1-11(12) СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН РОБОТОТЕХНИКА БОЙЫНША CENTRAL ASIA FIRST CHAMPIONSHIP ЧЕМПИОНАТЫНА 200-ДЕН АСТАМ КОМАНДА ҚАТЫСАДЫ

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, «USTEM Foundation» қоғамдық қоры және Астана қаласы Білім басқармасы бірлесіп, ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Астана қаласы Әкімдігінің қолдауымен 2024 жылдың 23-25 ақпан күндері Астана қаласында 1-11(12) сынып оқушыларына арналған робототехника бойынша Central Asia First Championship чемпионатын өткізеді.

Конкурстың финалына 5 елден 200-ден астам команда қатысады.

Конкурстың мақсаты – оқушылардың зияткерлік, шығармашылық, инженерлік-техникалық әлеуетін ашу, шығармашылық ойлауды дамыту және түпкілікті цифрлық технологияларды қолдану арқылы алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді шешуге стандартты емес көзқарасты дамыту, ғылыми-техникалық дағдыларды арттыру және мектеп оқушыларының робототехника және сенсорлық саласындағы техникалық жобалау мен бағдарламалауға ынтасын арттыру.

Конкурс үш номинация бойынша өтеді: FLL Explore (6-10 жас), FLL Challenge (10-16 жас) және FIRST Tech Challenge (12-18 жас). Онымен қатар, Чемпионатта инновациялық жобалар байқауы мен қазылар сессиясы да бар.

Конкурстың Ережесі мен ақпараттық хаты www.daryn.kz сайтынан танысуға болады.

Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және «USTEM Foundation» қоғамдық қорының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылады.

Конкурстың ашылу салтанаты 23 ақпан күні сағат 10.00-де.

Конкурстың салтанатты жабылу рәсімі 25 ақпан күні сағат 17.00- де әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының базасында өтеді.

Мекенжайы: Астана қаласы, Б. Момышұлы даңғылы 5.

🤖 ЕҢ ОЗЫҚ ИНЖЕНЕРЛІК ШЕШІМДЕРДІҢ КУӘСІ БОЛЫҢЫЗ.