Ағылшын тілінен “British Bulldog” халықаралық ойын-байқауы»

«British Bulldog» халықаралық ойын-конкурсын өткізу туралы ақпарат
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2020 жылғы 28-31 желтоқсан ағылшын тілі бойынша «British Bulldog» халықаралық ойын – конкурсының (бұдан әрі – Конкурс) онлайн форматта өткізілетіні туралы хабарлайды.
Конкурстың мақсаты – оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын дамыту және қатысушыларға өз білімдерін баламалы бағалауға мүмкіндік беру болып табылады.
«British Bulldog» конкурсына Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының 3-11 сынып оқушылары қатыса алады. Конкурс барлық ниет білдірушілер үшін алдын ала іріктеусіз өткізіледі. Конкурсқа қатысу ерікті болып табылады.
«British Bulldog» конкурсына қатысу үшін games.daryn.kz сайтына өту қажет. Жеке кабинетте тіркелу үшін сілтемелер 24 желтоқсаннан бастап қол жетімді болады. Әр қатысушының электрондық поштасы болуы керек. Сауалнаманы алдын ала толтыру мүмкін емес. Қатысушылар қорытынды балдарды және берілетін орындарды конкурс аяқталғаннан кейін ғана біле алады. Конкурсқа қатысу туралы толығырақ ақпарат games.daryn.kz. сайтында болады.

Date

Жел 23 - 27 2020
Expired!

Labels

События Школьникам КАЗ