Қазақстан Республикасының командаларына почта арқылы XIII Еуразиялық олимпиадаға қатысуды растау үшін Нысандар жіберілді. Сауалнаманы 23 қараша күнгі, Нұр-сұлтан уақыты бойынша, сағат 15:00-ге дейін толтыру қажет. Қатысуды растаған командалар тізімі төменде

Командалар тізімі

Кері байланыс үшін нөмірі: 87172-57-01-32

Білім беру саласындағы үкіметаралық келісімдер негізінде, сондай-ақ Санкт-Петербург ақпараттық технологиялар, механика және оптика ұлттық зерттеу университетімен жасалған ынтымақтастық туралы келісім-шарттың негізінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мектеп оқушылары арасында информатикадан XІІI Еуразиялық олимпиаданы (бұдан әрі - Олимпиада) өткізеді.

Олимпиаданың негізгі мақсаты - оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру, оқушылардың ақпараттық мәдениетін дамыту және есептеу ғылымдары, компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар саласында дарынды жастарды анықтау болып табылады.

Олимпиадаға құрамында 3 оқушы мен 1 жетекшіден құралған командалар қатыса алады.

Олимпиада екі турда өткізіледі - іріктеу және қорытынды.

Іс-шараның егжей-тегжейлі тәртібі мен шарттарын http://neerc.ifmo.ru/school/russia-team/internet.html сілтемесінен табуға болады.

Іріктеу интернет-туры 2021 жылдың 14 қарашасында Санкт-Петербургте өтетін олимпиадамен бір мезгілде өткізіледі және сол олимпиаданың тапсырмалары орындалатын болады. Турдың басталуы сағат 12-00-де (Мәскеу уақыты бойынша). Турдың ұзақтығы – 5 сағат.

Сынақ туры Олимпиада басталардан 72 сағат бұрын басталады және 48 сағатқа созылады.

Интернет-турға қатысуды жоспарлаған командалар сілтеме бойынша https://neerc.ifmo.ru/school/russia-team/listTeams.jsp#almaty тіркелуі тиіс.

Команданың интернет-турға қатысуы тіркелген оқытушының қатысуымен мектептің немесе басқа білім беру мекемесінің компьютерлік сыныбында өтуі тиіс. Аккредиттеуді алу үшін оқытушы жоғарыда көрсетілген сайтта алдын ала тіркеліп, арнайы код алуы тиіс.

Информатикадан Еуразиялық олимпиадаға қатысуға мүмкіндік алатын қатысушы командалардың саны іріктеу интернет-турының нәтижелері бойынша анықталады.

Қорытынды тур желтоқсан айында Алматы қаласында өтеді (нақты күні мен орны кейінірек белгіленеді).