Олимпиада педагогтердің кәсіби шеберлігін дамыту мен жетілдіруге, ақпараттық мәдениетін арттыруға, сондай-ақ заманауи цифрлық технологияларды пайдалана отырып, олимпиадалық тапсырмаларды орындау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Олимпиадаға қатысу мұғалімдерге кәсіби құзыреттіліктерін көрсетуге, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану тәжірибесін кеңейтуге және пәндік білім деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2026 жылдың 17-18 қараша күндері қазақ тілі, орыс тілі пәні мұғалімдеріне (бастауыш және жоғары сынып) арналған «ПедСтарт» республикалық қашықтық олимпиадасын (бұдан әрі – Олимпиада) өткізеді.

Олимпиаданың мақсаты - педагогтердің кәсіби шеберлігін дамыту мен қолдау, білім беру процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды белсенді пайдалануға ынталандыру, сондай-ақ мұғалімдерді оқыту қызметінде жоғары нәтижелерге жетуге жігерлендіру.

Олимпиада келесі күндері өткізіледі:

2026 жылғы 17 қараша – қазақ тілі мұғалімдері үшін;

2026 жылғы 18 қараша – орыс тілі мұғалімдері үшін.

Олимпиаданың ұзақтығы – 60 минут.

 Олимпиадаға тіркелу бойынша нұсқаулықпен smart.daryn.kz сайтында танысуға болады.

Аккаунт ашу және Олимпиадаға тіркелу бойынша нұсқаулық. https://drive.google.com/drive/folders/1sI9MADvtkia5OrpKYADvns87NtQYe7u6?usp=sharing (PDF форматта)

Аккаунт ашу және Олимпиадаға тіркелу бойынша видео нұсқаулық.

https://youtu.be/KMCG26BkwNI (қазақ тілінде)

https://youtu.be/La1LcUo9XfM (орыс тілінде)

ЕСКЕРТУ: Пәнді мұқият таңдап, енгізілген мәліметтердің дұрыс толтырылғанына көз жеткізіңіз.

Олимпиадаға қатысу үшін алынатын баллдардың максималды саны 25 ұпайды құрайды (яғни әр дұрыс шешкен  тапсырмаға 1 ұпай).
Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері жинаған ұпайларына сәйкес  дипломдармен марапатталады: 23–25 балл жинаған қатысушыларға І дәрежелі (жеңімпаздар), 20–22 балл жинағандарға ІІ дәрежелі, ал 16–19 балл жинағандарға ІІІ дәрежелі дипломдар (жүлдегерлер) табысталады.

Марапаттау материалдары (сертификат, диплом) ағымдағы жылғы  30 қарашадан бастап қатысушылардың жеке кабинеттерінде жүктеу үшін қолжетімді болады.

Олимпиадаға қатысу жарнасы 1900 (бір мың тоғыз жүз) теңгені құрайды.

Олимпиаданың қорытындысы smart.daryn.kz сайтында 23 қарашадан бастап жарияланады.

Олимпиада ережесімен www.daryn.kz сайтында танысуға болады.

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: Астана қаласы, «Дарын» РҒПО, Мәңгілік Ел даңғылы, 8/2. Тел.: +7 (7172) 57-65-40

Олимпиада туралы ақпарат

Құрметті ұстаздар!

Олимпиадаға тіркелу жөніндегі нұсқаулық, сондай-ақ оны өткізу ережелері 2026 жылғы 13 қазаннан кейін www.daryn.kz ресми сайтында жарияланады.

Сайттағы өзекті ақпараттар мен жаңартуларды қадағалап отыруларыңызды сұраймыз.

 

Олимпиада педагогтердің ақпараттық мәдениетін, кәсіби деңгейін және цифрлық ортада олимпиадалық есептерді шешу дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл шара дәстүрлі математикалық талдау мен онлайн платформалардың мүмкіндіктерін біріктіру арқылы мұғалімдердің шеберлігін шыңдауға жол ашады.

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2026 жылдың 19 қазанында математикадан бастауыш және жоғары сынып мұғалімдеріне арналған «ПедСтарт» республикалық қашықтық олимпиадасын (бұдан әрі – Олимпиада) өткізеді.

Олимпиаданың мақсаты - педагогтердің кәсіби шеберлігін дамыту мен қолдау, білім беру процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды белсенді пайдалануға ынталандыру, сондай-ақ мұғалімдерді оқыту қызметінде жоғары нәтижелерге жетуге жігерлендіру.

Олимпиада 2026 жылдың 19 қазанында өтеді. Конкурстың тапсырмаларын алуға қолжетімді сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін көрсетілген күні.  Кезеңнің өту мерзімі - 60 минут.

Олимпиадаға тіркелу бойынша нұсқаулықпен smart.daryn.kz сайтында танысуға болады.

Олимпиадаға қатысу үшін алынатын баллдардың максималды саны 25 ұпайды құрайды (яғни әр дұрыс шешкен  тапсырмаға 1 ұпай).
Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері жинаған ұпайларына сәйкес  дипломдармен марапатталады: 23–25 балл жинаған қатысушыларға І дәрежелі (жеңімпаздар), 20–22 балл жинағандарға ІІ дәрежелі, ал 16–19 балл жинағандарға ІІІ дәрежелі дипломдар (жүлдегерлер) табысталады.

Марапаттау материалдары (сертификат, диплом) ағымдағы жылғы 25 қазаннан бастап қатысушылардың жеке кабинеттерінде жүктеу үшін қолжетімді болады.

Олимпиадаға қатысу жарнасы 1900 (бір мың тоғыз жүз) теңгені құрайды.

Олимпиаданың қорытындысы smart.daryn.kz сайтында 22–25 қазан аралығында жарияланады.

Олимпиада ережесімен www.daryn.kz сайтында танысуға болады.

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: Астана қаласы, «Дарын» РҒПО, Мәңгілік Ел даңғылы, 8/2. Тел.: +7 (7172) 57-65-40