы ие болды. Ерекше жетістіктері үшін грамоталармен 16 қатысушы марапатталды. Қорытынды кезеңнің барлық қатысушыларына  электронды сертификаттар берілді. (Дипломдар мен медальдар Қазпочта қызметінің көмегімен өз елді-мекендеріне жеткізілетін болады).

Конкурстың ашылу салтанаты және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі бағдарламаға сәйкес ZOOM платформасында өтті және YouTube, Facebook каналдарында тікелей эфир жүргізілді.

Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлер тізімі (1-қосымша) осы хатқа қоса беріледі.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесіп, жыл сайын дәстүрге айналып отырған отырған  Ө. Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша  ХІ Халықаралық зерттеу жобалары конкурсын (бұдан әрі - Конкурс)  2021 жылғы 1-3 наурыз аралығында өткізеді.

Конкурстың мақсаты: оқушылардың математикадан білімін дамытуға барынша ықпал жасап, олардың зерттеушілік қызметін ұйымдастыру жүйесі мен құрылымын жетілдіру болып табылады. Конкурсқа жыл сайын Республикамыздың әр өңірінен және алыс-жақын шет мемлекеттердің 150-ден астам талантты оқушылары келіп қатысуда.  Ал биылғы жылы еліміздегі COVID-19 эпидемиологиялық жағдайға байланысты аталмыш іс-шараны онлайн режимде өткізу жоспарлануда.

Конкурсқа Тәжікістан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Франция, Индонезия және Қазақстанның барлық өңірлерінен 200-ден астам республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде І, ІІ және ІІІ дипломдарымен марапатталған қазақстандық жеңімпаз-оқушылары мен шетел мектептерінің ұлттық ғылыми конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері математика, қолданбалы математика, механика және экономикадағы математикалық әдістер секциялары бойынша жобаларын қорғайды.

Конкурсты өткізу Ережесіне сәйкес жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Білім және ғылым министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен қатар алтын, күміс және қола медальдарымен   марапатталады.

Конкурстың ашылу рәсімі 1 наурыз күні сағат 10.00-де қатысушылар мен қонақтардың ZOOM – конференциясына қосылуымен және YouTube/Facebook те тікелей хабар тарату арқылы  өткізіледі.

Жабылу рәсімі, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау – 3 наурыз күні сағат 17.00-де  YouTube каналында өткізіледі.

Қосымша ақпаратты төмендегі мекенжай бойынша алуға болады:

«Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы

Нұр-Сұлтан қ., Республика даңғылы, 34а, «Нұр тау» БО

Тел: 8 (7172) 29-51-59

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 26 ақпандағы №61 "Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша жыл сайынғы халықаралық зерттеу жобалары конкурсын өткізу туралы" бұйрығын орындау барысында "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2021 жылғы 1-3 наурыз аралығында қашықтықтан ZOOM платформасында Ө. Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша XI халықаралық зерттеу жобалары конкурсын (бұдан әрі - Конкурс) өткізеді.

Конкурстың негізгі мақсаты - математика және механика саласындағы ғылыми – зерттеу саласына қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтау. Конкурстың   республикалық ғылыми жарыстарының облыстық кезеңінде І, ІІ және ІІІ дипломдарымен марапатталған қазақстандық  жеңімпаз-оқушылары  мен  шетел мектептерінің  ұлттық  ғылыми  жарыстарының  жеңімпаздары (математика, қолданбалы математика, механика және экономикадағы математикалық әдістер секцияларына) қатыса алады.

Команда құрамы 8 оқушыдан тұрады. Конкурстың Ережесі www.daryn.kz сайтында орналасқан.

Облыстық Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, «Назарбаев Зияткерлік мектептері», Дарынды балалармен жұмыс жөніндегі республикалық білім беру ұйымдары мен өңірлік ғылыми-практикалық орталықтары, ДБҰ басшылары, білім саласында жетекшілік ететін шетелдік ведомстволары бекіткен қорытынды кезеңге сұранысты Конкурс Ережесі (қосымшаларда көрсетілген нысаналар бойынша) бойынша 2021 жылдың 18 ақпанына дейін ұйымдастыру комитетіне  info@daryn.kz почтасына  жіберу қажет.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:

Нұр-Сұлтан қаласы,  Республика дан., 34 «а», «Дарын» РҒПО

тел 8(7172) 29-51-59, e-mаil:project@daryn.kz