Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Абай әлеміне саяхат» атты республикалық байқауы

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында «Абай қазақтың әр баласын ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеуге шақырды. Оның мұрасы – парасатты патриотизмнің мектебі, елдікті қадірлеудің негізі. Сондықтан, азаматтарымыздың көзі ашық болсын десек, Абайды оқудан, ақын өлеңін жаттаудан жалықпаған жөн» деп мемлекет басшысы мақаласында жастарды Абай шығармаларын оқуға шақырады. Байқауды ұйымдастыру Ұлы ақын Абайдың шығармаларын жас ұрпаққа кеңінен насихаттау арқылы, білім және ғылымға деген жастардың қызығушылығын арттырып отанын сүйетін, білімді азаматтарды қалыптастыруға ықпал етуге арналған.

Ағымдағы жылдың 12-13 қараша күндері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Bilim-órkenieti» ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығымен бірлесе отырып, «Абай әлеміне саяхат» атты Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған республикалық байқауын (бұдан әрі -Байқау) өткізеді.

Байқаудың мақсаты: Абай Құнанбайұлының шығармаларын педагогтар мен білім алушылардың арасында кеңінен насихаттау. Жастардың бойындағы Қазақ еліне деген құрметті күшейту, патриоттық сезімді арттыру болып табылады.

Конференцияға білім беру ұйымдарының, республикалық маңызы бар мектептердің, халықаралық мектептердің педагогикалық қызметкерлері, ЖОО-ның, ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, студент, магистрант, докторанттар, PhD докторлары, және колледж оқытушылары қатыса алады.

Байқау «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының www.daryn.kz сайтында және «Bilim-órkenieti» ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығының http://bilim-ork.kz сайтында жарияланған.

Педагогтар төмендегі тақырыптардың бірін таңдап эссе немесе мақала жазуы қажет сондай-ақ ашық сабақ жоспарлары, сабақтан тыс іс-шаралар жоспарлары материалдары да қабылданады:
1. «Абай Құнанбайұлы шығармаларындағы оқу-білім тақырыбы».
2. «Абай Құнанбайұлының қарасөздері».
3. «Абай Құнанбайұлы өлеңдерінің тәрбиелік мәні».
4. «Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романындағы Құнанбайдың бейнесі».
5. «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан».

Білім алушылар, яғни оқушылар:
1. «Абай Құнанбайұлы өлеңдерінің ерекшеліктері».
2.«Абай мұрасы-Қазақтың қасиетті қазынасы».
3. «Абай Құнанбайұлы поэмалары туралы шығарма»;
4. «Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай білім алушылардың арнаулары».
5. Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романындағы «Абай бейнесі» атты тақырыптардың бірін таңдап эссе немесе арнау-өлең жазу қажет. Байқау қатысушылары өзі және жетекшісі жайында жазылған мәліметтерді төмендегі кесте үлгісі бойынша толтырып, байқау материалдарымен бірге, 2020 жылдың 16-шы қазанына дейін abai_olimpiada@mail.ru электрондық почтасына жолдауы тиіс.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Байқау туралы қосымша ақпаратты төменде көрсетілген телефондар арқылы ала аласыздар: 8771-162-14-95, 8707-142-74-40, 8707-477-50-94

Сұраныс үлгісі

АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 175 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ «АБАЙ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫНЫҢ СҰРАНЫСЫ  
Автордың (-лардың) тегі, аты, әкесінің аты (толық)
Эссе немесе мақала, арнау атауы
Білім беру мекемесінің атауы:
Облыс, аудан, қала, село (ауыл) атауы:
3-4 фото суреті. (мұғалім, оқушы):
Пошталық мекен-жайы (индекспен бірге)
Байланыс телефоны
E-mail

Ереже

Date

Қар 12 - 13 2020
Expired!

Labels

События Учителям КАЗ