«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Шелл Қазақстан және «Caravan of Knowledge» бірлесіп «NXplorers: Жасыл ұрпақ бәйгесі» Республикалық жобасының іске қосылатынын хабарлайды.

💫Жоба жақын арада өтетін NXplorers республикалық онлайн-конференциясынан басталады!

Конференцияда жүйелік ойлауды және кешенді мәселелерді шешуді үйрететін NXplorers халықаралық әдіснамасы туралы білетін боласыздар.

Қатысушылар тағы нені біле алады:
🌳Қазақстанда әдіснаманы қолдану тәжірибесі
🌳жоба жаттықтырушысы болу мүмкіндігі
🌳оқушылар арасында Ұлттық жобалар байқауына қатысу шарттары

Конференция мұғалімдерге, мектеп директорларына, 8-10 сынып оқушыларына және ғылым сүйер қауымға пайдалы болады.

Конференцияда сізді не күтіп тұр?
⭐️ «NXplorers: Жасыл ұрпақ бәйгесі» жобасының тарихы, тәжірибесі және нәтижелері
⭐️ экология тақырыбында мастер-класс
⭐️ Республикалық байқауға қатысу шарттары және мектебіңізде экологиялық жобаларды жүзеге асыру үшін гранттар алу мүмкіндіктері
⭐️ викториналар мен сыйлықтар
Тегін қатысу.
Конференцияның өтетін күні: 5 наурыз 15:00 (Астана уақыты)

✍🏻Сілтеме арқылы алдын ала тіркелу қажет: zhasylurpak.com/onlineconf_reg