Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі «Дарын» РҒПО) төмендегіні хабарлайды.

Абай шығармашылығын оқу арқылы көркемсөздің танымдық, тағылымдық, эстетикалық қасиеттерін терең түсіну және оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында, Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты 2024 жылдың 23-24 сәуір аралығында жалпы білім беретін мектептердегі 9-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиетінен VI «Абайтану» олимпиадасын (бұдан әрі Олимпиада) республика көлемінде №514 бұйрыққа сәйкес өткізеді.

Ұйымдастыру комитеті:  «Дарын» РҒПО, Абай атындағы РММИ

Байланыс телефондары:  8 771 417 94 41 – Қизат Тілеубердіұлы

8 775 668 1853 – Жансая Санатқызы

Е-mail:                                  kense@abaimektep.kz