Естеріңізге саламыз, “Тарих ата” республикалық олимпиадасына қатысу үшін нұсқаулықты қатаң ұстану қажет!
Бүгін, 2024 жылғы 14 мамыр күні https://games.daryn.kz / сайтында “Тарих ата” республикалық олимпиадасына тіркеуден өткен қатысушыларға күннің соңына дейін қатысуды растау үшін қолжетімділік ашылды.
2023-2024 оқу жылы
XIX РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ТАРИХ АТА» ОЛИМПИАДАСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ ХАТ
Оқушылардың Қазақстан тарихына деген қызығушылығын арттыру, олардың өз бетімен жұмыс жасау дағдылары мен алған білімін қолдану, іскерлік қабілеттерін қалыптастыру және патриоттық сезімдерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК 2024 жылғы 13-14 мамыр аралығында «Тарих ата» республикалық олимпиадасын өткізеді (бұдан әрі – Олимпиада). Олимпиаданың Ережесі www.daryn.kz сайтында орналастырылған.
Олимпиадаға Қазақстан Республикасының барлық білім беру ұйымдарының 5-9 сынып оқушылары қатыса алады. Олимпиада тапсырмаларындағы сұрақтардың саны 30-ды құрайды. Конкурсқа қатысу ерікті және міндетті емес.
Олимпиадаға қатысу үшін https://games.daryn.kz/ сайтында аккаунт болуы қажет. Аккаунт болуы және енгізілген деректердің дұрыстығын (қатысушының аты-жөнін) тексеру үшін 2024 жылғы 10 мамырдан (сағат 09:00-ден) 12 мамырға дейін (сағат 20:00-ге дейін) https://games.daryn.kz/students/index.php сілтемесі арқылы жеке кабинетке кіру қажет. Егер қатысушының аккаунты жоқ болса немесе қатысушының аты-жөні сәйкес келмесе, 2024 жылғы 10 мамырдан 12 мамырға дейін (сағат 20:00-ге дейін) https://games.daryn.kz/ сайтында тіркелу қажет. Тіркелу кезінде әр қатысушы өзінің жеке электрондық поштасын (өзге адамның поштасы болмауы тиіс) қолдануы тиіс.
Олимпиада 2024 жылғы 13 мамырда сағат 09:00-де басталады және 14 мамырда сағат 20:00-де аяқталады. Қатысушылар Олимпиада тапсырмаларын көрсетілген мерзім аралығында, өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта орындай алады.
Қатысушыларға ПК немесе ноутбук және Google Chrome браузерін ғана қолдану ұсынылады. Олимпиада аяқталғаннан кейін, қатысушылар 2024 жылғы 17 мамырда https://games.daryn.kz/ сайтындағы жеке кабинеттеріне кіріп, жинаған ұпайлары мен иеленген орындарын тексере алады.
Қосымша нұсқаулар https://games.daryn.kz сайтында жарияланған.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша қатысушылар «Дарын» РҒПО-ның I, II, III дәрежелі дипломдарымен және сертификаттарымен марапатталады. Соңғы нәтижелер 2024 жылдың 17 мамырында сайтта жарияланады.
2022-2023 оқу жылы
XVIII РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ТАРИХ АТА» ОЛИМПИАДАСЫН ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРТІЛДІ
«Тарих ата» республикалық олимпиадасына қатысушы санының көптігіне байланысты, олимпиада 4 күнге ұзартылады, олимпиада қашықтықтан онлайн режимде www.games.daryn.kz платформасында (бұдан әрі – Платформа) ағымдағы жылдың 30 мамыр мен 2 маусым күндері сағат 9:00-ден 23:00-ге дейін(Астана қ.уақыты бойынша) өткізіледі.
XVIII РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ТАРИХ АТА» ОЛИМПИАДАСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ ХАТ
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2023 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес, оқушылардың Қазақстан тарихына деген қызығушылығын арттыру, олардың өз бетімен жұмыс жасау дағдылары мен алған білімін қолдану, іскерлік қабілеттерін қалыптастыру және патриоттық сезімдерін жетілдіру мақсатында 5-9 сынып оқушылары арасында «Тарих ата» республикалық олимпиадасын (әрі қарай – Олимпиада) өткізеді.
Олимпиада қашықтықтан онлайн режимде www.games.daryn.kz платформасында (бұдан әрі – Платформа) ағымдағы жылдың 30-31 мамыр күндері сағат 9:00-ден 23:00-ге дейін(Астана қ.уақыты бойынша) өткізіледі.
Олимпиадаға қатысу үшін веб-камерасы бар компьютер немесе ноутбук қажет.
Қатысушылар Платформаға жеке кабинетіне кіріп, олимпиадаға қатысуын растауы керек. Жеке кабинеті болмаған жағдайда, қатысушылар ең алдымен Платформада тіркелуі қажет. Платформаға тіркелу және Олимпиадаға қатысуды растау ағымдағы жылдың 18-28 мамыр аралығында сағат 9:00-ден - 23:55-ке дейін (Астана қ.уақыты бойынша) қолжетімді болады.
Жеке кабинетте қатысуын растамаса, Олимпиадаға қатысуға жол берілмейді.
Олимпиада ережесі www.daryn.kz сайтында орналасқан.
Олимпиада қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі, жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Дарын» РҒПО-ның I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Қатысушылар сертификаттар мен дипломдарды Платформадағы жеке кабинеттерінен ағымдағы жылдың 2 маусым күні сағат 9:00-ден бастап жүктей алады.
2021-2022 оқу жылы
ҚАТЫСУШЫЛАР НАЗАРЫНА!
2022 жылдың 18 мамырында 5-9 сынып оқушылары арасында «Тарих ата» республикалық қашықтық олимпиадасы онлайн форматта өтуде.
Тіркелген қатысушылар санының шамадан тыс көп болуына байланысты сервердің техникалық мүмкіндігі толық жетпеуде. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, 5-9 сынып оқушылары арасында "Тарих ата" республикалық қашықтық олимпиадасын өткізу уақыты 2022 жылғы 19 мамыр сағат 18.00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша) ұзартылды.
Ескерте кететіні, бұл тек тіркелген оқушыларға ғана қатысты.
5-9 сынып оқушылары арасында XVII республикалық «Тарих ата» қашықтық олимпиадасын өткізу туралы ақпараттық хат
Оқушылардың Қазақстан тарихына деген қызығушылығын арттыру, өз бетінше жұмыс жасау дағдылары мен алған білімін қолдану, іскерліктерін қалыптастыру, патриоттық сезімдерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 5-9 сынып оқушылары арасында «Тарих ата» республикалық қашықтық олимпиадасын өткізеді.
Олимпиадаға тіркелу 2022 жылғы 12 мамыр сағат 09.00-ден бастап 16 мамыр сағат 10.00-ге дейін Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша болды.
Олимпиада ағымдағы жылдың 18 мамырында қашықтықтан Games.daryn.kz. сайтында келесі кесте бойынша өткізіледі:
№ | Сынып | Өткізілу уақыты
(Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен)
|
1 | 5 сынып | сағат 10.00-ден – 11.30-ға дейін |
2 | 6 сынып | сағат 12.00-ден – 13.30-ға дейін |
3 | 7 сынып | сағат 14.00-ден – 15.30-ға дейін |
4 | 8 сынып | сағат 15.00-ден – 16.30-ға дейін |
5 | 9 сынып | сағат 16.00-ден – 17.30-ға дейін |
Олимпиада ережесінің 10 тармағына сәйкес әр сынып бойынша тапсырмалар саны – 30, тапсырмаларды орындауға 60 минут бөлінеді (бір сұраққа 2 минут). Әрбір дұрыс жауап тапсырманың қиындық деңгейіне байланысты 1-ден 3 баллға дейін бағаланады.
Олимпиадаға қатысу үшін Games.daryn.kz. сайтына кіру қажет, жеке кабинетте ІС-ШАРАҒА ҚОСЫЛЫП, БАСТАУ түймесін басу керек.
Олимпиада аяқталғаннан кейін ұйымдастыру комитеті бір облыс, мектеп және сыныптан қатысқан оқушылар нәтижелерінің сәйкестігіне тексеру жүргізеді.
Қатысушы Олимпиада ережелерін бұзған жағдайда ұйымдастыру комитеті қатысушыны дисквалификациялауға (нәтижелерді ескермеуге, жүлдегерлер тізімінен алып тастауға) құқылы.
Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып, ең жоғары балл жинаған оқушылар танылады.
Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арналған "Дарын" РҒПО I, II, III дәрежелі дипломдары "Дарын" РҒПО ресми сайтында www.daryn.kz жүктеу үшін орналастырылады.
«ТАРИХ АТА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАШЫҚТЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ТІРКЕЛУ ДАТАЛАРЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Тарих ата» республикалық қашықтық олимпиадасын 2006 жылдан бастап дәстүрлі түрде өткізіп келеді.
Олимпиада қатысушылары (5-9 сынып оқушылары) 2022 жылдың 17 мамырында www.daryn.kz сайтында жарияланған кестеге сәйкес, 18 мамырда қашықтықтан онлайн режимде www.games.daryn.kz сайты арқылы қатысады.
2022 жылдың 12 мамырында Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 09.00-де олимпиада қатысушыларын тіркеу басталып, 16 мамыр сағат 10.00-ге дейін жалғасады.
Қатысушылардың назарына:
- Олимпиадаға қатысуға ниет білдірген оқушы алдымен ағымдағы жылдың 12 мамырында Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 09.00-да басталып, 16 мамырда сағат 10.00-де аяқталатын тіркелу мерзім аралығында www.games.daryn.kz сайтында тіркеуден өтуі қажет.
Тіркелу сілтемесі www.daryn.kz сайтында, сондай-ақ www.games.daryn.kz порталында 2022 жылдың 12 мамырында қолжетімді болады.
- «Тіркелу» батырмасын басу арқылы сауалнаманың ашылған формасында оқушы өзінің жеке электрондық поштасын көрсетеді және құпия сөз ойлап табады (логин мен құпия сөзді ұмытпау үшін оларды жеке блокнотқа бөлек жазып алу ұсынылады).
*Ескертпе: егер қатысушының платформада бұрын тіркегендігі анықталған жағдайда, онда қайта тіркелудің қажеті жоқ, тек «сбросить пароль» тетігін басу арқылы құпия сөзді жаңарту ғана қажет болады.
- Кестеге сәйкес, 2022 жылғы 18 мамырда олимпиадаға қатысушы тіркеу кезінде көрсеткен электрондық поштасы мен құпия сөзін енгізу арқылы жеке кабинетіне кіріп, тест тапсырмаларын орындауға көшеді.
- Олимпиада тапсырмаларын орындауға бөлінген уақыт – 60 минут (бір сұраққа 2 минут), тапсырмалар саны –30.
- Әрбір дұрыс жауап үшін тапсырманың күрделілік деңгейіне байланысты 1-ден 3 ұпайға дейін баға беріледі. Тапсырманың күрделілік деңгейін және ұпай мөлшері әдістемелік комиссия олимпиада тапсырмаларын құрастыру кезінде анықтап бекітеді.
- Олимпиаданың қорытындысы бойынша апелляция қарастырылмаған.
Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлердің I, II және III дәрежелі электронды дипломдары мен қатысушы сертификаттары www.games.daryn.kz сайтында оқушылардың жеке кабинеттерінде орналастырылатын болады.
«ТАРИХ АТА» ОЛИМПИАДАСЫНА ТІРКЕЛУ ТУРАЛЫ
ҚР БҒМ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2022 жылдың 18 мамырында 5-9 сынып оқушылары арасында республикалық «Тарих ата» қашықтық олимпиадасын онлайн форматта өткізеді.
Олимпиадаға қатысу үшін 2022 жылдың 12 мамырында Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 09.00-да тіркеу басталып, 16 мамырда сағат 10.00-де аяқталады. Тіркелу сілтемесі 12 мамырда, ал қатысу кестесі 17 мамырда сағат 10.00-де games.daryn.kz сайтында жарияланатын болады.
2020-2021 оқу жылы
5-9 сынып оқушылары арасында XVІ республикалық «Тарих ата» қашықтық олимпиадасы бойынша қорытынды турдың қорытындысы
5-9 сынып оқушылары арасында XVІ республикалық қашықтық «Тарих ата» олимпиадасының қорытындысы
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2006 жылдан бастап оқушылардың Қазақстан тарихына деген қызығушылығын арттыру, олардың өз бетімен жұмыс жасау дағдылары мен алған білімін қолдану, іскерлік қабілеттерін қалыптастыру және патриоттық сезімдерін жетілдіру мақсатында 5-9 сынып оқушылары арасында республикалық қашықтық «Тарих ата» олимпиадасын өткізіп келеді (бұдан әрі – Олимпиада).
Олимпиада жыл сайын екі тур бойынша өтеді:
1 тур – қашықтық;
2 тур – қорытынды.
Олимпиаданың 1 қашықтық туры 2021 жылғы 17 наурыз күні өтті.
Олимпиаданың 1 турына Республикамыздың барлық өңірлерінен 5-9 сыныптар арасынан 28 635 оқушы қатысып, қорытынды бойынша қатысушылардың жалпы санының 35%-ы яғни 9890 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды. Оның ішінде:
54-60 ұпаймен – 2314 оқушы І дәрежелі диплом иегерлері атанды;
49-53 ұпаймен – 3077 оқушы ІІ дәрежелі диплом иегерлері атанды;
43-48 ұпаймен – 4499 оқушы ІІІ дәрежелі диплом иегерлері атанды.
Олимпиаданың 2 қорытынды туры ағымдағы жылдың 20-21 мамыр күндері аралығында еліміздегі тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты онлайн режимде app.oqylyq.kz платформасында өткізілді.
Олимпиаданың 2 турына 1 турдан І дәрежелі дипломға ие болған 2314 оқушы қатысуға шақырылды, бірақ 920 оқушы қатысты. 2 тур тест түрінде өтті, қосымша жоғары ұпай жинаған 8-9 сынып оқушылары Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған тақырыптарға эссе жазды.
Олимпиаданың қорытынды туры бойынша әр сынып бойынша қатысушылар санының 35% марапатталды, 351 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды. Оның ішінде:
Сыныбы | Қатысушылар саны | Жеңімпаздар мен жүлдегерлер саны | 1 орын | 2 орын | 3 орын |
5 сынып | 69 | 24 | 7 | 9 | 8 |
6 сынып | 51 | 19 | 3 | 5 | 11 |
7 сынып | 378 | 138 | 31 | 50 | 57 |
8 сынып | 204 | 74 | 19 | 21 | 34 |
9 сынып | 218 | 96 | 31 | 18 | 46 |
Олимпиаданың жеңіпмаздары мен жүлдегерлері www.daryn.kz сайтынан жүлделі орынды растайтын атаулы дипломдары мен олимпиадаға қатысқаны туралы сертификаттарын жүктей алады.
Олимпиадаға барлық тілек білдірушілер өз еркімен тегін қатысып, ойлау қабілетін дамытып өз білімдерін тереңдетіп, өздерінің білім деңгейін бағалай алды, сонымен қатар, әр қатысушы қателіктермен өз бетінше жұмыс істеуге мүмкіндік алды.
Олимпиаданың қорытындысы мен нәтижелері www.daryn.kz сайтында және басқа да Facebook, Instagram, Telegram (https://t.me/daryn_centre, https://www.instagram.com/rspc_daryn/?hl=ru, https://www.facebook.com/RSPCDaryn) секілді әлеуметтік желілерде жарияланды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің тізімі
5-9 сынып оқушылары арасында «Тарих ата» республикалық қашықтық олимпиадасының 2 турын өткізу туралы баспасөз хабарламасы
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2006 жылдан бастап оқушылардың Қазақстан тарихына деген қызығушылығын арттыру, олардың өз бетімен жұмыс жасау дағдылары мен алған білімін қолдану, іскерлік қабілеттерін қалыптастыру және патриоттық сезімдерін жетілдіру мақсатында 5-9 сынып оқушылары арасында «Тарих ата» республикалық қашықтық олимпиадасын өткізіп келеді (бұдан әрі – Олимпиада).
Олимпиада жыл сайын екі тур бойынша өтеді.
1 тур – қашықтық, www.daryn.kz сайтында онлайн режимде 2021 жылғы 17 наурыз күні өтті.
2 қорытынды турын еліміздегі тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты онлайн режимде өткізу жоспарланып отыр.
Олимпиаданың қорытынды туры ағымдағы жылдың 20-21 мамыр күндері аралығында өткізіледі. Қорытынды турдың өткізілу форматы туралы толық ақпарат www.daryn.kz сайтында жарияланатын болады. 2 турға қатысу үшін 1 турдан І дәрежелі дипломға ие болған 2314 оқушы қатысады.
2 тур тест түрінде өтеді, қосымша жоғары ұпай жинаған 8-9 сынып оқушылары эссе жазады.
2 тур app.oqylyq.kz сайтында төмендегі кестеге сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша өтеді:
Сыныптар | Уақыты |
5,8 сыныптар | 10:00 |
6,9 сыныптар | 12:00 |
7 сынып | 14:00 |
Қатысу үшін app.oqylyq.kz сайтына кіріп код бойынша тіркеледі (әр сыныптың коды төменде көрсетілген), код тестілеу басталғанға дейін 1 сағат бұрын қолжетімді болады:
- Тарих ата 2 тур (5 класс, на русском языке) - PPW9k4eu
- Тарих ата 2 тур (5 сынып, қазақ тілінде) - 2Xev89RM
- Тарих ата 2 тур (6 класс, на русском языке) - tM3fd55a
- Тарих ата 2 тур (6 сынып, қазақ тілінде) - uF3SNfad
- Тарих ата 2 тур (7 класс, на русском языке) - Tpd9veLZ
- Тарих ата 2 тур (7 сынып, қазақ тілінде) - Kgf74yN6
- Тарих ата 2 тур (8 класс, на русском языке) - fLHq98VB
- Тарих ата 2 тур (8 сынып, қазақ тілінде) - LF34Bszk
- Тарих ата 2 тур (9 класс, на русском языке) - bx26GBbt
- Тарих ата 2 тур (9 сынып, қазақ тілінде) - 6RHJXMrC
Эссе 21 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-де app.oqylyq.kz сайтында өтеді, тестілеуге тіркелу кезінде енгізілген жеке мәліметтер бойынша (логин және пароль).
Олимпиаданың қорытындысы мен нәтижелері www.daryn.kz сайтында және басқа да Facebook, Instagram, Telegram (https://t.me/daryn_centre, https://www.instagram.com/rspc_daryn/?hl=ru, https://www.facebook.com/RSPCDaryn) секілді әлеуметтік желілерде жарияланатын болады.
Эссе тапсыратын 8-9 сынып оқушыларының тізімі
Бүгін «Тарих ата» республикалық қашықтық олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті. Қорытынды турға бірінші турдан І дәрежелі дипломға ие болған 2314 оқушы қатысты.
Назар аударыңыз! 5-7 сыныптар үшін қорытынды ақпарат 21 мамырда daryn.kz сайтында жарияланатын болады.
Бүгін тестілеуде жоғары балл жинаған 8-9 сынып оқушыларының тізімі daryn.kz сайтында оқушыларға/қорытынды ақпараттар мәзірінде жарияланды. Тізімдегі оқушылар ертен 21 мамыр күні Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 10:00-де app.oqylyq.kz сайтына кіріп, берілген тақырыпқа эссе жазады. Эссе жазу үшін тестілеуге тіркелу кезінде енгізілген жеке мәліметтер (логин және пароль) қажет болады.
8 сынып
№ | ФИ участника | Баллы |
1 | Айтжанов Муххамедазиз | 57 |
2 | Шурупова Александра | 60 |
3 | Мюльбергер Александра | 60 |
4 | Варгузов Егор | 58 |
5 | Вавилина Софья | 58 |
6 | Мұқан Сағит | 57 |
7 | Нурланова Бибинур | 58 |
8 | Морозова Анастасия | 56 |
9 | Каблуков Артем | 60 |
10 | Обухова Арина | 56 |
11 | Мырзахан Темирлан | 59 |
12 | Юн Анастасия | 58 |
13 | Калиниченко Ангелина | 56 |
14 | Айнагулова Саида | 58 |
15 | Қасымбекқызы Ақпейіл | 56 |
16 | Гусенова Эсмира | 58 |
17 | Шандер Диана | 55 |
18 | Кабидуллина Назым | 58 |
19 | Герцог Валерия | 58 |
20 | Цуканова Виктория | 57 |
21 | Малғаждаров Нұржан | 59 |
22 | Есенова Дана | 58 |
23 | Рахман Көркем | 56 |
24 | Рысбекова Жанель | 60 |
25 | Құттыбек Мерей | 57 |
26 | Аманжолов Ерболат | 60 |
27 | Аманжол Самира | 58 |
28 | Байжан Жансая | 58 |
29 | Алдибекова Айнара | 56 |
30 | Сайлаубай Аружан | 60 |
31 | Талапова Аяна | 55 |
32 | Айнабек Ботагөз | 56 |
33 | Саматова Айгерім | 57 |
34 | Нұрбекова Гүлназ | 56 |
35 | Муратова Ұлпан | 55 |
9 сынып
№ | ФИ участника | Баллы |
1 | Коньшин Глеб | 60 |
2 | Казимирова Милана | 60 |
3 | Тургамбек Ернар | 58 |
4 | Балабек Дания | 58 |
5 | марипова дильназ | 55 |
6 | Еркин Аделия | 57 |
7 | Лукомская Яна | 59 |
8 | Цой Валерия | 58 |
9 | Аскар Динислам | 58 |
10 | Сагимбекова Камила | 59 |
11 | Овсянникова Ольга | 59 |
12 | Бухгольц Екатерина | 59 |
13 | Базарбай Жасулан | 57 |
14 | Токарева Анастасия | 55 |
15 | Алтынбеков Нурхан | 55 |
16 | Темиргалиев Темирлан | 56 |
17 | Мурат Алмаз | 58 |
18 | Абдусаламова Наиля | 55 |
19 | Елеуова Лина | 59 |
20 | Ремезов Ренат | 59 |
21 | Молдабаев Тамирлан | 60 |
22 | Молдабаев Темирхан | 59 |
23 | Галиев Наиль | 59 |
24 | Русейкина Ксения | 58 |
25 | Андреева Татьяна | 58 |
26 | Шамшудинова Дильнас | 55 |
27 | Баярстанова Алина | 55 |
28 | Шорохов Кирилл | 55 |
29 | Қасымбек Дарина | 56 |
30 | Токенов Мирас | 56 |
31 | Таңатарова Нұрханым | 55 |
32 | Болысбекқызы Аяулым | 58 |
33 | Жолдыбаева Жанел | 59 |
34 | Алкулова Жұлдыз | 59 |
35 | Азимхан Мереке | 57 |
36 | Сража Аяулым | 56 |
37 | Есіркеп Таңнұр | 59 |
38 | Султанова Анель | 56 |
39 | Бейсен Жібек | 57 |
40 | Төремахан Альбина | 57 |
41 | Бибол Диас | 60 |
42 | Әбдуқадыр Мөлдір | 57 |
43 | Утегенов Санжар | 60 |
44 | Ибрагим Хафиза | 58 |
45 | Баймахан Фариза | 58 |
46 | Мейрхатов Ерасыл | 59 |
47 | Бигазы Нурлан | 55 |
48 | Сәбиева Аружан | 57 |
49 | Қуатқызы Айзада | 56 |
50 | Баянғали Бауыржан | 56 |
51 | Кудайберген Мадияр | 60 |
52 | Талғаров Дәулет | 57 |
53 | Ізтелеу Нұрлыбек | 57 |
54 | Арубай Абылай | 56 |
55 | Қойшыбай Меңтай | 57 |
56 | Бауыржанова Алида | 55 |
57 | Ерғали Ділназ | 58 |
58 | Ерсаинов Ержан | 55 |
59 | Губашева Аянат | 59 |
60 | Айдарбекова Динара | 56 |
61 | Бекетай Жанель | 55 |
62 | Zhanarbek Inkar | 56 |
63 | Таргынова Аяжан | 57 |
64 | Игдербай Таншолпан | 55 |
65 | Бақытқызы Аяжан | 56 |
66 | Мурзағали Аружан | 58 |
67 | Тауіржанұлы Асылан | 56 |
68 | Шалабаева Аймарал | 56 |
69 | Абдикадир Камила | 58 |
70 | Омирбек Аяна | 55 |
71 | Сәбденалы Диас | 56 |
72 | Тәңірбергенов Нұрасыл | 55 |
73 | Сәрсенбай Зейнеп | 59 |
74 | Талғатова Аружан | 60 |
75 | Кәрімова Алуа | 55 |
76 | Ауғанбай Таңсу | 56 |
77 | Отарбаева Дильназ | 59 |
78 | Амренова Амина | 58 |
79 | Рысқалиев Нұрсұлтан | 55 |
80 | Мұрат Барқыт | 59 |
81 | Шындалы Нұрбек | 55 |
82 | Естайұлы Бексұлтан | 59 |
83 | Дайрабаева Дамира | 59 |
84 | Жаңбырбай Әсел | 59 |
85 | Жылқышыбаева Әсел | 59 |
86 | Сапар Аида | 58 |
87 | Құсан Дастан | 55 |
88 | Теңізбаева Гүлфайруз | 59 |
89 | Қуантқанова Ақбота | 59 |
90 | Достанова Гулжанай | 59 |
91 | Мұратқан Диляра | 59 |
92 | Самигуллина Саида | 58 |
93 | Талғатқызы Перизат | 59 |
94 | Орынбасар Айнұр | 57 |
95 | Муртузаева Ясмин | 55 |
96 | Ғабдрахман Гүлбақыт | 58 |
97 | Игілік Аружан | 56 |
98 | Ауғанбай Таңсу | 58 |
5-9 сынып оқушылары арасында XVІ республикалық қашықтық «Тарих ата» олимпиадасының қорытындысы
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2006 жылдан бастап оқушылардың Қазақстан тарихына деген қызығушылығын арттыру, олардың өз бетімен жұмыс жасау дағдылары мен алған білімін қолдану, іскерлік қабілеттерін қалыптастыру және патриоттық сезімдерін жетілдіру мақсатында 5-9 сынып оқушылары арасында республикалық қашықтық «Тарих ата» олимпиадасын өткізіп келеді (бұдан әрі – Олимпиада).
Олимпиада жыл сайын екі тур бойынша өтеді.
1 тур – қашықтық, www.daryn.kz сайтында онлайн режимде;
2 тур – қорытынды, Қазақстанның тарихи орындарында офлайн режимде.
Олимпиаданың 1 қашықтық кезеңі 2021 жылғы 17 наурыз күні өтті.
Олимпиаданың 2 кезеңінің өту/өтпеуі еліміздегі тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты болып отыр. Ол жайында сайтта хабарлайтын боламыз, 2 кезеңге қатысу үшін 1 орын алған оқушылар арасында тағы да іріктеу кезеңі өткізілетін болады.
Олимпиадаға Республикамыздың барлық өңірлерінен 5-9 сыныптар арасынан 28 635 оқушы қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша қатысушылардың жалпы санының 35% марапатталды және 9890 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды. Оның ішінде:
54-60 ұпаймен – 2314 оқушы І дәрежелі диплом иегерлері атанды;
49-53 ұпаймен – 3077 оқушы ІІ дәрежелі диплом иегерлері атанды;
43-48 ұпаймен – 4499 оқушы ІІІ дәрежелі диплом иегерлері атанды.
Жеткілікті ұпай жинаған қатысушылар www.daryn.kz сайтынан жүлделі орынды растайтын атаулы дипломдары мен олимпиадаға қатысқаны туралы сертификаттарын жүктей алады.
Олимпиадаға барлық тілек білдірушілер өз еркімен тегін қатысып, ойлау қабілетін дамытып өз білімдерін тереңдетіп, өздерінің білім деңгейін бағалай алды, сонымен қатар, әр қатысушы қателіктермен өз бетінше жұмыс істеуге мүмкіндік алды.
Олимпиаданың қорытындысы мен нәтижелері www.daryn.kz сайтында және басқа да Facebook, Instagram, Telegram секілді әлеуметтік желілерде жарияланады.
«Дарын» республикалық орталығы 5-9 сынып оқушылары арасында XVI республикалық «Тарих ата» қашықтық олимпиадасын өткізетіндігін хабарлайды.
Олимпиада екі тур бойынша өткізіледі:
I тур – қашықтық кезеңі (тіркеуден өтудің қажеті жоқ). Тестілеуден өту 2021 жылдың 17 наурызы күні сағат 14:00 – ден 16:00 аралығында Нұр-Сұлтан уақыты бойынша мүмкін болады. Турдан өту уақыты – 40 минут. 14: 00-ден бастап қатысушының сауалнамасын толтырып, тестілеуді бастау керек.
II тур – қорытынды кезеңі. Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты қорытынды кезеңнің өту форматы алдағы уақытта хабарланатын болады.
Қорытынды турға қашықтық турда ең жоғары балл жинаған оқушылар қатысады.
Олимпиаданың қашықтық турының қорытындысы бойынша барлық қатысушылар үшін электронды сертификаттар, жеңімпаздар мен жүлдегерлер үшін «Дарын» РҒПО I, II, III дәрежелі дипломдары www.daryn.kz сайтында наурыз айының соңына дейін орналастырылады.
Олимпиаданың мазмұны бойынша 8(7172) 295-159 телефонына, техникалық сұрақтар бойынша 8(7172) 295-266 телефонына хабарласыңыз.