«Заманауи музыка сабағын жобалау – оқушылардың инновациялық білім беру нәтижелерін дамыту құралы» тақырыбында республикалық семинар өткізу туралы ақпараттық хат

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығы 2026 жылдың 9-11 желтоқсан аралығында Астана қаласы Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназия базасында «Заманауи музыка сабағын жобалау – оқушылардың инновациялық білім беру нәтижелерін дамыту құралы» тақырыбында республикалық семинар өткізеді.

Семинардың мақсаты – оқушылардың инновациялық білім беру нәтижелеріне қол жеткізуіне бағытталған заманауи сабақты жобалау, құрастыру және талдау саласындағы музыка мұғалімдерінің кәсіби әрі әдістемелік құзыреттіліктерін жетілдіру.

Семинар бағдарламасында практикалық сабақтар, шеберлік сыныптары және педагогтердің озық өңірлік тәжірибесін тарату көзделген.

Семинарға қатысуға білім беру ұйымдарының музыка мұғалімдері шақырылады.

Ұсынылған квотаны сақтай отырып, (әр аймақтан 5 адамнан артық емес) білім басқармасы бекіткен семинарға қатысу үшін өтінімді а.ж. 25 қараша айына дейін төмендегі үлгі бойынша t.bakieva@daryn.kz электрондық поштаға жіберу қажет, сондай-ақ барлық қатысушылар сілтеме http://tiny.cc/Musseminar2026 арқылы тіркеуден өтуі тиіс.

Іс-сапар шығындары (семинардың ұйымдастыру жарнасы 25900 теңге, жолы, тамақтануы, жататын орны) жіберуші тараптың есебінен төленеді.

Қатысушылардың келу күні 9 желтоқсан, семинардың басталуы 10 желтоқсан, аяқталуы  11 желтоқсан сағат 17.00-ден кейін.

№Қатысушының аты-жөні (толық)Жұмыс орныЛауазымыЕңбек өтіліТелефон, e-mail