Ө.А. Байқоңыров атындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріндегі білім беру» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы

Ө.А. Байқоңыров атындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріндегі білім беру» республикалық  ғылыми-практикалық конференциясын өткізу туралы ақпараттық хат

 Жезқазған қаласы әрқашан түсті металлургия мен тау-кен өнеркәсібінің орталығы болған. Жезқазған өңірінің ел экономикасына қосқан үлесі баға жетпес. Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру аясында Жезқазғанда жыл сайын Қазақ КСР ҒА академигі, тау-кен ғылымы саласындағы танымал ғалым Ө.А. Байқоңыров атындағы республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі.

Ағымдағы жылдың 20-21 қазанында ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен, Қарағанды облысының білім басқармасымен, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен online режиміде «Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріндегі білім беру» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы (бұдан әрі – Конференция) өткізіледі.

Конференцияға (Ережеге сәйкес) жұмыстары іріктеуден өткен білім беру ұйымдарының, республикалық маңызы бар мектептердің, халықаралық мектептердің, «НЗМ» АҚ-ның педагог қызметкерлері қатыса алады.

«Дарын» РҒПО www.daryn.kz сайтында және Қарағанды облысында білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының http://umckrg.gov.kz/ сайтында жарияланған Конференцияны өткізу ережелеріне сәйкес келесі бағыттар бойынша өткізіледі:

  1. «Өлкетану – ұлттық жаңғыру ретінде»
  2. «Ақылды технологиялар – еңбек өнімділігін дамыту мүмкіндігі»
  3. «Ұлы дала мәдениеті»
  4. Тәрбиенің негізгі месседждері – XXI ғасырға лайықты қасиеттер: «Рухани жаңғыру»
  5. «Салауатты өмір салты – халық денсаулығы»

Конференцияға қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу 10 қазанға дейін жүргізіледі. e-mail: Baikonur2020npk@mail.ru.

Конференцияның жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Конференцияны өткізу форматы: online режимінде, YouTube сайтында трансляцияланатын ZOOM платформасында.

Конференцияны көру сілтемесі

Барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады: 8(7212)445630; 8-778-76-75-411. 8-705-763-01-21.

 

Өтінім үлгісі

Ө.А. Байқоңыров атындағы жыл сайынғы «Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріндегі білім беру» республикалық ғылыми-практикалық конференциясына қатысушының өтінімі
Автордың (лардың) тегі, аты, әкесінің аты (толық)
Мақаланың, жобаның атауы
Секция атауы мен нөмірі
Беттер саны
Жұмыс (оқу) орны (толық)
Лауазымы
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы
Пошталық мекен-жайы (индексімен)
Байланыс телефоны
E-mail