Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2024 жылғы іс-шаралар жоспарын сәйкес 29-31 қаңтар күндері Атырау облысы мамандандырылған мектептер базасында «Ұлттық құндылықтарға заманауи көзқарас және үздік тәжірибе» тақырыбындағы республикалық оқу – әдістемелік кеңесі өтті.
Семинар мақсаты: еліміздің интеллектуалды элитасы жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды қазіргі таңның мәдени жетістіктерімен байланыстыра оқыту нәтижесінде инновациялық тәжірибелерді тарату.
Семинарға ҚР Оқу-ағарту министрлігі, облыстық, Астана және Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармаларының, ЖОО-ның, БАҚ өкілдері, мамандандырылған білім беру ұйымдарының басшылары және аймақтық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталықтарының директорлары, барлығы 100 ден астам қызметкерлер қатысты.
Семинарда қарастырылған мәселелер:
- Қазақстанның білім беру жүйесіндегі басым бағыттарының бірі құндылыққа негізделген білім берудің әртүрлі аспектілері негізінде сапалы білім мен тәрбие берудің мүмкіндіктері арқылы жеке тұлғаның әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін қолайлы білім беру ортасындағы жұмыстарды жақсарту;
- білім алушыны құндылықтар негізінде оқыту және тәрбиелеу, жаңа заман талабына сай тұлғаның мәдениетін, әдебін қалыптастыру, қоғам өміріне бейімдеу, кәсіпті, мамандықты саналы түрде таңдау, отансүйгіштікті дарыту;
- ұлттық құндылықтарға негізделген білім мен тәрбиені оқу процесіне енгізу.
Семинардың пленарлық бөлімінде «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары Каркулова Айгуль Акимгереевна, Атырау облыстық білім басқармасының басшысы Сламбеков Ерлан Талғатбекұлы құндылықтар негізінде оқыту және тәрбиелеу, жаңа заман талабына сай тұлғаның мәдениетін, әдебін қалыптастыру, қоғам өміріне бейімдеу, кәсіпті, мамандықты саналы түрде таңдау, отансүйгіштікті дарыту тақырыптарында ой бөлісті.
Атырау облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназиясында «Ұлттық құндылықтар – ұлттық білім ордасының инновациялық моделі» атты семинары өтті.
Семинарда жаратылыстану пәндерін цифрлық трансформациялауда жаңа платформалар таныстырылды. Құндылықтар шеруі: тарих, дәстүр, тағылым бағытында оқушылар батыр Махамбет Өтемісұлын, ақын Абай Құнанбаевты, Ахмет Байтұрсыновты сомдай отырып, өскелең ұрпақты оқу-білімге, патриотизмге тәрбиелейді.
Unpacking: оқушылар шығармашылығында оқушылардың қолымен жасалған қолөнер туындылары көрсетіліп, ұлттық ойындар ойнатылды. Ұлттық Білім ордасындағы қосымша білім беру жұмысы көрсетілді.
Семинар «Заманауи сабақ: цифрлық келешек және ұлттық мүдде» айдарымен заманауи сабақтарға жалғасты. Құндылықтарға бағытталды қазақ тілі мен әдебиеті, химия, математика пәндері бойынша сабақтар жүргізілді.
№1 «Білім-инновация» лицей-интернатында «Құндылықтарға негізделген білім беру» семинары өткізілді. Семинар барысында қонақтарға шебер-сабақтар көрсетіліп, ата-аналармен бірлесіп жұмыс жасаудың маңызды жүйесі таныстырылды. Сонымен қатар, қатысушылар мектептің Технопарк бөлімінде Virtual Rtality құрылғысын сабақта қолданудың әдіс-тәсілдерімен, робототехника кабинетімен танысты. Мектептің оқушыларға кәсіби бағдар бойынша беру бағдарламасы көрсетілді. Сонымен қатар, мектептің түлектер қауымдастығының жұмыс процесімен, үйірмелер жұмысымен (media, cookinq club, dombyra) таныстырылым өткізілді.
Семинардың екінші күні Атырау облысы №3 « Білім инновация лицей-интернатында» жалғасты. Семинар қатысушылары топтарға бөлініп, «Ұлттық өнер – ұрпаққа мұра» атты қолөнер көрмесін, «Ұлт тарихындағы ұлы тұлғалар» тақырыбына жасақталған жанды мұражайды, «Ұлттық мәдениет және технология» атты робототехника көрмесін тамашалады. Көрмелердің бірі ұлт тарихынан сыр шертсе, бірі ұлттық мәдениетімізді дәріптеді, сонымен қатар инновациялық технологиямен де сабақтасты. №3 «Білім-инновация лицей-интернатының», Ж.Досмұхамедов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған лицейі мен Ж.Молдағалиев атындағы мамандандырылған мектеп-лицейінің мұғалімдері оқу мақсатымен ұлттық құндылықтарды ұштастыра отырып, қатысушыларға ықшам сабақтар үлгісін көрсетті.
Ж.Молдағалиев атындағы мамандандырылған мектеп-лицейінің мұғалімдері «Киіз үйдегі кеңістік- қазақ дүниетанымының тоғысқан жері» атты кіріктірілген (физика, математика, қазақ тілі) сабақтарында қазақ халқының ұлттық рухани құндылығы болып саналатын киіз үй бүгінгі күні мұражайдан ғана көрініс табатын экзотикалық дүниеге айналғандығын, экологиялық тұрғыдан таза, бағасы қолжетімді, көшіп-қонуға қолайлы киіз үйдің заманауи үлгісін математика және физика ғылымдарын қолдана отырып, ұсынды.
«Парасатты ұрпақ – ұлт болашағы» бөлімінде оқу-ісі жөніндегі орынбасары А.С.Елтаева лицейдің оқу-тәрбие үрдісімен таныстырып, оқушылардың жетістіктерін атап көрсетті. Лицей мұғалімі Н.Е.Токкулиева «Құндылықтар және оны іске асыру жоспары» тақырыбында сабақтар мен сынып сағаттары аясында құндылықтарды дәріптеу жолдарымен бөлісті.
Ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында Нұрғиса Тілендиев атындағы мектеп-гимназия – интернатының дарынды балалар мектебіндегі «Көркем сурет» мамандығы бойынша тереңдетіліп оқытылатын «Кескіндеме», «Өндірістік графика және Дизайн» , «Қолөнер», «Тоқыма», «Мүсін» және «Киім пішу және тігу» мамандықтарының шеберлік сабақтары арқылы оқушылардың сабақ барысындағы пәнаралық байланысы мен оқудағы үрдістің ерекшеліктерін оқушылардың жұмыстары ұсынылған көрме ұйымдастырылды. Бұл семинар – оқу үрдісі кезіндегі заманауи өнер талаптарын ұстана отырып, орта білімдегі тарих, математика, қазақ әдебиетіндегі тақырыптық және практикалық байланыстарының негізінде заман талабына сай өнер туындыларымен қатар, жаңа толқындағы дарынды және болашақ зияткерлер ортасын қалыптастыру бағытында ұйымдастырылған шара болды.
Семинар соңында кері байланыс жасалып, қатысушылардың берген ұсынымдары:
-мамандандырылған білім беру ұйымдарында білім беру мен тәрбиелеу үдерісін іске асыру бойынша жұмыстарды жалғастыру және одан әрі жетілдіру;
– жаңа білім беру философиясы аясында адами капиталды дамытудың факторы ретінде құндылықтарға негіздей отырып білім берудің инновациялық идеяларын дамыту;
– білім беру ортасын дамытуда шетелдік және отандық тәжірибелерді кіріктіру, білім ұйымдарының шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасуына ықпал ететін халықаралық байланысты дамыту;
– қазіргі заманғы жаңа теориялар мен тәрбиелеудің басым бағыттарын дамытуға қатысты зерттеулердің нәтижелерін білім беру ұйымдары тәжірибелерінде тиімді қолдану;
– білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысының даму бағдарламасын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
– халқымыздың тарихи-мәдени мұрасын және ұлттық құндылықтарын, заманауи ұлттық тәрбие идеалы негізінде балалар мен жастарды рухани-адамгершілік, париоттық және азаматтық тәрбиелеудің негізіндегі әдіс-тәсілдерді жетілдіру;
– аталған мәселелерді республикалық форумдар, республикалық конференциялар, семинарлар, онлайн-семинарлар, вебинарларда өзектілігін арттыру;
– семинар қорытындысы бойынша жинақ шығару.
Оқу-әдістемелік кеңесінің қорытындысы негізінде ұсынымдар құндылыққа негізделген білім берудің әртүрлі аспектілері негізінде сапалы білім мен тәрбие берудің мүмкіндіктерін бейнелейді. Кеңеске қатысушылар жоғарыдағы бағыттар мен ұсынымдар бойынша жұмысты белсендіру тың идеялар мен бастамаларға жаңаша серпін беретіндігіне сенеді.