Бастауыш сынып оқушыларының математикалық қабілеттерін айқындау, қолдау және білімдерін тереңдету мақсатында ұйымдастырылған олимпиадаға еліміздің әр өңірінен 130-дан астам 2-4 сынып оқушылары қатысады.
Олимпиаданың республикалық кезеңі 3 тур бойынша өтеді:
1 тур – «Әу, баста» (командалық есеп);
2 тур – «Көкпар» (командалық есеп);
3 тур – «Математикалық бәйге» (ауызша жеке есеп).
Олимпиада қорытындысы бойынша жеке және командалық есепте жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Олимпиадада жоғары нәтиже көрсетіп, максималды ұпай жинаған жеңімпаз-командаға Бас-жүлде марапаты мен Кубок тапсырылады.
Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған мұғалімдерге «Алғыс хат» берілетін болады.
Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі – а.ж. 28 наурыз күні сағат 10.00-де өтеді.
2023-2024 оқу жылы
2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» XVІІ республикалық математикалық олимпиадасын қорытындысы
2024 жылғы 24-28 наурыз аралығында «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі – «Дарын» РҒПО) Алматы қаласындағы Республикалық физика-математикалық мектеп (бұдан әрі – РФММ) базасында 2-4 сынып оқушылары арасында XVII «Бастау» республикалық математикалық олимпиадасын өткізді (бұдан әрі – Олимпиада).
Олимпиаданың мақсаты – кіші мектеп жасындағы математикалық дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау, сондай-ақ олардың математикалық білімдерін тереңдету және кеңейту болды. Математикалық олимпиада – мектептегі математикалық білімді одан әрі жетілдіру және кіші сынып оқушыларының бұл пәнге деген қызығушылығын арттырудағы жүйелі жұмыстың бір түрі, бұл педагогтар мен ата-аналар арасында зор қызығушылық тудырды.
Олимпиадаға Қазақстанның барлық облыстарынан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан, «Назарбаев Зияткерлік мектептері», республикалық физика-математикалық мектеп және «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығынан 2-4 сыныптың 132 оқушылары қатысты.
Олимпиада командалық сайыстар форматында өткізіліп, аймақтық және республикалық кезеңдерден тұрды. Республикалық кезеңде үш тур бойынша өткізілді: «Әу, баста!» (командалық есеп), «Көкпар» (командалық есеп) және «Математикалық бәйге» (ауызша жеке есеп), мұнда тапсырмалар математикалық логикаға негізделіп, логикалық ойлау және дұрыс қорытынды жасау дағдыларын дамытуға бағытталды.
Олимпиада қорытындысы бойынша қатысушылардың 45% жеке және командалық есептер бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер ретінде анықталды. Жеке есепте I дәрежелі дипломмен 14 бала, II дәрежелі дипломмен – 20, III дәрежелі дипломмен – 33 оқушы марапатталды.
Бас жүлде Астана қаласының РФМШ командасына (қазақ тобы) ең жоғары ұпай жинағаны үшін берілді. Командалық есепте I дәрежелі дипломдармен 4 команда марапатталды: Алматы қаласы (қазақ тобы), Шымкент (қазақ тобы), Қостанай облысы (орыс тобы), Астана қаласының РФМШ (орыс тобы). II дәрежелі дипломдармен 6 команда марапатталды: Алматы қаласы (орыс тобы), Абай облысы (орыс тобы), Қостанай облысы (қазақ тобы), Жамбыл облысы (қазақ тобы), Түркістан облысы (орыс тобы), Астана қаласы (қазақ тобы). III дәрежелі дипломдармен 12 команда марапатталды: Астана қаласы (орыс тобы), Жетісу облысы (қазақ тобы), Атырау облысы (қазақ тобы), Павлодар облысы (орыс тобы), Түркістан облысы (қазақ тобы), Абай облысы (қазақ тобы), Қызылорда облысы (қазақ тобы), Алматы облысы (орыс тобы), ШҚО (орыс тобы), СҚО (орыс тобы), НИШ (орыс тобы), «Бөбек» (орыс тобы). Сонымен қатар, 26 оқушы грамоталармен марапатталды.
Олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімі мен жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 2024 жылғы 28 наурызда сағат 09.00-да РФММ акт залында (Алматы қ., Бухар-Жырау көш., 36) өткізілді.
Қосымша ақпарат алу үшін мына мекенжай бойынша хабарласуға болады: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8/2, «Дарын» РҒПО, оф.308, тел.: 8 (7172) 79-58-73.
Тікелей көрсетілім: 3-күн
3-күн: жеке сынақ (2-сынып) | |
1-камера | https://youtube.com/live/5uwv7hbIPok?feature=share |
2-камера | https://youtube.com/live/V2M96NCRp5I?feature=share |
3-камера | https://youtube.com/live/ZBQQKoGND7E?feature=share |
4-камера | https://youtube.com/live/7wjVTKnjOwo?feature=share |
Тікелей көрсетілім: 2-күн
2-күн: топтық жұмыс | |
---|---|
1-камера | https://youtube.com/live/GhRvyK6Pi34?feature=share |
2-камера | https://youtube.com/live/7eEzK_KtVXA?feature=share |
3-камера | https://youtube.com/live/5nTVd3Z1P-8?feature=share |
4-камера | https://youtube.com/live/rUqG4ACPBDE?feature=share |
2-күн: жеке сынақ (3-сынып) | |
1-камера | https://youtube.com/live/QvSrCw0fOKU?feature=share |
2-камера | https://youtube.com/live/_xNEV9Qn73s?feature=share |
3-камера | https://youtube.com/live/ibtd0xY0ljA?feature=share |
4-камера | https://youtube.com/live/tXKqptxQ-aU?feature=share |
Тікелей көрсетілім: 1-күн
1-күн: топтық жұмыс | |
---|---|
1-камера | https://youtube.com/live/mvR0P05Dvz4?feature=share |
2-камера | https://youtube.com/live/vk5YRmCvAHA?feature=share |
3-камера | https://youtube.com/live/wd_80MMcrg4?feature=share |
4-камера | https://youtube.com/live/64FixcmwQcA?feature=share |
1-күн: жеке сынақ (4-сынып) | |
1-камера | https://youtube.com/live/LbfMAnaU2j8?feature=share |
2-камера | https://youtube.com/live/d9nzbW4Jl7s?feature=share |
3-камера | https://youtube.com/live/9efB78DUV98?feature=share |
4-камера | https://youtube.com/live/a4NYnqElVec?feature=share |
2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» XVIІ республикалық математикалық олимпиадасын ұйымдастыру және өткізу туралы ақпараттық хат
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы бастауыш сынып оқушыларының математикалық қабілеттері ерекше дамыған дарынды балаларды айқындау, қолдау, математикадан білімдерін тереңдету және кеңейту мақсатында 2024 жылғы 24-29 наурыз аралығында 2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» XVІІ республикалық математикалық олимпиадасын (бұдан әрі - Олимпиада) өткізеді.
Олимпиада екі кезең бойынша өтеді:
1. Облыстық (іріктеу) кезең;
2. Республикалық (қорытынды) кезең.
Олимпиаданың республикалық (қорытынды) кезеңі Республикалық физика-математикалық мектебінде ұйымдастырылады (Алматы қаласы, Бұхар - Жырау көшесі, 36).
Олимпиадаға Қазақстанның барлық облыстарынан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, республикалық физика-математика мектептері мен республикалық жекеменшік мектептер ассоциациясын қоса алғанда, командалар шақырылады. Әр команда 1 төртінші сынып оқушысы, 1 үшінші сынып оқушысы және 1 екінші сынып оқушысынан құралған әр түрлі жастағы оқушылардан тұрады.
Республикалық кезеңге әр өңірден облыстық кезеңде 1 орын алған екі команда (бір команда - қазақ тілінде, екінші команда - орыс тілінде) қатыса алады.
Олимпиаданың республикалық кезеңі үш тур бойынша өтеді:
1 тур – «Әу, баста!» (командалық сынақ);
2 тур – «Асық» (командалық сынақ);
3 тур – «Математикалық бәйге» (жеке сынақ).
Олимпиаданы өткізу туралы ереже www.daryn.kz сайтында орналастырылған.
Қатысушылар мен жетекшілердің Алматы қаласына келу күні – ағымдағы жылғы 24 наурыз сағат 12.00-ге дейін, жабылу рәсімі 28 наурыз
10: 00 – де, кері қайту күні – а.ж. 28 наурыз, жабылу рәсімінен кейін, сағат 15:00 -ден бастап.
Олимпиада күндері қатысушылардың жатын орны мен тамақтануы – «Дарын» РҒПО есебінен, қатысушылардың екі жақ жол шығындары жіберуші тараптың есебінен.
Жетекшілердің іс-сапар шығындары (жатын орны күніне – 3500 теңге және тамақтануы – 4600 теңге, екі жақ жол шығындары) жіберуші тараптың есебінен төленеді.
Олимпиаданың өту барысында және өткізу орнына бару/кері қайту жолындағы қатысушылардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті команда жетекшілеріне жүктеуді сұраймыз (аймақтық Білім басқармаларының бұйрығына сәйкес).
Олимпиадаға қатысу сұранысын төмендегі үлгі бойынша облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент ққ., РББҰ, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ және Дарынды балалармен жұмыс жөніндегі өңірлік ғылыми-практикалық орталықтарының, білім басқармасы басшыларының қолы қойылған ілеспе хатпен бірге 2024 жылғы 12 наурызға дейін info@daryn.kz электрондық почтасына жіберу қажет.
Сұраныс үлгісінің формасы Google дисктегі сілтемеге сәйкес болуы тиіс: http://surl.li/hapcx.
2022-2023 оқу жылы
2-4 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН «БАСТАУ» XVІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2023 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 9-13 маусым күндері Алматы қаласындағы Ш.Смағұлов атындағы Алматы облыстық мамандандырылған физика-математика мектеп-интернатының базасында 2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» XVІ республикалық математикалық олимпиадасын (бұдан әрі – Олимпиада) өткізгендігін хабарлайды.
Олимпиаданың мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының математикалық қабілеттері ерекше дамыған дарынды балаларды айқындау, қолдау, математикадан білімдерін тереңдету және кеңейту.
Олимпиада 2 кезеңнен тұрады:
1 кезең – облыстық іріктеу;
2 кезең – республикалық қорытынды.
Іріктеу кезеңге Республика бойынша 804 мектептен 1496 оқушы қатысты, оның ішінде 761 оқушы ауыл балалары болып табылады. Іріктеу кезеңінде 664 оқушы жүлделі орындарға ие болды.
Олимпиаданың республикалық кезеңіне Қазақстанның барлық облыстарынан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан және «Назарбаев Зияткерлік мектептерінен» ДББҰ, республикалық физика-математикалық мектептерінен, сондай-ақ «Бөбек» ҰҒПББСО «Өзін-өзі тану» гимназиясынан, жеке білім ұйымдарының республикалық қауымдастық мектептерінен 2-4 сынып оқушылары арасында 138 қатысушы бәсекеге түсіп, бақтарын сынады, оның ішінде 38 бала ауыл баласы болып табылады.
Олимпиаданың республикалық кезеңі 3 тур бойынша өткізілді:
- «Әу, баста» (командалық есеп);
- «Көкпар» (командалық есеп);
- «Математикалық бәйге» (ауызша жеке есеп).
Олимпиаданың тапсырмалары математикалық логикаға негізделеді, олар дұрыс талқылауды, дұрыс ойлауды және дұрыс шешім қабылдауды үйретеді.
Олимпиада командалық және жеке сынақпен ерекшеленеді. Команда қатысушылары өздерінің ептіліктерін, ұжымшылдықтарын және командада жұмыс істей білетіндерін көрсетті. Жеке сынақта қатысушылар тапсырмаларын жай ғана орындамай, оны ауызша дәлелдеді. Әр турдан кейін сол күнгі турдың нәтижелері рейтингтерімен бірге жарияланып отырды.
Тапсырмаларды қорғаған кезде қатысушылар әділ қазылар алқасына шағымданып, өздерінің көзқарастарын дәлелдеді, бұл қазылар алқасының оқушының ынтасына деген достық қарым-қатынасында болды.
Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Дарын» РҒПО-ның І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен, грамоталарымен марапатталды. Ең жоғары ұпай санын жинаған жеңімпаз-команда Олимпиаданың Кубогымен және Бас-жүлдемен марапатталды.
Жеке сынақ бойынша 68 оқушы марапатталды. Оның ішінде 13 оқушы - І дәрежелі дипломға, 20 оқушы - ІІ дәрежелі дипломға, 34 оқушы – ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.
Командалық сынақ бойынша 46 команда сайысқа түсті, оның 23 командасы (Бас жүлде – 1, І орын – 4, ІІ орын – 6, ІІІ орын – 12) командалық дипломдармен марапатталды.
Республика бойынша ең үздік нәтиже көрсетіп, Олимпиаданың бас жүлдесі мен кубогына Астана қаласындағы КеАҚ Республикалық физика-математикалық мектебінің командасы (№41 қазақ тобы) ие болды.
І орынға – Қостанай облысы (№ 24 мектеп-гимназиясы), Астана қаласы (Экономикалық лицейі), Алматы қаласы (№90 мамандандырылған мектеп-лицейі) және КеАҚ Республикалық физика-математикалық мектебінің командалары ие болды.
ІІ орынды – Абай облысы (Ы.Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы), Атырау облысы (№17 мектеп-лицейі), Қарағанды облысы (Сәкен Сейфуллин атындағы гимназиясы), Астана қаласы (№66 мектеп-лицейі) және Алматы қаласы (№90 мамандандырылған мектеп-лицейі) мен жеке білім ұйымдарының республикалық қауымдастығының («Достар» Халықаралық мектеп-мицейі мен Tamos Education физика-математикалық мектебі құрама командасы) командалары иеленді.
ІІІ орынды – Алматы облысы (№40 орта мектебі), Қарағанды облысы (№ 95 мектеп-гимназиясы), Қостанай облысы (Физика-математикалық лицейі), Павлодар облысы (№24 гимназия-мектебі мен №8 лицей-мектебінің құрама командасы), Түркістан облысы (Қ.Сатпаев атындағы мектеп-лицейі, Амангелді атындағы жалпы орта мектебі және М.Горький атындағы №1 мектеп-гимназиясының құрама командалары) және Ұлытау облысы (Қаныш Сәтбаев атындағы №7 мектеп- лицейі, №26 гимназиясы ), Шығыс Қазақстан облысы (Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешенi), Шымкент қаласы (Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясы мен Zerdeli International School мектебінің құрама командасы ), «Назарбаев Зитякерлік мектебі» ДББҰ (Халықаралық мектебі), «Бөбек» ҰҒПББСО («Өзін-өзі тану» гимназиясы) мен жеке білім ұйымдарының республикалық қауымдастығының (Tamos Education физика-математикалық мектебі) командалары иеленді.
Қатысушыларға әр түрлі қызықты бағдарламалар ұйымдастырылды (хайуанаттар саябағына экскурсия, «көңілді математика» зияткерлік викторина мен психологиялық тренингтер), сонымен қатар барлық қатысушыларға «Дарын» РҒПО-ның логотипі салынған футболкалар мен бейсболкалар және Олимпиаданың республикалық кезеңіне қатысқанын растайтын сертификаттар үйлестірілді.
2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» XVІ республикалық математикалық олимпиадасын өткізу туралы БАСПАСӨЗ – ХАБАРЛАМА
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі – «Дарын» РҒПО) 2023 жылғы 9-13 маусым күндері Алматы қаласындағы Ш.Смағұлов атындағы Алматы облыстық мамандандырылған физика-математика мектеп-интернатының (бұдан әрі – Мектеп) базасында 2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» XVІ республикалық математикалық олимпиадасын өткізеді (бұдан әрі – Олимпиада).
Олимпиаданың мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының математикалық қабілеттері ерекше дамыған дарынды балаларды айқындау, қолдау, математикадан білімдерін тереңдету және кеңейту.
Олимпиадаға Қазақстанның барлық облыстарынан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан және «Назарбаев Зияткерлік мектептерінен», республикалық физика-математикалық мектептерінен, сондай-ақ «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығынан, жеке білім ұйымдарының республикалық қауымдастық мектептерінен 150-ге жуық 2-4 сынып оқушылары қатысады.
Олимпиада командалық сайыс түрінде 2 кезеңде өткізіледі: 1 кезең – аймақтық, 2 кезең – республикалық.
Олимпиаданың республикалық кезеңі 3 тур бойынша өтеді:
1 тур – «Әу, баста» (командалық есеп);
2 тур – «Асық» (командалық есеп);
3 тур – «Математикалық бәйге» (ауызша жеке есеп).
Олимпиаданың тапсырмалары математикалық логикаға негізделеді, олар дұрыс талқылауды, дұрыс ойлауды және дұрыс шешім қабылдауды үйретеді.
Олимпиада қорытындысы бойынша жеке және командалық есепте жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Дарын» РҒПО-ның I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Олимпиадада жоғары нәтиже көрсетіп, максималды ұпай жинаған жеңімпаз-командаға Бас-жүлде марапаты мен «Дарын» РҒПО кубогы тапсырылады. Олимпиадада жеңімпаз бен жүлдегер дайындаған мұғалімдерге «Алғыс хат» берілетін болады.
Математикалық Олимпиада – математикалық білімді мектепте бұдан әрі жетілдіру және кіші буын мектеп оқушыларының осы пәнге деген қызығушылығын арттырудағы жүйелі жұмыс түрлерінің бірі, бұл ұстаздар мен ата-аналарға үлкен қызығушылық тудырып отыр.
Олимпиаданың ашылу салтанаты – ағымдағы жылдың 9 маусым күні сағат 15.00-де, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі – а.ж. 13 маусым күні сағат 10.00-де Мектептің ашық алаңында өтеді (Алматы қаласы, М. Ғабдуллин көшесі, 45).
Қосымша ақпарат алу үшін мына мекенжай бойынша хабарласуға болады: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8/2, «Дарын» РҒПО, оф.308, тел.: 8 (7172) 57-01-60.
2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» XVІ республикалық математикалық олимпиадасын ұйымдастыру және өткізу туралы ақпараттық хат
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы бастауыш сынып оқушыларының математикалық қабілеттері ерекше дамыған дарынды балаларды айқындау, қолдау, математикадан білімдерін тереңдету және кеңейту мақсатында 2023 жылғы 9-13 маусым аралығында 2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» XVІ республикалық математикалық олимпиадасын (бұдан әрі - Олимпиада) өткізеді.
Олимпиада екі кезең бойынша өтеді:
- Облыстық (іріктеу) кезең;
- Республикалық (қорытынды) кезең.
Олимпиаданың республикалық (қорытынды) кезеңі Алматы қаласы Ш.Смағұлов атындағы Алматы облыстық мамандандырылған физика-математика мектеп-интернатының базасында ұйымдастырылады (Алматы қаласы, М. Ғабдуллин көшесі, 45).
Олимпиадаға Қазақстанның барлық аймақтарынан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан, сондай-ақ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Республикалық физика-математика мектептерінен және жеке меншік мектептердің республикалық қауымдастығынан командалар қатысады. Әр командада үш оқушыдан болуы тиіс: 4 сыныптан - 1 оқушы, 3 сыныптан - 1 оқушы, 2 сыныптан - 1 оқушы.
Республикалық кезеңге әр өңірден облыстық кезеңде 1 орын алған екі команда (бір команда - қазақ тілінде, екінші команда - орыс тілінде) қатыса алады.
Олимпиаданың республикалық кезеңі үш тур бойынша өтеді:
1 тур – «Әу, баста!» (командалық сынақ);
2 тур – «Асық» (командалық сынақ);
3 тур – «Математикалық бәйге» (жеке сынақ).
Олимпиаданы өткізу туралы ереже www.daryn.kz сайтында орналастырылған.
Қатысушылар мен жетекшілердің Алматы қаласына келу күні – ағымдағы жылғы 9 маусым сағат 13.00-ге дейін, кері қайту күні – а.ж. 13 маусым, жабылу рәсімінен кейін.
Олимпиада күндері қатысушылардың жатын орны мен тамақтануы – «Дарын» РҒПО есебінен, қатысушылардың екі жақ жол билеттері жіберуші тараптың есебінен.
Жетекшілердің іс-сапар шығындары (жатын орны мен тамақтануы, екі жақ жол билеттері) жіберуші тараптың есебінен төленеді.
Олимпиаданың өту барысында және өткізу орнына бару/кері қайту жолындағы қатысушылардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті команда жетекшілеріне жүктеуді сұраймыз (аймақтық Білім басқармаларының бұйрығына сәйкес).
Олимпиадаға қатысу сұранысын төмендегі үлгі бойынша 2023 жылғы 26 мамырға дейін info@daryn.kz электрондық почтаға және облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент ққ., РББҰ, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ және Дарынды балалармен жұмыс жөніндегі өңірлік ғылыми-практикалық орталықтарының, білім басқармасы басшыларының қолы қойылған ілеспе хатпен бірге жіберу қажет.
Сұраныс үлгісінің формасы Google дисктегі сілтемеге сәйкес болуы тиіс: http://surl.li/hapcx.
2021-2022 оқу жылы
2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» XV республикалық математикалық турнирінің қорытындысы туралы ақпарат
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 2022 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес, 6-10 маусым күндері Алматы қаласында, Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында 2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» XV республикалық математикалық турнир өткізгендігін хабарлайды.
Математикалық турнир бұл - математикалық білімді мектепте одан әрі жетілдіру және кіші буын мектеп оқушыларының осы пәнге деген қызығушылығын арттырудағы жүйелі жұмыстарының бірі болып табылады.
Турнирдің басты мақсаты – бастауыш мектеп оқушылары арасында математикаға ерекше қабілетті дарынды балаларды анықтау, дамыту және оларға қолдау көрсету, математикадан оқушылардың білімін тереңдету және кеңейту.
Турнирге Қазақстанның барлық облыстарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан және «Назарбаев Зияткерлік мектептерінен» ДББҰ, республикалық физика-математикалық мектептерінен, сондай-ақ «Бөбек» ҰҒПББСО «Өзін-өзі тану» гимназиясынан, жеке білім ұйымдарының республикалық қауымдастық мектептерінен 2-4 сынып оқушылары арасында 117 қатысушы бәсекеге түсіп, бақтарын сынады.
Турнирдің республикалық кезеңі 3 тур бойынша өткізілді:
- «Әу, баста» (командалық есеп);
- «Асық» (командалық есеп);
- «Математикалық бәйге» (ауызша жеке есеп).
Турнирдің тапсырмалары математикалық логикаға негізделеді, олар дұрыс талқылауды, дұрыс ойлауды және дұрыс шешім қабылдауды үйретеді.
Тапсырмаларды қорғаған кезде қатысушылар әділ қазылар алқасына шағымданып, өздерінің көзқарастарын дәлелдеді, бұл қазылар алқасының оқушының ынтасына деген достық қарым-қатынасында болды.
Турнир командалық сынақпен және жеке сынақпен ерекшеленеді. Команда қатысушылары өздерінің ептіліктерін, ұжымшылдықтарын және командада жұмыс істей білетіндерін көрсетті. Қазірдің өзінде ерте мектеп жасындағы қатысушылар нұсқаларды бір-бірімен ұжым болып шешуге, келісуге үйренуде. Жеке сынақта қатысушылар тапсырмаларын жай ғана орындамай, оны ауызша дәлелдеді. Әр турдан кейін қабырғада турдың нәтижелері рейтингтерімен бірге ілініп тұрды.
Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Дарын» РҒПО-ның дипломдарымен, грамоталарымен марапатталды. Ең жоғары ұпай санын жинаған жеңімпаз-команда турнир Кубогымен және Бас-жүлдемен марапатталды.
Жеке сынақ бойынша 61 оқушы марапатталды. Оның ішінде 11 оқушы - І дәрежелі дипломға, 19 оқушы - ІІ дәрежелі дипломға, 31 оқушы – ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.
Командалық сынақ бойынша 13 команда марапатталды. Шығыс Қазақстан облысының командасы (Өскемен қаласы, Математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицейі) республика бойынша ең үздік нәтиже көрсетіп, бас жүлдені жеңіп алды және турнирдің Кубогымен марапатталды.
Сонымен қатар, командалық сынақ бойынша І орынмен – 2 команда, ІІ орынмен – 4 команда, ІІІ орынмен – 6 команда марапатталды.
І орынға – Павлодар облысы (Павлодар қаласы, дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейі) мен Алматы қаласының (№90 мамандандырылған мектеп-лицейі) командалары ие болды.
ІІ орынды - Республикалық физика-математикалық мектебінің командалары (34, 35) және Нұр-Сұлтан қаласы (№66 мектеп-лицейі) мен "Назарбаев Зияткерлік мектебінің" ДББҰ (Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектебі, Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы НЗМ) командалары иеленді.
ІІІ орынды – Жамбыл облысы (Тараз қаласы, Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясы), Қызылорда облысы (Қызылорда қаласы, И.В. Панфилов атындағы №5 мектеп-лицейі), Түркістан облысы (Кентау қаласы, Ә. Бөкейхан атындағы № 23 жалпы орта мектебі), Алматы облысы (Талдықорған қаласы, №15 орта мектебі), Қарағанды облысы (Қарағанды қаласы, № 95 мектеп-гимназиясы) және Нұр-Сұлтан қаласының (№35 мектеп-лицейі) командалары иеленді.
Бастауыш мектептің жетекші-мұғалімдері үшін - «Олимпиадалық есептерді шешу тәсілдері» атты семинар ұйымдастырылды.
Қатысушыларға әр түрлі қызықты бағдарламалар ұйымдастырылды, сонымен қатар барлық қатысушыларға турнирдің логотипі салынған футболкалар және турнирге қатысқанын растайтын сертификаттар берілді.
Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің тізімі 1 қосымшада көрсетілген.
1 қосымша
Турнирдің жеке сынақ бойынша жеңімпаздары мен жүлдегерлер тізімі
І дәрежелі дипломмен:
№ | Қатысушының аты-жөні | Облысы | Сыныбы | Оқу тілі |
1 | Дружинин Алексей | Шығыс Қазақстан облысы | 4 | орысша |
2 | Козлов Тимофей | Шығыс Қазақстан облысы | 3 | орысша |
3 | Ибраимова Дария | ҰҒПББСО «БӨБЕК» | 3 | қазақша |
4 | Ведерникова Алиса | Павлодар облысы | 3 | орысша |
5 | Дулатов Данияр | Алматы қаласы | 3 | орысша |
6 | Артықбай Қасиет | Шымкент қаласы | 3 | қазақша |
7 | Выставкин Фаддей | Шымкент қаласы | 3 | орысша |
8 | Елеусіз Дархан | Республикалық физика-математикалық мектебі | 2 | орысша |
9 | Мұхаметжан Мұхаммед | Жамбыл облысы | 2 | қазақша |
10 | Жанағали Дінмұхаммед | Республикалық физика-математикалық мектебі | 2 | қазақша |
11 | Оразбек Али | ЖББҰРҚ (РАЧОО) | 2 | қазақша |
ІІ дәрежелі дипломмен:
№ | Қатысушының аты-жөні | Облысы | Сыныбы | Оқу тілі | |
1 | Мұхтар Сұлтан | Жамбыл облысы | 4 | қазақша | |
2 | Гордиенко Максим | Қарағанды облысы | 4 | орысша | |
3 | Власов Роман | Павлодар облысы | 4 | орысша | |
4 | Накоскин Владислав | Нұр-Сұлтан қаласы | 4 | орысша | |
5 | Батырбек Санжар | Республикалық физика-математикалық мектебі | 4 | қазақша | |
6 | Бердигулова Анара | Республикалық физика-математикалық мектебі | 4 | орысша | |
7 | Степанов Артемий | Қарағанды облысы | 3 | орысша | |
8 | Атымтаев Мұхамедали | Қызылорда облысы | 3 | қазақша | |
9 | Берікбай Жантас | Маңғыстау облысы | 3 | орысша | |
10 | Ерланов Бейбарс | Түркістан облысы | 3 | орысша | |
11 | Малькенов Альжан | Республикалық физика-математикалық мектебі | 3 | орысша | |
12 | Тимченко Диана | ЖББҰРҚ (РАЧОО) | 3 | орысша | |
13 | Мираев Хасан | ҰҒПББСО "БӨБЕК" | 3 | орысша | |
14 | Өмірзақ Ерасыл | Қостанай облысы | 2 | қазақша | |
15 | Титух Роман | Қостанай облысы | 2 | орысша | |
16 | Давыдова София | Түркістан облысы | 2 | орысша | |
17 | Мерзявко Андрей | Павлодар облысы | 2 | орысша | |
18 | Дарханұлы Ханкерей | Шығыс Қазақстан облысы | 2 | қазақша | |
19 | Хасенов Алихан | ҰҒПББСО "БӨБЕК" | 2 | орысша |
ІІІ дәрежелі дипломмен:
№ | Қатысушының аты-жөні | Облысы | Сыныбы | Оқу тілі |
1 | Байжанов Эрик | Алматы қаласы | 4 | орысша |
2 | Қожахан Таймас | "Назарбаев Зияткерлік мектебі" ДББҰ | 4 | қазақша |
3 | Назиров Санжар | Ақтөбе облысы | 4 | қазақша |
4 | Тусупбаев Нуржигит | Нұр-Сұлтан қаласы | 4 | қазақша |
5 | Қабыл Дінмұаммед | Шымкент қаласы | 4 | қазақша |
6 | Лебедев Платон | Ақтөбе облысы | 4 | орысша |
7 | Габаев Маджит | Алматы облысы | 4 | орысша |
8 | Ғазиз Дінмұхаммед | Қостанай облысы | 4 | қазақша |
9 | Сайлаубеков Ерасыл | Павлодар облысы | 4 | қазақша |
10 | Көпжасар Нұрислам | Шымкент қаласы | 4 | орысша |
11 | Попков Алексей | ЖББҰРҚ (РАЧОО) | 4 | орысша |
12 | Түркменбай Бермағанбет | Маңғыстау облысы | 3 | қазақша |
13 | Биғаріпов Аяділ | Нұр-Сұлтан қаласы | 3 | қазақша |
14 | Қалкен Мағжан | Республикалық физика-математикалық мектебі | 3 | қазақша |
15 | Жұмажан Дамир | Солтүстік Қазақстан облысы | 3 | қазақша |
16 | Дастанқызы Ислана | Шығыс Қазақстан облысы | 3 | қазақша |
17 | Расхан Сезім | Алматы қаласы | 3 | қазақша |
18 | Сұраған Нұртас | "Назарбаев Зияткерлік мектебі" ДББҰ | 3 | орысша |
19 | Турянский Карим | Ақтөбе облысы | 3 | орысша |
20 | Қайратқызы Айзере | Солтүстік Қазақстан облысы | 3 | қазақша |
21 | Кемал Ақан | Нұр-Сұлтан қаласы | 3 | қазақша |
22 | Мейірхан Алтай | Шымкент қаласы | 2 | орысша |
23 | Болат Нурали | "Назарбаев Зияткерлік мектебі" ДББҰ | 2 | орысша |
24 | Жанатаев Алижан | Нұр-Сұлтан қаласы | 2 | орысша |
25 | Фомичева Наталья Агнеса | Алматы қаласы | 2 | орысша |
26 | Столяров Артем | Алматы облысы | 2 | орысша |
27 | Нұрболқызы Айзере | Қызылорда облысы | 2 | қазақша |
28 | Сайлаубек Дінзухра | Маңғыстау облысы | 2 | орысша |
29 | Землянухин Давид | Шығыс Қазақстан облысы | 2 | орысша |
30 | Дүйсембай Ілияс | "Назарбаев Зияткерлік мектебі" ДББҰ | 2 | қазақша |
31 | Алибекова Мира | ЖББҰРҚ (РАЧОО) | 2 | орысша |
Командалық сынақ бойынша турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлер тізімі
Бас-жүлдемен:
№ | Команда номері | Қатысушының аты-жөні | Облысы |
1 | 25-команда | Землянухин Давид | Шығыс Қазақстан облысы |
2 | 25-команда | Козлов Тимофей | Шығыс Қазақстан облысы |
3 | 25-команда | Дружинин Алексей | Шығыс Қазақстан облысы |
І дәрежелі дипломмен:
№ | Команда номері | Қатысушының аты-жөні | Облысы |
1 | 21-команда | Мерзявко Андрей | Павлодар облысы |
2 | 21-команда | Ведерникова Алиса | Павлодар облысы |
3 | 21-команда | Власов Роман | Павлодар облысы |
4 | 29-команда | Фомичева Наталья Агнеса | Алматы қаласы |
5 | 29-команда | Дулатов Данияр | Алматы қаласы |
6 | 29-команда | Байжанов Эрик | Алматы қаласы |
ІІ дәрежелі дипломмен:
№ | Команда номері | Қатысушының аты-жөні | Облысы |
1 | 35-команда | Елеусіз Дархан | Республикалық физика-математикалық мектебі |
2 | 35-команда | Малькенов Альжан | Республикалық физика-математикалық мектебі |
3 | 35-команда | Бердигулова Анара | Республикалық физика-математикалық мектебі |
4 | 26-команда | Кемал Ақан | Нұр-Сұлтан қаласы |
5 | 26-команда | Биғаріпов Аяділ | Нұр-Сұлтан қаласы |
6 | 26-команда | Тусупбаев Нуржигит | Нұр-Сұлтан қаласы |
7 | 33-команда | Болат Нурали | "Назарбаев Зияткерлік мектебі" ДББҰ |
8 | 33-команда | Альмухамедов Даниэль | "Назарбаев Зияткерлік мектебі" ДББҰ |
9 | 33-команда | Сұраған Нұртас | "Назарбаев Зияткерлік мектебі" ДББҰ |
10 | 34-команда | Жанағали Дінмұхаммед | Республикалық физика-математикалық мектебі |
11 | 34-команда | Қалкен Мағжан | Республикалық физика-математикалық мектебі |
12 | 34-команда | Батырбек Санжар | Республикалық физика-математикалық мектебі |
ІІІ дәрежелі дипломмен:
№ | Команда номері | Қатысушының аты-жөні | Облысы |
1 | 8-команда | Мұхаметжан Мұхаммед | Жамбыл облысы |
2 | 8-команда | Әсет Диас | Жамбыл облысы |
3 | 8-команда | Мұхтар Сұлтан | Жамбыл облысы |
4 | 13-команда | Петрин Андрей | Қызылорда облысы |
5 | 13-команда | Нурлыбек Мирас | Қызылорда облысы |
6 | 13-команда | Сарыбаев Ерасыл | Қызылорда облысы |
7 | 19-команда | Исаев Мирас | Түркістан облысы |
8 | 19-команда | Ерланов Бейбарс | Түркістан облысы |
9 | 19-команда | Давыдова София | Түркістан облысы |
10 | 3-команда | Габаев Маджит | Алматы облысы |
11 | 3-команда | Тазабеков Бексұлтан | Алматы облысы |
12 | 3-команда | Столяров Артем | Алматы облысы |
13 | 11-команда | Гордиенко Максим | Қарағанды облысы |
14 | 11-команда | Степанов Артемий | Қарағанды облысы |
15 | 11-команда | Оптовка Ефим | Қарағанды облысы |
16 | 27-команда | Жанатаев Алижан | Нұр-Сұлтан қаласы |
17 | 27-команда | Накоскин Владислав | Нұр-Сұлтан қаласы |
18 | 27-команда | Ли Алексей | Нұр-Сұлтан қаласы |
«Бастау» республикалық математикалық турнирінің қорытындысы
Бүгін 2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» XV республикалық математикалық турнирі өз мәресіне жетті.
Турнирге Қазақстанның барлық облыстарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан және «Назарбаев Зияткерлік мектептерінен», республикалық физика-математикалық мектептерінен, сондай-ақ «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығынан, жеке білім ұйымдарының республикалық қауымдастық мектептерінен 117 оқушы қатысты.
Турнирдің 3 тур бойынша өткізілді:
1 тур – «Әу, баста»;
2 тур – «Асық»;
3 тур – «Математикалық бәйге».
Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте ШҚО-ның жас математиктері Бас жүлде мен Турнир Кубогын жеңіп алды.
1 орын – Павлодар облысы, Алматы қаласы;
2 орын – Нұр-сұлтан Қ. (қаз), «НЗМ» ДББҰ, РФММ (қаз/орыс);
3 орын – Жамбыл, Түркістан, Қарағанды, Алматы, Қызылорда облыстары, Нұр-Сұлтан қаласы (орыс).
Жеке есепте 1 орын – 11 оқушыға, 2 орын – 19, 3 орын 31 оқушыға бұйырды.
Құттықтаймыз!
===== WWW.DARYN.KZ =====
2-4 сынып оқушыларына арналған XV республикалық математикалық «Бастау» турнирін ұйымдастыру және өткізу туралы ақпараттық хат
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы бастауыш сынып оқушыларының математикалық қабілеттері ерекше дамыған дарынды балаларды айқындау, қолдау, математикадан білімдерін тереңдету және кеңейту мақсатында 2022 жылғы 6-10 маусым күндері аралығында бастауыш сынып оқушыларының арасында XV республикалық математикалық «Бастау» турнирін (бұдан әрі - Турнир) өткізеді.
Турнир екі кезең бойынша өтеді:
- Облыстық (іріктеу) кезеңі;
- Республикалық (қорытынды) кезеңі.
Турнирдің республикалық (қорытынды) кезеңі Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында офлайн режимде өтеді.
Республикалық кезеңге әр өңірден облыстық кезеңде 1 орын алған екі команда (бір команда - қазақ тілінде, екінші команда - орыс тілінде) қатыса алады.
Турнирге Қазақстанның барлық аймақтарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан, сондай-ақ «Назарбаев Зияткерлік мектептерінен» ДББҰ, Республикалық физика-математика мектептерінен және жеке меншік мектептердің республикалық қауымдастығынан командалар қатысады. Әр командада үш оқушыдан болуы тиіс: 4 сыныптан - 1 оқушы, 3 сыныптан - 1 оқушы, 2 сыныптан - 1 оқушы.
Турнирдің республикалық кезеңі үш тур бойынша өтеді:
1 тур – «Әу, баста!» (командалық сынақ);
2 тур – «Асық» (командалық сынақ);
3 тур – «Математикалық бәйге» (жеке сынақ).
Командалық және жеке сынақтар бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Дарын» РҒПО-ның I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Қатысушылар мен жетекшілердің іс-сапар шығындары (жатын орны мен тамақтануы тәулігіне 6000 теңге, екі жаққа жол жүру билеттері) жіберуші тараптың есебінен төленеді.
Турнирге келу күні – ағымдағы жылдың 6 маусым сағат 13.00-ге дейін, кері кету күні – а.ж. 10 маусым жабылу салтанатынан кейін.
Турнирдің ашылу салтанаты – 6 маусым сағат 15.00-де, жабылу салтанаты – 10 маусым сағат 10.00-де.
Турнирге қатысу үшін 2022 жылдың 27 мамырына дейін өңірлер өтінімді info@daryn.kz электрондық поштаға жіберу арқылы төмендегі нысанға сәйкес қатысуды растауы қажет.
(Нысан)
№ ком. | Аты-жөні | Сыныбы | Оқу тілі | Мектебі, елді мекені | Облысы | Оқушыны дайындаған жетекшінің толық аты-жөні |
Турнирді өткізу туралы ереже мен ақпараттық хат www.daryn.kz сайтында орналастырылған.
2020-2021 оқу жылы
2-4 сынып оқушыларына арналған XIV республикалық «Бастау» математикалық турнирінің қорытындысы туралы ақпарат
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2021 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес, еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсыздығына байланысты 15-19 маусым күндері аралығында онлайн режимде 2-4 сынып оқушыларына арналған XIV республикалық «Бастау» математикалық турнирін өткізгендігін хабарлайды.
Турнирдің басты мақсаты – бастауыш мектеп оқушылары арасында математикаға ерекше қабілетті дарынды балаларды анықтау, дамыту және оларға қолдау көрсету, математикадан оқушылардың білімін тереңдету және кеңейту.
Математикалық турнир бұл - математикалық білімді мектепте одан әрі жетілдіру және кіші буын мектеп оқушыларының осы пәнге деген қызығушылығын арттырудағы жүйелі жұмыстарының бірі болып табылады.
Турнирге Қазақстанның барлық облыстарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан және «Назарбаев Зияткерлік мектептерінен», республикалық физика-математикалық мектептерінен, сондай-ақ жеке білім ұйымдарының республикалық қауымдастық мектептерінен, «Бөбек» ҰҒПББСО «Өзін-өзі тану» гимназиясынан 2-4-сынып оқушылары арасында 144 қатысушы бәсекеге түсіп, 48 команда бақтарын сынады.
Турнирдің республикалық кезеңі stepik.org. платформасында онлайн режимде үш тур бойынша өткізілді:
- «Әу, баста» (командалық есеп);
- «Асық» (командалық есеп);
- «Математикалық бәйге» (ауызша жеке есеп).
Турнирдің тапсырмалары математикалық логикаға негізделеді, олар дұрыс талқылауды, дұрыс ойлауды және дұрыс шешім қабылдауды үйретеді.
Турнир командалық сынақпен және жеке сынақпен ерекшеленеді. Команда қатысушылары өздерінің ептіліктерін, ұжымшылдықтарын және командада жұмыс істей білетіндерін көрсетті. Қазірдің өзінде ерте мектеп жасындағы қатысушылар нұсқаларды бір-бірімен ұжым болып шешуге, келісуге үйренуде. Жеке сынақта қатысушылар тапсырмаларын жай ғана орындамай, оны ауызша дәлелдеді. Әр турдан кейін Турнир өткен платформада турдың нәтижелері жарияланып отырды.
Жеке сынақ бойынша 66 оқушы «Дарын» РҒПО-ның І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Оның ішінде 9 оқушы - І дәрежелі дипломға, 23 оқушы - ІІ дәрежелі дипломға, 34 оқушы – ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.
Командалық сынақтың қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған 22 команда анықталды, оның ішінде 4 команда І дәрежелі дипломдармен, 6 команда ІІ дәрежелі дипломдармен, 11 команда ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Ал ең жоғары ұпай санын жинаған жеңімпаз команда Қостанай қаласындағы №24 мектеп-гимназия Бас-жүлдемен марапатталды.
Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдарын және қатысушылар турнирге қатысқанын растайтын сертификаттарын www.daryn.kz сайтынан жүктей алады.
Командалық сынақтың жүлделі орындары:
І орынға – Жамбыл облысындағы Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясы, Павлодар облысындағы дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы, «Бөбек» ҰҒПББСО «Өзін-өзі тану» гимназиясы, ШҚО, Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназиясы ие болды.
ІІ орынды – Ақтөбе облысы Қобда ауданы, Исатай Тайманов атындағы гимназиясы, Павлодар облысындағы Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясы, Нұр-Сұлтан қаласындағы №66 мектеп лицейі, Алматы қаласындағы №140 мектеп-гимназиясы, «НЗМ» ДББҰ Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектебі, Нұр-Сұлтан қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі иеленді.
ІІІ орынды –Ақмола облысының Әл-Фараби атындағы IT лицейі, Ақтөбе қаласындағы №9 орта мектеп-гимназиясы, Қарағанды облысындағы №95 мектеп-гимназиясы, Қызылорда облысының №47 және №14 мектептері, «Бөбек» ҰҒПББСО «Өзін-өзі тану» гимназиясы, Қостанай облысындағы Горький атындағы гимназия, Шығыс Қазақстан облысының облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі, Нұр-Сұлтан қаласындағы Экономикалық лицейі, Шымкент қаласындағы №46 мектеп-лицейі, Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі иеленді.
Турнирдің жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі (1 қосымша) қоса беріледі.
2-4 сынып оқушылар арасында XIV республикалық «Бастау» математикалық турнирін өткізу туралы ақпарат
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2021 жылғы 15-19 маусым күндері аралығында 2-4 сынып оқушыларының арасында XІV республикалық «Бастау» математикалық турнирін (бұдан әрі - Турнир) өткізеді. Елдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсыздығына байланысты Турнир онлайн режимде өтеді.
Турнирдің негізгі мақсаты бастауыш мектеп жасындағы математикалық дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау, математика пәнінен бастауыш сынып оқушыларының білімін тереңдету және кеңейту болып табылады.
Турнир екі кезең бойынша өтеді:
- Облыстық (іріктеу) кезеңі;
- Республикалық (қорытынды) кезеңі.
Республикалық кезеңге әр өңірден облыстық кезеңде 1 орын алған екі команда (бір команда - қазақ тілінде, екінші команда - орыс тілінде) қатыса алады.
Турнирге Қазақстанның барлық аймақтарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан, сондай-ақ «Назарбаев Зияткерлік мектептерінен» ДББҰ, Республикалық физика-математика мектептерінен және жеке меншік мектептердің республикалық қауымдастығынан командалар қатысады. Әр команда үш оқушыдан болуы тиіс: 4 сыныптан - 1 оқушы, 3 сыныптан - 1 оқушы, 2 сыныптан - 1 оқушы.
Турнирдің республикалық кезеңі үш тур бойынша өтеді:
1 тур – «Әу, баста!» (командалық сынақ);
2 тур – «Асық» (командалық сынақ);
3 тур – «Математикалық бәйге» (жеке сынақ).
Командалық және жеке сынақтар бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Дарын» РҒПО-ның I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Турнирге қатысу үшін өтінімді 2021 жылдың 1 маусымына дейін мына электрондық поштаға info@daryn.kz төмендегі формада толтырып жіберу қажет.
№ команда | Аты-жөні | Сыныбы | Оқу тілі | Мектебі, елді мекені | Облысы | Жетекшінің аты-жөні және лауазымы, байланыс нөмірі электрондық почтасы |
Турнир өткізу туралы Ереже www.daryn.kz сайтында орналастырылған.
2021 ЖЫЛҒЫ 15-19 МАУСЫМ АРАЛЫҒЫНДА ОНЛАЙН РЕЖИМІ АРҚЫЛЫ 2-4 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА «БАСТАУ» ХІV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТУРНИРІ БАСТАЛАДЫ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығы бастауыш сынып оқушыларының математикалық қабілеттері ерекше дамыған дарынды балаларды айқындау, қолдау, математикадан білімдерін тереңдету және кеңейту мақсатында 2021 жылғы 15-19 маусым күндері аралығында бастауыш сынып оқушыларының арасында XІV республикалық математикалық «Бастау» турнирін (бұдан әрі - Турнир) өткізеді. Елдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсыздығына байланысты Турнир Республикалық физика-математика мектебінің базасында онлайн режимде өтеді.
Турнир екі кезең бойынша өтеді:
- Облыстық (іріктеу) кезеңі;
- Республикалық (қорытынды) кезеңі.
Республикалық кезеңге әр өңірден облыстық кезеңде 1 орын алған екі команда (бір команда - қазақ тілінде, екінші команда - орыс тілінде) қатыса алады.
Турнирге Қазақстанның барлық аймақтарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан, сондай-ақ «Назарбаев Зияткерлік мектептерінен» ДББҰ, Республикалық физика-математика мектептерінен және жеке меншік мектептердің республикалық қауымдастығынан командалар қатысады. Әр команда үш оқушыдан болуы тиіс: 4 сыныптан - 1 оқушы, 3 сыныптан - 1 оқушы, 2 сыныптан - 1 оқушы.
Турнирдің республикалық кезеңі үш тур бойынша өтеді:
1 тур – «Әу, баста!» (командалық сынақ);
2 тур – «Асық» (командалық сынақ);
3 тур – «Математикалық бәйге» (жеке сынақ).
Командалық және жеке сынақтар бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Дарын» РҒПО I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Турнирге қатысу үшін өтінімді 2021 жылдың 1 маусымына дейін мына электрондық поштаға info@daryn.kz төмендегі формада толтырып жіберу қажет.
№ команда | Аты-жөні | Сыныбы | Оқу тілі | Мектебі, елді мекені | Облысы | Жетекшінің аты-жөні және лауазымы, байланыс нөмірі электрондық почтасы |